Алаңсыз демаламын деп алданып қалмаңыз |

Алаңсыз демаламын деп алданып қалмаңыз

Авторлық турлар дегеніміз не? Олардың ерекшелігі неде, пакет турлардан ерекшелігі қайсы? Осы сияқты жан-жақты жарнамаланған қызықты ұсыныстарға сенуге бола ма, құйтырқылық пен қауіпті қай жерден күту керек? Жеке «лакшери» турларды таңдай отырып, неден сақтану қажет?

Соңғы уақытта саяхатшылармен әртүрлі экзотикалық елдерге жасалатын травел қауымдастықтар немесе саяхатшылар клубы деп аталатын түрлі авторлық саяхаттар көбейіп кетті. Бұл нұсқа қазір белсенді түрде дамып келе жатыр және қауымдастықтар мен компаниялар өздерімен алыс шетелге саяхатқа шақыруда.
Аталмыш саяхаттың жалғыз басымдығы – жаппай емес, жеке саяхат жасау. Сол себепті, бір қарағанда қауіпсіз көрінетін саяхатқа келісер алдында барлық жағын таразылауды, сосын барып авантюраларға толы, өзіне белгісіздікті және тұрақсыздықты жасыратын күмәнді саяхатқа келісуге шешім қабылдауды ұсынамыз. Мұндай ұсынысқа келісер алдында есіңізде сақтауға тиіс ең маңызды нәрсе – бұндай бизнестің заңсыздығы. Дәл солай. Оны қалай атасаңыз да, ол бизнес. Гид сізге қызмет көрсетеді, ал сіз баратын елде, әсіресе, Оңтүстік Шығыс Азияда авторлық турлар заңсыз болып саналады. Сонымен қатар, сізді күтіп тұрған екінші басты қауіп – интернет алаяқтар. Ұмытылмас авторлық турларды ұсынатындар сүйкімді және тартымды бойжеткен немесе келбеті келісті жас жігіт бейнесінде сізге ертегі әлеміне саяхаттың керемет бағдарламасын ұсынып, қалың қалтаңызды қағып кетуге дайын тұрған алаяқтар болып шығуы мүмкін. Алдымен көзге түсетіні – саяхаттың сондай
түрінің қолжетімділігі, өзге елде бірнеше рет болған адаммен саяхаттайтыныңыз. Ең күшті нұсқа секілді. Бірақ, ондай саяхат өзімен бірге қауіптерді және зияндарды жасыруы ғажап емес. Мысалы, авторлық турлар – бұл соқыр тәуекелге салыну деген сөз, нақты және пысықталған маршруттар жоқ, ұсынып отырған тарап құқықсыз шеңберде жұмыс істейді, бөтен елде төтенше жағдайлар туындаған жағдайда сізге растайтын құжаттар мен фискалды чектерді ұсынбайды, одан ешкім сақтандырылмағаны мәлім.
Егер сіздің қонақүйдегі брондарыңыз аяқасты алынып тасталса және ұшақ немесе басқа көліктің билеті күшін жойса, бұндай жағдайда саяхатшының мәселелері авторлық тур тарапынан қалай шешіледі? Ал, егер сақтандыру жағдайы туындаса, сізге медициналық шығындарды кім төлейді немесе өтейді? Әрине, мұндай ауыр жүк тек сіздің
мойныңызға артылады Тағы бір ыңғайсыз нәрсе – осындай турлардың авторлары әрқашан саяхаттың ең арзанын іздейді, сол себепті, ұшу күндері үнемі ауысып тұруы мүмкін, ол сондай ыңғайсыз екеніне келісетін шығарсыз. Демек, кейбір қандастарымыз турға авиаұшу
құнын қоспайды, оны баға динамикасымен түсіндіреді. Сондықтан, сіздің тур алдында ұсынылған төмен бағадан анағұрлым қымбат болып шығуы әбден мүмкін. Сол себепті алаяқтарға жем болып, босқа алданып қалып жүрмеңіз.
Егер қандай да бір себептермен сіз жоспарланған саяхатқа ұшудан айнып қалсаңыз, ақшаны сіздің орныңызға біреуді тапқанға дейін немесе өзіңіз біреуді тапқанша қайтармайды. Егер орныңызға біреуді таппасаңыз, ақшаңыз күйіп кетті дей беріңіз. Шынымен солай болады, өйткені, мұндай «мерзімі өтейін деп тұрған» турларға аяқ астынан келісетін адам өте аз, тек түңілген адамдар ғана тәуекелге баруы мүмкін, оның өзінде ондай адамдарды тез арада таба қою өте қиын. Тағы бір маңыздысы, осыған ұқсас жеке тур авторлары белгілі өмірлік тәжірибелеріне ғана сене алады, саяхат жасайтын елдегі ахуал күнде өзгеретінін ескермейді. Авторлар көптеген ерекше жағдайлар туралы бейхабар, сол себепті, турларды ұсынып отырған елдерде көп уақыттан бері болған-болмағанын ескерген жөн. Ол да қауіп
төндіреді. Айтпақшы, қазір авторлық турларға шақыратын, insta-турлар жасайтын блогерлер пайда болды. Барлық авторлық турда адамдар тек өз тәжірибесіне сүйенетінін, ешқандай тексерілген туристік фирмалар мен компаниялардың кәсібилігіне тең келмейтінін қайталап айтқымыз келеді.
Осыған ұқсас турларда құнға не кіріп, не кірмейтініне назар аударған жөн. Жиі көрсетілген баға ештеңені жаппайды. Қандай қосымша шығындар бар екенін қарап, басқа компаниялармен бағаны салыстыру керек. Қауымдастық саяхаттарының тарихына, пікірлерге, жауаптарға, ұйымдастырушылармен байланыс қаншалықты орнатылғанына ерекше назар аударған абзал. Бірақ, егер турпакетті тексерілген және нарықта ұсынылған туроператорлардан сатып алсаңыз, жоғарыда аталған мәселелер сізді мазаламайтын болады. Әсіресе, Қазақстан аумағында туристік жолдама алатын компания «Туристік Қамқор» корпоративтік қорының мүшесі екенін мұқият тексеріп алғаныңыз жөн. «Туристік Қамқорға» мүше емес турфирмалар өз қызметін заңсыз жүзеге асыратынын ұмытпаңыз, олар белгілі мәселелер туындаған жағдайда шетелдегі демалыс уақытында сіздің қауіпсіздігіңізге кепіл бола алмайды. Ондай жағдайда барлық тәуекелдер сіздің өзіңізге жүктеледі. Турдың аталған түрінің тұрақсыздығының айқын дәлелі, өткен жылы Астана тұрғыны «инстаграм» арқылы Жапонияға осыған ұқсас авторлық тур қызметтерін пайдаланды. Дегенмен, күншығыс еліне туроператордың өзі емес, осы елге алғаш рет барған үшінші тұлға – жас қыз серік болды. Жапонияға келісімен тиісінше барлық тараптарда сан алуан проблема туындай бастайды, трансферден бастап төленбеген қонақүйге дейін. Ең бастысы, сіз турагенттен туркодты талап
етіңіз. Өйткені, туркод – сіздің шетелдегі қауіпсіз демалысыңыздың кепілі. Енді туркодтың не екеніне тоқталайық. Туркод 11-13 әріп-цифрлық символдан тұрады (шығу еліне қарай). Ол әр жолдаманы ресімдеген кезде автоматты түрде беріледі. Бұл код әр турист үшін бірегей болып табылады. Шұғыл жағдай туындаған кезде турист Қормен байланысқа шығады, өз туркодының нөмірін хабарлайды және алдағы 24 сағат ішінде жедел көмек күтеді.
Шығу туризмі саласында Қазақстан азаматтарының құқықтарына кепілдік беру жүйесі пайда болған сәттен бастап жүйе басқарушысы – «Туристік Қамқор» корпоративтік қоры (КҚ) шетелге демалуға шыққан қазақстандықтар үшін 630 мың туркод берді және олардың барлығы шетелде алаңсыз демалып, аман-есен елге оралғанын айта кету керек.
«Туристік Қамқор» корпоративтік қорының баспасөз қызметі

Pin It on Pinterest