12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Standard&Poor’s Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін тағы да растады

Елдің тұрақты мемлекеттік және сыртқы баланстары сыртқы күйзелістерді жұмсартуға жеткілікті. Standard&Poor’s деректеріне қарағанда, Қазақстан экономикасының өсуі 2022 жылы 2% деңгейінде болжанып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Standard&Poor’s халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін «BBB-/А-3» деңгейінде растады, болжам – «Тұрақты», делінген Үкімет басшысының сайтында.

Қазақстанның рейтингін қолдайтын маңызды факторлар — ел экономикасының тұрақты фискалдық және сыртқы баланстары. Бұл ретте елдің өтімді сыртқы активтерінің болуы Қазақстанның фискалдық тұрақтылығына айтарлықтай оң әсер етеді.

Агенттік ҚР Үкіметімен бірлескен талқылаулардан кейін, Ресейге қатысты экономикалық санкциялардың салдарын еңсеруге болатынын айтты.

Сонымен бірге, Каспий құбыр консорциумының (КҚК) теңіз терминалындағы өткізу қабілетінің төмендеуі уақытша және Қазақстанның экспорттық мұнай жеткізілімінің айтарлықтай үзілісіне алып келмейді. 

Жалпы, S&P елдің тұрақты мемлекеттік және сыртқы баланстары, мұнай мен алтын бағасының өсуімен қатар, сыртқы күйзелістерді жұмсартуға жеткілікті екенін атап өтеді.

Standard&Poor’s деректеріне қарағанда, Қазақстан экономикасының өсуі 2022 жылы 2% деңгейінде болжанып отыр.

Укрепление экономической интеграции

Казахстан и Кыргызстан намерены вывести двустороннее сотрудничество на качественно...

Дорожная карта индустриализации

В прошлом году в Казахстане был принят Национальный проект...

Семь раз отмерь…

Как известно, Казахстан намерен построить атомную электростанцию, об этом...

Смаилов поручил ТЭЦ провести внеплановые проверки

Премьер-министр Алихан Смаилов поручил провести внеплановые проверки тепловых электростанций, передает...

Әлихан Смайылов ЖЭО-ларға жоспардан тыс тексеріс жүргізуді тапсырды

Премьер-министр Әлихан Смайылов ЖЭО-ларға жоспардан тыс тексеріс жүргізуді тапсырды, -...