12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Мен таңдаған мамандық!

 «Білім алудың жолын таңдау – әр адамның дербес шешетін мәселесі»,-деп орыс психологі, Ресей білім академиясының президенті Артур Владимирович Петровский айтқандай, әр адам өзінше жеке тұлға. Жастар – кез келген мемлекеттің ең белсенді бөлігі, қоғамның қозғаушы күші. Сондықтан ел тірегі- жастар екенін әсте естен шығармағанымыз абзал. Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіруі жолында жастардың атқаратын рөлі зор. Мемлекетіміздің жастар саясаты рухани-мәдени құндылықтарға, еңбексүйгіштікке, жауапкершілікке, ұрпақтар сабақтастығына, отбасылық тәрбиенің басымдығына негізделуімен де құнды.Менде мемлекеттің азаматы ретінде оған қызмет етуді мақсат еттім. Мақсатымның алғашқы қадамы мамандық таңдау болды. Мамандық – бұл әрбір адамның сүйіп, әрі қуана жасайтын ісі, оның ертеңгі болашағы. Әр адам мамандығын дара таңдауы және оған құрметпен қарауы керек. Себебі мамандық таңдау үлкен жауапкершілікті қажет етеді және адам өміріндегі ең маңызды қадамдардың бірі.

Адам тағдырының бір бөлігі таңдаған мамандығымен ұштасып жатады. Барлық адам асқақ арман мен биік мақсатқа ие. Әрбірінің өз бағыты, арман қылған бағындырар биігі болады. Ал биік шың адамға оңайлықпен беріспесі анық.

Кемеңгер дана Абай атамыздың «Сенде бір кірпіш дүниеге, тетігін тапта, бар қалан»,-деген қасиетті сөзі өз мақсатына жету үшін біздерге зор мүмкіндіктерге жол ашады. «Білім алудың тамыры ащы, бірақ жемісі тәтті»,-демекші білім алып,болашақта халқымның қорғаны болу үшін  Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін таңдап, заң факультетінің «Құқық қорғау қызметі» мамандығына таңдауым түсті. Неге таңдауым бұл білім ордасы,неге бұл мамандыққа түсті?!

Әл-Фараби атындағы  Қазақ ұлттық университеті – өзіндік салт-дәстүрімен бай, көпжылдық білім саласындағы және ғылыми жұмыстарда тәжірибесі мол бірден-бір жоғары оқу орны. Рухани тағылымы мол, білім өресі биік жастарды дайындайтын еліміздегі іргелі оқу ордасы. Полиция қызметкері – халықтың қорғаны. Қылмысты ашуда, қауіпсіздікті сақтауда полиция қызметкерлерінің еңбегі зор. Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету мақсатында осы мамандыққа түстім. Заң факультетіне бөлінетін мемлекеттік гранттар саны шектеулі.Соған қарамастан, көптеген мектеп бітіруші жастардың құқық қорғау саласына деген қызығушылығы артуда.

Қазіргі сәтте,тәлімгерлерден шоқып жатқан біліміз терең болғаны сол,болашақта мемлекетіміздің дамып,өркендеуіне үлес қосып, адамның және азаматтың өмірін, денсаулығын, құқықтары мен бостандықтарын құқыққа қарсы қолсұғушылықтан қорғауға, құқыққа қарсы қолсұғушылықтан, оқиғалардан және жазатайым жағдайлардан зардап шеккен, сондай-ақ өздерінің өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті дәрменсiз не өзге де күйдегі жеке тұлғаларға көмек көрсетуге,жаппай тәртіпсіздіктің, топтасып бағынбаушылықтың жолын кесуге,төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс, төтенше немесе соғыс жағдайы режимін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға бар ынта-жігерімізбен кірісеміз. Сонымен қатар, заңдылықты бұзуды, оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды, сондай-ақ олардың зардабын анықтауды және жоюды,құқық қорғау органдарының және өзге де мемлекеттік органдардың заңдылықты, құқық тәртібін және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын боламыз. Еліміздің экономикалық қауіпсіздігін нығайту экономикалық қылмыстармен күресуге талпынамыз.

Болашақта сот, төрелік сот, конституциялық сот, прокуратура, ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік, әділет, төрелік, кедендік бақылау, қаржы полициясы органдарында қызмет атқарамыз деген мақсатымыз бар.

Заңгер – керек мамандық,

Жауапты әрі өзекті.

Әділдікті ту еткен,

Қорғауда керек бір шындық.

Заңгер – полиция өкілі

Прокуратура, әділет орны.

Заңгер – сот өкілі

Зауыт, еңбек бөлімі.

Жанашыр болған халқына,

Ант беріп мемілекет, ұлтына.

Құқық қорғау алдында,

Қызмет еткен айбында.       

Атаханова Гульзагира әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қылмыстық құқық,қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының оқытушысы

 Карабаева Жансая 1 курс магистранты  

ҚазҰУ — жарқын болашақ кепілі

15 қаңтар Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің құрылған күні....

ҚазҰУ студенттерінің «Кереметі»

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Қазақстандағы көшбасшы білім ордасы....

Тәртіп бар жерде білім бар

«Басты құндылық – адам» деген ұстанымдағы қоғамда өмір сүріп...

90-летие КазНУ им. Аль-Фараби — гордость нашей страны

В 2023 году Казахский национальный университет имени аль-Фараби отмечает...

Роль КазНУ в реализации и достижении программы «Мир, справедливость и эффективные институты»

Программа «Мир, справедливость и эффективные институты» является одной из...