12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Келесі Президент билік ету мерзімін өзгерте алмайды — министр

Елдің келесі президенті де, Парламенттің жаңа құрамы да президенттік өкілеттік мерзімін және Мемлекет басшысын қайта сайлауға салынған тыйымды өзгерте алмайды. Бұл туралы әділет министрі Қанат Мусин мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Президенттің өкілеттік мерзімі 7 жыл және президент тек бір рет сайлануы мүмкін деген Конституцияның ережесі өзгермейді. Келесі президент те, кейінгі Парламент те бұл нормаларды өзгерте алмайды», — деп түсіндірді Мусин.

Ол Конституцияда, 94-бапта, 1-ескертпеде өзгермейтін нормалар жазылатынын түсіндірді. Онда елдің аумақтық тұтастығы, Қазақстанның егемендігі, басқару нысаны туралы ережелер жазылған. Енді мұнда президенттік өкілеттік мерзіміне қатысты түзетулер енгізіледі.

«Бұл норманы өзгерту мүмкін емес. Бұл норманың өзгермеуін Конституциялық сот қадағалайды. Бұл Конституциялық соттың құрамына байланысты болмайды», — деп түсіндірді министр.

Сонымен қатар, ол елорданың атауын кейін өзгертуге болатынын атап өтті.

Еске салайық, бұған дейін Президент мандатын неге 7 жылға ұзарту ұсынылғаны хабарланған болатын.

Алматыда «Сириус» мектебі мен білім беру орталығының іргетасын қалау рәсімі өтті

Алматыда «Сириус» білім беру орталығымен ынтымақтастық аясында I Таланттар...

Экологиялық қылмыстар жазасы қатаң 

Экологиялық қылмыстық құқық бұзушылықтар Қылмыстық кодекстің 13-тарауымен бекітілген. Осы...

Правительство намерено пересмотреть подушевое финансирование в сферах образования и здравоохранения

Правительство Казахстана начало системный пересмотр механизмов государственно-частного партнёрства в...

Аида Балаева: Білім мен медицинадағы қаржыландыру жүйесі әділ әрі ашық болуға тиіс

Мемлекет басшысы таяуда «Түркістан» газетіне берген сұхбатында білім беру...