12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТКІЗІЛДІ

24 ақпан 2023 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінде «Ашық есік күні» өтті. Факультетке қаламен Алматы облысының мектеп түлектері шақырылды. Оқушылардың жүріп өткен жолы лекциялық залдарды, Қазақстанның көрнекті заңгерлері атындағы аудиторияларды, сот залдарын, сот-медициналық және кедендік сынақ алаңдарын қамтыды. Сонымен қатар қонақтар университет мұражайын, ситуациялық орталықты, «Керемет» студенттік орталығын аралады. Университет кітапханасы маршрутты аяқтады, онда мектеп түлектерінің факультет басшылығы, кафедра өкілдері, студенттер, магистранттар және докторанттармен кездесуі өтті.

Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасында кафедра магистранттары үш тілде: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде баяндама жасады. Магистранттар арасындаҚазҰУ-дың заң факультетінің және Қазақстанның басқада жоғары оқу орындарының түлектері бар. Олар студенттерге неліктен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетін таңдағандарын айтты. Элеонора Николаева Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-ді бітіргеннен кейін кафедраны таңдауы мықты профессорлық-оқытушылар құрамымен кеден құқығы мамандығын алу мүмкіндігіне байланысты болды. Абдурашидов Руслан Каспий университетін бітірді және оқу ағылшын тілінде жүргізілетін «Теңіз және энергетика құқығы» қос дипломды білім беру бағдарламасын таңдады. Бегалиева Жанель және Оңғаров Саян ҚазҰУ-дың заң факультетін үздік бітірді, қазір олар кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының магистранттары. Саян бірінші курстан бастап заң клиникасын сәтті басқарып келедіжәне әртүрлі салаларда жұмыс істеуге шақырулар алады. Жанель Бегалиева – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, «Алтын белгі» төсбелгісі мен білім гранттарының иегері, республикалық және халықаралық олимпиадалардың жеңімпазы, «Қазақстанның үздік студенті», «ТМД-ның үздік студенті», Ғылым академиясының мүшесі, АҚШ пен Ұлыбританияның үздік шетелдік университеттерінен шақыру иегері.

Кафедраның магистраннтары мектеп оқушыларының сұрақтарына жауап беріп, ҰБТ-ға қабылдау және дайындық бойынша кеңестер берді. Студенттердің кәсіби және ғылыми өсу мүмкіндіктері туралы айта келе, магистранттар мектеп түлектерін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультетіне және кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасына түсуге шақырды.

Ережепқызы Роза

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Заң факультеті

Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының,

заң факультетінің аға оқытушысы

Организация работы в студенческом научном клубе кафедры

(на примере кафедры уголовного права, уголовного процесса и криминалистики...

Бейбітшілік — баға жетпес байлығымыз

Дана халқымыз «Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел...

Бәсекеге қабілетті сапалы білім — ел дамуының негізі

Қазіргі әлем дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Ғылым біздің...

ҚазҰУ — білім мен ғылымның қара шаңырағы

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – Қазақстандағы ең беделді оқу орындарының...

ҚазҰУ — жарқын болашақ кепілі

15 қаңтар Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің құрылған күні....