12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Коронавирус қайта күшейді – Үкімет жаңа шектеу шараларын қабылдамақ

Қазақстанда коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның төрағасы Ералы Тоғжанов індеттің ушығуына байланысты қандай шешім қабылданатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Премьер-министрдің орынбасары ведомствоаралық комиссияда барлық маңызды мәселе қаралатынын жеткізді. Атап айтқанда, вакцинация шаралары күшейтіледі.

«Әзірше, шектеу мәселесін көтеріп жатқан жоқпыз. Бірақ вакцинацияны күшейту бойынша нақты шешімдер қабылданады», — деді Тоғжанов журналистерге берген сұхбатында.

Осы орайда вице-премьер коронавирусты жұқтыру көрсеткішінің екі қалада өсіп жатқанын еске салды. Ол – Алматы мен Нұр-Сұлтан.

«Осы екі қалаға шетел азаматтары да, өз адамдарымыз көп келеді. Әуе байлынысы да көп», — деп атап көрсетті Тоғжанов.

Айта кетсек, денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа шалдығу көрсеткішінің өскенін хабарлады.

Ресми мәліметке сәйкес, осы аптада алдыңғы аптамен салыстырғанда аурушаңдық 3,6 есеге — 127-ден 457 жағдайға дейін артқан. Соның басым бөлігі Алматы және Нұр-Сұлтанда тіркелген. Екі қалада барлығы 391 науқас (85%) анықталды.

1 желтоқсаннан бастап заң бұзған жүргізушілер айыппұл төлейді

Қазақстанда 1 желтоқсаннан бастап қысқы шиналарсыз жолға шығу заңбұзушылық...

Аида Балаева Премьер-Министрдің орынбасары болып тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Аида Балаева Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары...

Бүгін еліміздің 11 қаласында ауа сапасы нашарлайды

«Қазгидромет» РМК бүгінге, 1 желтоқсанға арналған ауа сапасы болжамын...

Тәуелсіздік күніне орай қалай демалатынымыз белгілі болды

Тәуелсіздік күніне орай қалай демалатынымыз белгілі болды, - деп...

Президент Конституцияға енгізілетін түзету өте көп болуы мүмкін екенін айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл әкімдерінің диалог платформасында сөз сөйледі.