12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

БЕТПЕРДЕ ЖОҚ. НЕГЕ?

Әзiрге бұл сауалға тиiстi сала басшыларының берер жауабы жоқ.

Қазiр жұрт бiр-бiрiне телефон шала қалса, қай дәрiханада бетперде бар екен деп сұрастырып жатады. Әншейiнде ешкiмге керегi жоқтай көрiнетiн сол бетперде  шынымен зәру затқа айналғанына көз жеткiзу үшiн алысқа ұзамай-ақ өзiм тұратын  Әуезов ауданындағы «Ақсай-1», «Ақсай-3» ықшамаудандарындағы Төле би мен  Момышұлы көшелерiнiң қиылысындағы «Евроаптека», «Аптека» дәрi-дәрмек  көтерме сауда орталығына, «Ақсай»  базарына iргелес орналасқан «Эконом» және «24 плюс» дәрiханаларына барып,  медициналық бетперде сұрағанбыз. Бiрақ аталған дәрiханалардың барлығының  кiреберiсiнде «Маски нет» деп жазылып қойған. Соған қарамастан, дәрiханашылардан оның себебiн сұрауға тырысқанбыз. Олар: «Бiз бiлмеймiз, тапсырысты дәрiхананың иелерi бередi, бiздiң оған қатысымыз жоқ, ал  басшылардың аты-жөндерiн олардың рұқсатынсыз ешкiмге бере алмаймыз» дегеннен аса алған жоқ.

Сонда, баспасөз мәслихатын өткiзiп, «халыққа бетперде жеткiлiктi, күнiне қала дәрiханаларында 400 мыңнан аса бетперде сатылады, бiр адамға 10 бетпердеден артық берiлмейдi», деп мәлiмдеген қалалық Тауарлар мен қызметтердiң бағасын бақылау департаментi өкiлiнiң қала  дәрiханаларындағы жағдайлардан хабарсыз болғаны ма? Қала дәрiханаларында медициналық бетперде жоқ. Арнайы құрылған штаб мүшелерi тексере қалғанда дәрiхана иелерi тығып қойған бетперделерiн шығарып, оларды «бетперде  жеткiлiктi» деп сендiрiп қоймаса, жалпы дәрiханаларда бетперденiң жоқтығы рас. Оны мен ғана емес, бетперде iздеп таба алмаған оқырмандар да растайтын болар.

Айтпақшы, осы дүйсенбiден бастап кейбiр дәрiханаларда жұп-жұқа қағаздан жасалған, үш қатар етiп сырылып тiгiлген қағаз бетперделер пайда болыпты. Ол екi-үш сағат тағып жүру тұрмақ, жiбiнен тартып құлағыңызға iлгенше жыртылып кететiндей көрiндi. Соған қарамастан, бағасы да әжептәуiр өзiнiң, 80 теңге.

Дәрiгер мамандар «сау адамға бетперде киюдiң қажетi жоқ» дейдi. Әншейiнде ауа тамшылары арқылы жедел жұғады дейтiн «ЖРВИ-ден сақтанудың бiрден-бiр жолы – медициналық бетперде кию» деп ақыл-кеңес беретiн жұқпалы аурулар дәрiгерлерi COVID-19-ға келгенде ол кеңестерiнен неге бас тартты? Бiздiң бiлуiмiзше, елiмiзде сол бетперденi тiгетiн шикiзат көзi де жоқ көрiнедi. Денсаулық сақтау министрлiгi өкiлдерiнiң сөзiне қарағанда, қазiр сол шикiзат алатын жерлердi қарастырып жатқан сияқты. Ақпарат көздерiнiң деректерiне қарағанда, қазiрге тапсырыс берген 16 миллион медициналық бетперденiң 7,5 миллионы ғана жеткен сыңайлы. Пәлекеттiң бетi аулақ, коронавирус бiздi айналып өтсiн, дегенмен қауiптiң алдын алу үшiн бiзге жалған ақпарат емес, нақты iс-әрекеттер қажет. Қазiр қаламызда арнайы штаб құрылған. Штаб мүшелерi қаламыздағы күнделiктi жағдайды қадағалау үстiнде. Ауруханалар мен емханаларда, оқу орындары мен мектеп, балабақшаларда арнайы оқшаулау бөлiмдерi құрылып, олар тиiстi қауiпсiздiк құралдарымен, алдын алуға көмек беретiн дәрi-дәрмекпен қамтамасыз етiлген.

Ең бастысы, халықпен тығыз жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау саласының қызметкерлерi, жолаушылар тасымалына жауапты мекемелер мен ұйымдар, шекара қызметкерлерi бетпердемен қамтамасыз етiлген. Ал әзiрге мамандар «жеке бас тазалығын сақтаңыздар, қандай да бiр өзiңiзге белгiсiздеу ауру белгiлерi байқала қалса, шұғыл дәрiгерге барыңыздар» деген ақыл-кеңес бередi.

№206 бағыттағы автобусқа отырғанмын. Көлiкке он жас шамасындаѕы қыз бала кiрдi. Аузы мен мұрнын ақ матадан тiгiлген бетпердемен жауып алыпты. «Сақтансаң, сақтаймын» деген ғой, аурудың аты ауру, оның қайдан сап ете қалатынын бiлмегендiктен қандай жолмен болсын сақтанғанымыз жөн. Құс тұмауы, шошқа тұмауы деген пәлекеттерден аман шыққан қазақты коронавирус та айналып өтсiн деп тiлейiк.

 

Балнұр ЖУМАДІЛЛӘ,

Халықаралық Ақпараттық Технологиялар университеті

Журналистика факультетінің 1 курс студенті

МЕДИКИ В ЗОНЕ РИСКА

ДЕПАРТАМЕНТ ПО ПРОТИВОДЕЙСТВИЮ КОРРУПЦИИ ПО АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ И РЕГИОНАЛЬНОЕ...

КОРЕЙСКАЯ КУЛЬТУРА – ДЛЯ ВСЕХ

СО ДНЯ ОСНОВАНИЯ ДОМА ДРУЖБЫ В РАБОТУ АКМОЛИНСКОЙ АССАМБЛЕИ...

«Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ректоры бос лауазымына конкурс жарияланды

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ректоры бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Объявлен конкурс на занятие вакантной должности ректора республиканского государственного учреждения «Казахский национальный университет искусств»

Министерство культуры и информации Республики Казахстан объявляет конкурс на занятие вакантной должности ректора республиканского государственного учреждения «Казахский национальный университет искусств» Министерства культуры и информации Республики Казахстан.

ДОБРОВОЛЬЦЫ-РОМАНТИКИ

Одним из лучших способов проявить себя в благородном деле,...