12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Мұғалімдер күні – түлек пен ұстаздың кездесуі

Кәсіби мереке – Мұғалімдер күніне орай №20 мекеменің жеке құраммен жұмыс жөніндегі бөлімінің аға инспекторы, әділет майоры Ілияс Қапашев өзі оқыған №19 мектептің табалдырығын аттады. Бұл кездесудің ерекше себебі – өзінің алғашқы ұстазы әрі сынып жетекшісі, география пәнінің мұғалімі Назгүл Қалқаманқызы Төлеубекованы жеке құттықтау болды.

Жылы жүздесу мектеп жылдарындағы естеліктермен, өмірлік жолға азық болған баға жетпес тәлім-тәрбиеге деген алғыспен өрбіді. Өз сөзінде әділет майоры дәл Назгүл Қалқаманқызының қамқорлығы мен қолдауы арқасында мектеп өмірі жарқын әрі тұлғалық қалыптасудың маңызды кезеңіне айналғанын атап өтті.

Мұғалім – болашақтың іргетасын қалап, елге қызмет етуге дайын азаматтарды тәрбиелейтін жандар. Бұл күні айтылған ризашылық пен құрмет сөздері ұстаз бен шәкірт арасындағы мәңгілік байланыстың белгісіне айналды.

Мектеп ұжымын құттықтай отырып, І. Қапашев мұғалім мамандығы – ең асыл да қадірлі мамандықтардың бірі екенін ерекше атап өтті. Себебі дәл мектеп қабырғасында арман туып, құндылықтар қалыптасып, мінез-құлық шыңдалады.

Мемлекеттік тілдің сот жүйесіндегі стратегиялық маңызы

Мемлекеттік тілдің сот жүйесіндегі стратегиялық маңызы. «Заң және тәртіп»...

Тоқаев Қызылорда облысы әкімін мақтады

Ұлттық құрылтай отырысында сөз сөйлеген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев...

Апостиль қою рәсімі – халықаралық құқықтық қатынастардағы сенімділік кепілі

Қазіргі жаһандану жағдайында халықаралық құқықтық қатынастардың ауқымы кеңейіп, азаматтар...

Кассациялық сот – заң үстемдігі мен сот тәжірибесінің бірізділігін қамтамасыз ететін жоғары саты

Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекетті қалыптастыру жолындағы басты қағидаттардың бірі...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – әділ қоғам құрудың негізгі факторы

Қазіргі кезеңде сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының...