12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Пайдалы қазбалардан түскен табыс
қалай бөлінеді?

«Қазақстанның халық конгресі» жалпыұлттық қоғамдық қозғалысы саясат сахнасында қайта бой көтерді. 1991 жылы пайда болып, Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Конституциясының жобасын қалыптастыруға белсене қатысқан қозғалыс басшылары бүгін өздерінің бағдарламалық міндеттерін жүзеге асырудың нақты бес қадамын еліміздегі барлық қоғамдық бірлестіктері мен саяси партиялардың және бүкіл Қазақстан азаматтарын қолдауға шақырды.
Ол: ҚР Конституциясының 6-бабына «Жер және оның қойнауы халықтың басты меншігі болады. Бұл меншік әрқашан халыққа ғана тиісті болады» деген өзгерісті енгізу. Елімізде өндіріліп жатқан мұнай, көмір, түсті және сирек металдардың т.б. байлықтарымыздың пайдасынан әрбір қазақстандық азаматтың дербес шотына еншісін беріп отыру. Әрбір кәмелетке толған қазақстандық азаматты мемлекет есебінен кепілді баспанамен қамтамасыз ету. ҚР барлық азаматтарына мектепке дейінгі, орта арнаулы кәсіби және жоғары білім алуды ақысыз ету туралы өзгерістерді ел Конститу­циясына енгізу. Ауылшаруашылығы өндірісімен айналысу туралы шешкен әрбір қазақстандыққа жеке меншігіне тегін жер беру.
Белгілі қоғам және мемлекет қайраткері, экономика ғылымдарының докторы Омархан Өксікбаевтың айтуынша, бұлар «Қазақстан халық конгресінің» алғашқы бағдарламалық міндеттеріне жатады. Олар 1994 жылы Ата Заңның бабын материалдандырудың егжей-тегжейлі бағдарламасын ұсынды. Сол Олжас Сүлейменов: «Мемлекеттік банк республиканың әрбір азаматының атына дербес шот ашады. Оған мұнайдың әрбір тоннасынан бір тамшы түседі. Елде өндірілетін көмірдің, түрлі-түсті, қара және сирек металдардың әр тоннасынан үгінді түседі, сонда ғана кедей ұрпақ болмайды. Кейбір Араб Әмірліктерінің тәжірибесін зерттеу керек, ал біздің математиктер бұл халықтық байлықтарды халық пен мемлекеттің игілігі үшін бөлудің тамаша жүйесін жасайды» деген болатын.
Қозғалыстың баспасөз қызметінің хабарламасына қарағанда, олар өз ұсыныстарын Президенттің 2022 жылғы 16 наурыздағы жолдауын іске асыру шеңберінде Конституцияға өзгерістер енгізу жөніндегі жұмыс тобының қарауына жібермек.

Е.КЕБЕКБАЙ,
«Заң газеті»

Укрепление экономической интеграции

Казахстан и Кыргызстан намерены вывести двустороннее сотрудничество на качественно...

Дорожная карта индустриализации

В прошлом году в Казахстане был принят Национальный проект...

Семь раз отмерь…

Как известно, Казахстан намерен построить атомную электростанцию, об этом...

Смаилов поручил ТЭЦ провести внеплановые проверки

Премьер-министр Алихан Смаилов поручил провести внеплановые проверки тепловых электростанций, передает...

Әлихан Смайылов ЖЭО-ларға жоспардан тыс тексеріс жүргізуді тапсырды

Премьер-министр Әлихан Смайылов ЖЭО-ларға жоспардан тыс тексеріс жүргізуді тапсырды, -...