Соңғы уақытта саяхатшылармен әртүрлі экзотикалық елдерге жасалатын травел қауымдастықтар немесе саяхатшылар клубы деп аталатын түрлі авторлық саяхаттар көбейіп кетті. Бұл нұсқа қазір белсенді түрде дамып келе жатыр және қауымдастықтар мен компаниялар өздерімен алыс шетелге саяхатқа шақыруда.
Аталмыш саяхаттың жалғыз басымдығы – жаппай емес, жеке саяхат жасау. Сол себепті, бір қарағанда қауіпсіз көрінетін саяхатқа келісер алдында барлық жағын таразылауды, сосын барып авантюраларға толы, өзіне белгісіздікті және тұрақсыздықты жасыратын күмәнді саяхатқа келісуге шешім қабылдауды ұсынамыз. Мұндай ұсынысқа келісер алдында есіңізде сақтауға тиіс ең маңызды нәрсе – бұндай бизнестің заңсыздығы. Дәл солай. Оны қалай атасаңыз да, ол бизнес. Гид сізге қызмет көрсетеді, ал сіз баратын елде, әсіресе, Оңтүстік Шығыс Азияда авторлық турлар заңсыз болып саналады. Сонымен қатар, сізді күтіп тұрған екінші басты қауіп – интернет алаяқтар. Ұмытылмас авторлық турларды ұсынатындар сүйкімді және тартымды бойжеткен немесе келбеті келісті жас жігіт бейнесінде сізге ертегі әлеміне саяхаттың керемет бағдарламасын ұсынып, қалың қалтаңызды қағып кетуге дайын тұрған алаяқтар болып шығуы мүмкін. Алдымен көзге түсетіні – саяхаттың сондай
түрінің қолжетімділігі, өзге елде бірнеше рет болған адаммен саяхаттайтыныңыз. Ең күшті нұсқа секілді. Бірақ, ондай саяхат өзімен бірге қауіптерді және зияндарды жасыруы ғажап емес. Мысалы, авторлық турлар – бұл соқыр тәуекелге салыну деген сөз, нақты және пысықталған маршруттар жоқ, ұсынып отырған тарап құқықсыз шеңберде жұмыс істейді, бөтен елде төтенше жағдайлар туындаған жағдайда сізге растайтын құжаттар мен фискалды чектерді ұсынбайды, одан ешкім сақтандырылмағаны мәлім.
Егер сіздің қонақүйдегі брондарыңыз аяқасты алынып тасталса және ұшақ немесе басқа көліктің билеті күшін жойса, бұндай жағдайда саяхатшының мәселелері авторлық тур тарапынан қалай шешіледі? Ал, егер сақтандыру жағдайы туындаса, сізге медициналық шығындарды кім төлейді немесе өтейді? Әрине, мұндай ауыр жүк тек сіздің
мойныңызға артылады Тағы бір ыңғайсыз нәрсе – осындай турлардың авторлары әрқашан саяхаттың ең арзанын іздейді, сол себепті, ұшу күндері үнемі ауысып тұруы мүмкін, ол сондай ыңғайсыз екеніне келісетін шығарсыз. Демек, кейбір қандастарымыз турға авиаұшу
құнын қоспайды, оны баға динамикасымен түсіндіреді. Сондықтан, сіздің тур алдында ұсынылған төмен бағадан анағұрлым қымбат болып шығуы әбден мүмкін. Сол себепті алаяқтарға жем болып, босқа алданып қалып жүрмеңіз.
Егер қандай да бір себептермен сіз жоспарланған саяхатқа ұшудан айнып қалсаңыз, ақшаны сіздің орныңызға біреуді тапқанға дейін немесе өзіңіз біреуді тапқанша қайтармайды. Егер орныңызға біреуді таппасаңыз, ақшаңыз күйіп кетті дей беріңіз. Шынымен солай болады, өйткені, мұндай «мерзімі өтейін деп тұрған» турларға аяқ астынан келісетін адам өте аз, тек түңілген адамдар ғана тәуекелге баруы мүмкін, оның өзінде ондай адамдарды тез арада таба қою өте қиын. Тағы бір маңыздысы, осыған ұқсас жеке тур авторлары белгілі өмірлік тәжірибелеріне ғана сене алады, саяхат жасайтын елдегі ахуал күнде өзгеретінін ескермейді. Авторлар көптеген ерекше жағдайлар туралы бейхабар, сол себепті, турларды ұсынып отырған елдерде көп уақыттан бері болған-болмағанын ескерген жөн. Ол да қауіп
төндіреді. Айтпақшы, қазір авторлық турларға шақыратын, insta-турлар жасайтын блогерлер пайда болды. Барлық авторлық турда адамдар тек өз тәжірибесіне сүйенетінін, ешқандай тексерілген туристік фирмалар мен компаниялардың кәсібилігіне тең келмейтінін қайталап айтқымыз келеді.
Осыған ұқсас турларда құнға не кіріп, не кірмейтініне назар аударған жөн. Жиі көрсетілген баға ештеңені жаппайды. Қандай қосымша шығындар бар екенін қарап, басқа компаниялармен бағаны салыстыру керек. Қауымдастық саяхаттарының тарихына, пікірлерге, жауаптарға, ұйымдастырушылармен байланыс қаншалықты орнатылғанына ерекше назар аударған абзал. Бірақ, егер турпакетті тексерілген және нарықта ұсынылған туроператорлардан сатып алсаңыз, жоғарыда аталған мәселелер сізді мазаламайтын болады. Әсіресе, Қазақстан аумағында туристік жолдама алатын компания «Туристік Қамқор» корпоративтік қорының мүшесі екенін мұқият тексеріп алғаныңыз жөн. «Туристік Қамқорға» мүше емес турфирмалар өз қызметін заңсыз жүзеге асыратынын ұмытпаңыз, олар белгілі мәселелер туындаған жағдайда шетелдегі демалыс уақытында сіздің қауіпсіздігіңізге кепіл бола алмайды. Ондай жағдайда барлық тәуекелдер сіздің өзіңізге жүктеледі. Турдың аталған түрінің тұрақсыздығының айқын дәлелі, өткен жылы Астана тұрғыны «инстаграм» арқылы Жапонияға осыған ұқсас авторлық тур қызметтерін пайдаланды. Дегенмен, күншығыс еліне туроператордың өзі емес, осы елге алғаш рет барған үшінші тұлға – жас қыз серік болды. Жапонияға келісімен тиісінше барлық тараптарда сан алуан проблема туындай бастайды, трансферден бастап төленбеген қонақүйге дейін. Ең бастысы, сіз турагенттен туркодты талап
етіңіз. Өйткені, туркод – сіздің шетелдегі қауіпсіз демалысыңыздың кепілі. Енді туркодтың не екеніне тоқталайық. Туркод 11-13 әріп-цифрлық символдан тұрады (шығу еліне қарай). Ол әр жолдаманы ресімдеген кезде автоматты түрде беріледі. Бұл код әр турист үшін бірегей болып табылады. Шұғыл жағдай туындаған кезде турист Қормен байланысқа шығады, өз туркодының нөмірін хабарлайды және алдағы 24 сағат ішінде жедел көмек күтеді.
Шығу туризмі саласында Қазақстан азаматтарының құқықтарына кепілдік беру жүйесі пайда болған сәттен бастап жүйе басқарушысы – «Туристік Қамқор» корпоративтік қоры (КҚ) шетелге демалуға шыққан қазақстандықтар үшін 630 мың туркод берді және олардың барлығы шетелде алаңсыз демалып, аман-есен елге оралғанын айта кету керек.
«Туристік Қамқор» корпоративтік қорының баспасөз қызметі
У тех, кто сталкивается с работой частных судебных исполнителей, очень часто возникает вопрос – нужно ли дополнительно к взысканной сумме оплачивать деятельность судебного исполнителя, особенно, если долг или штраф уже погашен. Директор юридической фирмы «Suleiman&Partners» Станислав Лопатин разъяснил, что нужно делать в таких случаях, передает Zakon.kz. По его словам, ключевой момент, который определяет ответ на этот вопрос, заключается в том, когда именно вы произвели оплату или выполнили требование (например, передать вещь). «Если вы оплатили долг или штраф по решению суда (приказу, постановлению, предписанию) до того момента, когда судебный исполнитель получил это решение, то услуги судебного исполнителя вы оплачивать не обязаны», — сказал он. Если же оплата произведена после того, как судебный исполнитель получил решение, то обязаны оплатить и деятельность судебного исполнителя. «Закон устанавливает, что вы обязаны это сделать даже в том случае, если по факту судебный исполнитель никаких действий не предпринимал, а просто сидел и ждал, когда вы заплатите сами», — пояснил юрист. Момент получения судебным исполнителем решения, обычно определяется по дате возбуждения исполнительного производства. Эту информацию можно получить у судебного исполнителя и проверить на портале aisoip.adilet.gov.kz через электронную цифровую подпись. Сумма, которую нужно дополнительно оплатить судебному исполнителю зависит от многих факторов и устанавливается законом: Частным судебным исполнителям: Для исполнительных документов о взыскании сумм: О выселении и (или) вселении, обязании должника совершить определенные действия и (или) воздержаться от их совершения: Об обеспечении иска, освобождении имущества от ареста и иных исполнительных документов: О взыскании периодических платежей (например, алиментов) — 1 МРП (2 525 тенге) ежеквартально. Государственным судебным исполнителям: Для исполнительных документов о взыскании сумм — всегда 10% от взысканной суммы; Для остальных исполнительных документов: Разберем ситуацию на простом примере. Решением суда с вас взыскана сумма в размере 100 000 тенге. Решение вступило в силу 04.02.2019 года. Если вы погасили задолженность по решению до 12.02.2019 года, то не обязаны оплачивать деятельность судебного исполнителя. Если же погасили задолженность 12.02.2019 года или позднее, то обязаны оплатить также деятельность частного судебного исполнителя в размере 25 000 тенге. Мұрагерлік құқық мәселесі ең бір күрделі мәселелердің бірі екені белгілі. Өйткені ол көптеген заң баптарын қамтиды және тиісті құжаттар топтамасын талап етеді. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) кеңселерінде де осы мәселе бойынша кейде салымшылар мен алушылар тарапынан түсініспеушіліктер орын алып жатады. Әдетте Қорда зейнетқы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда, оның отбасы мүшесіне немесе жерлеуді ұйымдастырған адамға қайтыс болған адамның жинақтары есебінен жерлеуге арналған біржолғы төлем төленеді. Міне осы ақшаны рәсімдеуге келгендердің көпшілігі: «Шотта қанша ақша жатыр? Білуге бола ма? Оның барлығын қашан бересіздер?» — деп сұрайды. Тіпті «Жалғыз мұрагер мен, жинақ ақшаны менің шотыма аударыңыздар» — деп, мұра қалдырушының қайтыс болғаны туралы куәлік пен өзінің жеке куәлігін ғана ұсынатындар бар. Әрине, Қор мамандары туысынан, бауырынан айырылған азаматтардың жағдайын, ішкі күйзелісін жақсы түсінеді. Бірақ Қор тек заң аясында ғана қызмет атқарады. Мамандар осыны түсіндіруге тырысады. Ал кейбір азаматтар мұны түсінгілері келмей, Қор мамандарын айыптауға дейін барады. Осыған байланысты зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған адамның жинақтарын мұра бойынша қалай алуға болатындығы туралы тағы да түсіндіре кетуді ұйғардық. Алдымен Қордың «Қазақстан республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 57-бабына сәйкес, салымшының зейнетақы жинақтарының құпиялылығына кепілдік беретіндігін айта кеткен жөн. Сондықтан жеке зейнетақы шотының болуы, ондағы ақша қалдықтары мен оның қозғалысы туралы анықтамалар, салымшы (алушы) қайтыс болған жағдайда, заң бойынша мұрагерлік құқығы туралы куәлікке сәйкес мұрагерлер болып табылатын немесе өсиетте аталған адамдарға жазбаша сұрау салу бойынша немесе соттарға олардың іс жүргізуіндегі мұрагерлік істер бойынша ұйғарымның негізінде беріледі. Сонымен қатар нотариустар мен шетелдік консулдық мекемелер өздерінің өндірісіндегі мұрагерлік істер бойынша (мұрагерлер өтініш берген жағдайда) қайтыс болған салымшылардың (алушылардың) Қорда жеке зейнетақы шотының және онда ақшаның болуы туралы анықтамаларды БЖЗҚ-ға сауал жолдау арқылы ала алады. Бұл қызмет нотариустарға жүгінген мұрагерлердің уақытын үнемдейді және қағазбастылықты азайтады. Сонымен зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда, Қор қажет жағдайда оның отбасына немесе жерлеуді ұйымдастырған адамға жерлеуге арналған біржолғы төлем төлейді. Бұл төлем 1998 жылдан бері жүзеге асырылып келеді және оның көлемі әр жылдары әрқалай болып келді. Ал биыл оның сомасы тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 52,4 еселенген мөлшерінде (2525*52,4 = 132 310 теңге) белгіленген. Бірақ бұл сома жеке зейнетақы шотында жатқан қаражаттан аспауы тиіс. Егер жерлеуге арналған біржолғы төлемнен кейін шотта қалған ақшаның сомасы ең төмен зейнетақы мөлшерінен (биыл: 36 108 теңге) аспайтын болса, онда бұл қалдық жерлеуге арналған бір жолғы төлемге қосылып төленеді. Заң бойынша жерлеуге арналған төлем 5 (бес) жұмыс күні ішінде алушының банк шотына аударылады. Ескере кетелік, жерлеуге арналған төлемге 10 пайыз мөлшерінде жеке табыс салығы салынады. Жерлеуге арналған біржолғы төлемді алу үшін мынадай құжаттар талап етіледі: зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған адамның отбасы мүшесінің немесе жерлеуді жүзеге асырған тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы, зейнетақы жинақтары бар адамның қайтыс болғаны туралы куәліктің көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы және алушының банк шоты туралы мәліметтер. Ал зейнетақы қорында жерлеуге арналған біржолғы төлемнен кейін қалған зейнетақы жинақтарын алу үшін Мұрагерлік құқығы туралы куәлік қажет. Оны алу үшін мұрагер нотариусқа жүгініп, өтініш береді. Мұрагерлікке құқығы бар тұлғалардың толық тізімі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көрсетілген. Ал мұраны қабылдау туралы өтініш, мұраға қалдырушы қайтыс болған күннен бастап 6 (алты) айдың ішінде берілуі тиіс. Егер мұрагер мұраны қабылдау мерзімін өткізіп алған болса, онда сотқа жүгінуіне тура келеді. Мұра ашылған күннен бастап алты ай өткен соң, нотариус мұрагердiң өтiнiшi бойынша оған Мұрагерлiк құқығы туралы куәлiк беруге мiндеттi. Ал БЖЗҚ Заңның 34-бабы 9-шы тармағының 2) тармақшасына сәйкес ҚР Үкіметі бекіткен тәртіппен зейнетақы төлемдерін жүзеге асырады. Қайтыс болған адамның зейнетақы жинақтарын алу үшін мұрагерлер Қор кеңсесіне өздері жүгінгенде мына құжаттарды ұсынады: БЖЗҚ ішкі құжатымен бекітілген нысан бойынша өтініш, мұрагердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы, зейнетақы жинақтары бар адамның қайтыс болғаны туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесі, мұрагерлік құқығы туралы куәліктің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі не мұраға берілетін мүлікті бөлу туралы келісімнің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі және заңды күшіне енген сот шешімі, алушының банк шоты туралы мәліметтер. Қорға ұсынылатын құжаттар тізбесі enpf.kz сайтының «Қызметтер» – «Алушыларға» — «Алушының қайтыс болуына байланысты зейнетақы төлемдерін ресімдеу тәртібі» бөлімінде көрсетілген. Қор құжаттар топтамасы ұсынылған соң, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес зейнетақы жинақтарын құжаттар Қорға қабылданған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде төлейді. Мұрагерлер Қордың тек заң аясында ғана қызмет атқаратындығына түсіністікпен қарайды деген үміттеміз. БЖЗҚ баспасөз қызметі Елімізде 5 баласы бар көпбалалы аналар, (бала асырап алған аналар) 53 жасынан бастап зейнетке шыға алады. «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 3-тармағына сәйкес 5 және одан да көп баланы туған (асырап алған, асырап алған) және сегіз жасқа толғанға дейін асырап алған әйелдер 53 жасқа толған кезде зейнеткерлік жасқа ие болады”, – делінген еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарламасында. 2019 жылдың алғашқы күнінен бастап қазақстандық әйелдер 59 жасында зейнетке шығады. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңға енгізілген өзгертулерге сәйкес, Қазақстан әйелдерінің зейнеткерлік жас шамасы жыл сайын жарты жылға өседі. Осылайша, 2027 жылға қарай қазақстандық әйелдердің зейнеткерлік жасы 63 жас болады. Айта кетейік, зейнетақы отбасындағы кіші бала 8 жасқа толғанд тағайындалады. Мәселен, әйел 50 жасында бала босанса, ол 53 жаста емес, 58 жаста зейнетке шығады. Осы сұрақтарға жауап алу үшін Qamshy.kz ақпарат агенттігі заңгер Гүлмира Қарасайқызы Кучкаровадан түсініктеме беруді сұраған еді. –Бүгінде мемлекет тарапынан толық емес отбасыларға да, жалғызбасты аналарға да ешқандай ақшалай көмек берілмейді. Жалғызбасты аналарға ешқандай жеңілдік жоқ.Тіпті бұл сөз көп қолданылмайды десе де болады. Алдымен толық емес отбасы мен жалғызбасты аналардың ара-жігін ажыратып алайық. Толық емес отбасыларына кімдер жатады? Ол: ажырасқан, баласын, не әкесі, не анасы тәрбиелеп отырса, осы отбасы толық емес отбасы болып есептеледі. Күйеуі немесе әйелі қайтыс болып баланы бір ғана адам тәрбиелеп отырса, осы отбасы толық емес отбасына жатады. Күйеуге тимей заңды некеде тұрмай, бала босанған болса, ол да толық емес отбасына жатады. Егер сіз тек некеңізді мешітте ғана қиып, АХАЖ бөліміне тіркелмеген болсаңыз, бала туылған жағдайда ол да толық емес отбасы болып саналады. Ал, азаматтық неке туралы заң елімізде мүлде қарастырылмаған. Мұндай некеде тұрып бала босансаңыз, ол да толық емес отбасы болып есептеледі. Қазірге таңда статистикаға сүйенетін болсақ, әрбір екінші толық емес отбасында балаларын тек анасы ғана тәрбиелеп отыр. Бірінші: Заң бойынша арнайы «толық емес отбасына » арналған жеңілдік болмағандықтан, әлеуметтік жағдайы төмен отбасы ретінде кезекке тұрып, жеңілдетілген бағдарламамен үй алуға мүмкіндігі бар. Екінші: Сіз тұрғылықты жеріңіздің тұрғын үй басқармасына барып құжаттарыңызды тапсырасыз. Ажырасқаннан кейін толық емес отбасы қатарында болсаңыз, ажырасу туралы куәлік және балаңыздың құжаттары керек. Ал отбасында күйеуі немесе әйелі қайтыс болған болса, қайтыс болу туралы куәлігін тапсыруы қажет. Үшінші: заңды некеге тұрмай бала босанған әйел олар өздерінің толық емес отбасы екенін растау үшін, тіркеу органдарына барса, «төртінші формалы анықтама» беріледі. Ол құжатта әкесі деген жерде сызықша тұрады. Бұл анықтама да оның толық емес отбасы екенін анықтайды. Егер сіз сот арқылы әкесін анықтамаған болсаңыз, «төртінші формалы» анықтама жарай береді. Осы құжат арқылы пәтерге кезекке тұра беруге болады. Бұл жерде пәтер мемлекеттік бағдарлама арқылы жалға беріледі. Пәтердің құны толық өтелгеннен кейін, пәтер сіздің атыңызға өтеді. Бұл жердегі басты мәселе үйді Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан алатын болсаңыз міндетті түрде соңғы үш жылдық тұрғылықты тіркеуіңіз болу керек. Тіркеуге тұрған кезіңізде сіздің соңғы 12 айлық табысыңыз ескеріледі. Бұл жерде егер толық емес отбасының басында пәтер жоқ болса, олар қалайша үш жыл бойы тұрғылықты тіркеуде бола алады деген сұрақ туындайды. Бұл үлкен кедергі деп ойлаймын. Кезекке тұрып пәтер алудың тағы бір мүмкіншілігі сіз тек пәтер құнын ғана бөліп төлейсіз. Яғни, үстеме ақшасыз ала аласыз. Сонымен қатар, тұрғылықты жерден берілетін ақшалай көмек бар. Бұл – «мекен-жай көмегі». Бұл жерде отбасындағы еңбекақы отбасындағы адам санына бөлген кезде 11879 теңгеден аспау керек. Тек сол кезде ғана ала алады. Ал бала 18 жасқа келгенше мемлекеттен берілетін көмек бар. Ол кезде отбасының табысы адам басына шаққан кезде 17818 теңгеден аспауы тиіс. Әзірге мемлекет тарапынан толық емес отбасы және жалғызбасты аналарға осындай ғана көмек көрсетіледі». Қазақстанда президенттің тапсырмасымен «Нұр Отан» партиясы жанынан балалар құқығын қорғау жөніндегі республикалық кеңес құрылды. Кеңес төрағасының орынбасары, «Балалар құқығын қорғау» қоғамдық қорының құрылтайшысы Динара Закиева кеңестің мақсат-міндеттеріне кеңірек тоқталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Қазақстан президентінің тапсырмасымен Нұр Отан» партиясы жанынан балалар құқығын қорғау жөніндегі республикалық кеңес құрылды. Бүгін кеңестің алғашқы отырысы басталды. Динара Закиева кеңестің ең бірінші міндеті – мәселенің алдын алу екенін атап өтті. Кеңес әр өңірде күн сайын жұмыс істейтін болады. «Кеңес жұмысы аясында біз балалар құқығын қорғаудың алғашқы қазақстандық бірыңғай әлуметтік платформасын құруды жоспарлап отырмыз. Оған барлық мемлекеттік орган кіріктіріледі. Кез келген азамат, кез келген бала осы порталға жүгініп, арыз-шағымын, ұсынысын қалдыра алады. Порталға түскен өтініштің барлығы тіркеліп отырады, ешқайда жоғалып кетпейді. Әр адам өз мәселесінің қалай шешілгенін бақылай алады», — деді ол. Айтуынша, бірыңғай платформаны ІТ-компания тегін әзірлеп берген. Енді тек жетілдіріп, мемлекеттік органдарды кіріктіру қалды. «Ең алдымен, біз баланың ең бірінші кезектегі қажеттіліктерін назарға алып отырмыз. Қазіргі таңда балалардың 11 проценті қиын жағдайда өмір сүреді. Жетім және қамқоршысыз қалған балаларға жағдай жасау біздің басымдығымызға айналуы тиіс», — деді ол. Сонымен қатар, аталған кеңес қиын жағдайда қалған және көп балалы отбасыларға консультативтік-заңгерлік көмек көрсетеді. Бұған қоса, кеңес мүшелері бюджет қаржысын түрлі бағытқа бөлу бойынша ұсыныстар әзірлейді. «Елімізде сал ауруына шалдыққан 19 мың бала бар, олардың дені Түркістан облысында тұрады. Ақшаны бөлген кезде өңірлік қажеттілікті ескеріп, тиісінде оңтүстікке көбірек квота бөлу керек», — деп санайды Закиева. Аталған кеңес бала құқығын қорғау саласындағы халықаралық институттармен ынтымақтасып жұмыс істеуге әзір. «Педагог мәртебесі» туралы заң жобасы ақпан айында депутаттар қарауына енгізіліп, маусымда президент қол қояды деп жоспарланып отыр Жуырда Астанадағы №59 мектепте қоғамдық тыңдау өтіп, ұстаздардың құқығы мен міндеттері, әлеуметтік кепілдіктері айқындалған «Педагог мәртебесі» туралы заң жобасы талқыланды. Sputnik Қазақстан тілшісі жазда қабылданатын құжаттың негізгі жаңашылдықтарына тоқталып өткенді жөн көрді. Қоғамдық тыңдауда ҚР Білім және ғылым министрлігі мектепке дейінгі және орта білім департаменті директорының орынбасары Сәуле Қабимолдаева заң жобасының негізгі баптарына тоқталып, таныстырып шықты. Жаңа заң жобасында сынып жетекшілігі мен дәптер тексергені үшін төленетін ақшаның мөлшері өспек. Сәуле Қабимолдаеваның айтуынша, қазір 1-4 сыныптарға сабақ беретін мұғалімдерге дәптер тексергені үшін 3500 теңге төленсе, енді оның мөлшері 10 600 теңгеге дейін көтеріледі. Ал 5-11 сыныптарда 4 400 теңге болса, 13 200 теңге дейін өседі. Сондай-ақ, сынып жетекшілігі үшін төленетін үстемақы да үш есеге ұлғаяды. Бастауыш сыныптарда 4 400 теңгеден 13 мың теңгеге дейін, ал жоғары сыныптарда 5 300 теңгеден 15 900 теңгеге дейін көтеріледі. Ұстаздар үшін ең қуантарлық жаңалық – зейнетке ерте шығу мүмкіндігі. Білім және ғылым министрлігі 30 жылдық еңбек өтілі бар мұғалімдерді зейнетке ерте шығаруды ұсынып отыр. Оның үстіне жоғары оқу орындарында оқыған жылдар (4-5 жыл) еңбек өтілі болып саналады. Мәселен, 17 жасында жоғары оқу орнына түссеңіз, 21 жасында университетті тәмамдайсыз. Осыдан кейін 26 жыл үздіксіз мұғалім болып жұмыс істесеңіз, 48 жасында зейнетке шығуға құқыңыз бар. Жалақыға қатысты • Біліктілікті арттыру кезінде жұмысынан уақытша қол үзген мұғалімнің жалақысы сақталады. Қазақстан Республикасының еңбек және бюджет заңнамасына сәйкес іссапар шығындары төленеді; • Жергілікті өкілді органдар мұғалімнің жалақысын өңірдегі орташа жалақыға сәйкес келетін деңгейден төмен емес мөлшерде белгілеуге, сондай-ақ жалақыға қосымша ақылар мен үстемеақы қосуға, оның ішінде «Үздік педагог» атағын иеленген ұстазға – 300 еселенген АЕК-тен кем емес мөлшерде сыйақы белгілеуге құқылы; • Астанада жұмыс істейтін мұғалімдердің лауазымдық жалақысына лауазымдық жалақының 25%-нен кем емес мөлшерде коэффициент белгіленеді. • Бес жылда бір рет кемінде 6 ай ғылыми қызметпен айналысқысы келетін мұғалімге шығармашылық демалыс беріледі. Бұл аралықта еңбек өтілі мен жалақысы сақталады. • Білім беру ұйымына алғаш жұмысқа кірген педагогке тәлімгерлік үшін тәжірибелі педагог бекітіледі. Тәлімгерлік қызмет үшін қосымша ақы төленеді. Заң жобасында мұғалімдерді баспанамен қамтуға ерекше мән берілген. Енді педагогтер бастапқы жарнасыз жеңілдетілген кредитпен үй сатып ала алады. Сондай-ақ қызметтік баспана немесе жатақхана алуға құқылы. Қызметтік баспанада тұратын педагог қайтыс болса, оның отбасын егер олар үйдің қалған ақшасын төлеп, жеке меншікке сатып алуға ниет білдірсе, мәжбүрлеп шығаруға болмайды. Жергілікті атқарушы органдар мұғалімдердің балаларына балабақшадан кезектен тыс орын береді. Заң жобасының 15-бабында «Республика алдында педагогикалық қызметтегі ерен еңбегі үшін педагогке «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атты Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасы беріледі» деген норма бар. Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдар педагогтің еңбегін көтермелеу үшін жергілікті үздік белгілері мен құрметті атақтарын, оның ішінде біржолғы сыйақы төлей отырып белгілеуге құқылы. • Ауылда істейтін мұғалімдердің жалақысы мен тарифтік мөлшерлемелер қаламен салыстырғанда кемінде 25%-ке арттырылып белгіленеді; • Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері бөлінеді; • Жергілікті өкілді және атқарушы органдардың шешімімен мал ұстайтын мұғалімдерге жем-шөп, жайылым мен шөп шабу үшін жер учаскелері ұсынылады. Қазақстан заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, педагогті оның кәсіптік міндеттеріне байланысты емес жұмыс түрлеріне тартуға жол берілмейді. Педагогтің ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлайтын іс-әрекеттер Қазақстан заңдарында белгіленген жауапкершілікке әкеп соғады. Мұғалімдер туралы заң жобасы барынша түсінікті тілде жазылған. Заң жобасын әзірлеу барысында 8 мыңнан астам ұсыныс түсіпті. Қазір аталған құжат барлық мемлекеттік органға жолданды. Енді қаржы министрлігінен бастап барлық 13 мемлекеттік органмен келісіледі. Содан кейін үкіметте зерделенеді. Ал ақпан айының басында мәжіліс депутаттары заң жобасының кем-кетігін түзеп, сенатқа жолдайды. Тек содан кейін ғана болжаммен маусым айында Қазақстан президенті аталған заңға қол қояды деп жоспарланып отыр.Авторлық турлар дегеніміз не? Олардың ерекшелігі неде, пакет турлардан ерекшелігі қайсы? Осы сияқты жан-жақты жарнамаланған қызықты ұсыныстарға сенуге бола ма, құйтырқылық пен қауіпті қай жерден күту керек? Жеке «лакшери» турларды таңдай отырып, неден сақтану қажет?
Ключевой момент заключается в том, когда именно вы произвели оплату или выполнили требование (например, передать вещь).
• до 60 МРП (151 500 тенге) – 25%;
• от 60 МРП (151 500 тенге) до 300 МРП (757 500 тенге)– 20%;
• от 300 МРП (757 500 тенге) до 1 000 МРП (2 525 000 тенге)– 15%;
• от 1 000 МРП (2 525 000 тенге) до 5 000 МРП (12 625 000 тенге) — 10%;
• от 5 000 МРП (12 625 000 тенге) до 10 000 МРП (25 250 000 тенге) – 8%;
• от 10 000 МРП (25 250 000 тенге) до 20 000 МРП (50 500 000 тенге) – 5%;
• свыше 20 000 МРП (50 500 000 тенге) – 3%.
• с физических лиц (граждан, иностранцев, в том числе ИП) 50 МРП (126 250 тенге);
• с юридических лиц (компаний) 100 МРП (252 500 тенге).
• с физических лиц (граждан, иностранцев, в том числе ИП) 20 МРП (50 500 тенге);
• с юридических лиц (компаний) 40 МРП (101 00 тенге).
• с физических лиц (граждан, иностранцев, в том числе ИП) 10 МРП (25 250 тенге);
• с юридических лиц (компаний) 20 МРП (50 500 тенге).
12.02.2019 года исполнительный лист и решение были получены частным судебным исполнителем и возбуждено исполнительное производство.2019 жылдың 18 ақпаны күні сайтымызға «Тележүргізуші: зейнетқы қоры қызметкері жерлеу үшін берілетін ақша сомасын білуге марқұмның өзі келуі керек деді» атты материал жариялаған болатынбыз! Осы мақалаға орай Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының өкілдері арнайы жауап беріп, Мұрагерлік құқығы туралы кеңірек түсінік беруді жөн көріпті. Мұрагерлік мәселелері мазалап жүрсе, мамандар ұсынып отырған түсініктеме көмектесер деген ойдамыз!
Қазақстанда көпбалалы аналарың зейнетке шығуына жеңілдіктер бар, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қазіргі таңда жалғызбасты аналар мен толық емес отбасына мемлекет тарапынан қандай көмектер беріледі? Ал мемлекеттің мекеменің табалдырығын тоздырып жәрдемақы талап ететін жалғызбасты аналар мен толық емес отбасы мүшелері өз құқын біле ме?
Мұғалімдердің үстемақысы өседі
Зейнетке ерте шыға алады
Мұғалімдерді баспанамен қамту
Балабақшадан кезектен тыс орын
«Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы»
Ауыл мұғалімдеріне қандай жеңілдіктер жасалады?