12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Тәуелсіздік рухымен

Тәуелсіздіктің 30 жылында  елімізді дүниежүзі танып, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ерен еңбегі мен сындарлы саясатының арқасында саяси-экономикалық, әлеуметтік, мәдени-рухани жетістіктерге қол жеткіздік. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы әлем таныған тәуелсіз мемлекетке айналды. Тәуелсіздік – біздің мәңгілік рухани құндылығымыз, халқымыздың бағы мен бақыты. Білім мен ғылым кез келген мемлекеттің даму, өркендеу көрсеткіші. Сондықтан да Тәуелсіз Ел атанған алғашқы күннен бастап білім, ғылым саласын әлемдік өркениет талаптарына сай сапалық жағынан жақсарту мақсатын қойды. Толғауы тоқсан қызыл тіл не туралы жырласа да қаңдай мәселені көтерсе де ең алдымен сол бастаманың ел тәуелсіздігіне берер пайдасы мен елдігіміздің мызғымас беріктігін қамтамасыз ететіндігі жайлы бастаулардың биігінен көрінуі тиіс. Ал, Тәуелсіздік тәу етер киеміз. Киелі нәрсені аяқасты ету, кірлету – кешірілмес үлкен күнә екені түсінікті жәйт. Осы орайда Тәуелсіз қазақ елінің болашақжастарын тәрбиелеп отырған Шымкент қаласының іргелі оқу орындарының бірі Шымкент Университетінің ұжымы ұйымдастырып келе жатқан іс-шаралар тізбегін таныстыруды жөн санап отырмыз.

Шымкент университтеті Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерей тойының қарсаңында арнайы  жоспар бекітіліп іс-шаралар өткізіліп жатыр. Шымкент Университеті жастардың шығырмашылық белсенділігін артыру мақсатында к-птеген   үйірмелер жұмыс жасайды   «Гитара» үйірмесі, «Гәккулі мекен» Хор үйірмесі, «КТК»  жайдарман клубы, «Бүркіт» спорттық үйірмесі, «Әділет» пікір-сайыс клубы,  «Жас маман»үйірмесі, «Жас ақын-жазушылар» үйірмесі, «Дефилье» үйірмесі, «Тоғызқұмалақ» үйірмесі. Қазіргі таңда студенттердің өзін-өзі басқару жұмысы жоғарғы дәрежеде жұмыс жасауда .        Университет ақпараттық ашықтықты және білім беру қызметтерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында студенттер мен қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты және мінез-құлықты қалыптастыру мен дамыту бойынша белсенді саясат жүргізеді.    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар Шымкент университетінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларының жылдық жоспарына сәйкес құқықтық актілерді түсіндіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық негіздерімен танысу, профессор-оқытушылар құрамы мен студенттердің азаматтық сана-сезімін және этикалық деңгейін арттыру бойынша шаралар кешенін қамтиды.

Университетте студенттердің шағымдарына жауап берудің жақсы жүйесі бар. Университет әкімшілігі студенттердің проблемаларына жедел жауап береді. Ректордың жұмыс кестесінде студенттерді қабылдау күндері мен сағаттары қарастырылған, сайтта ректордың блогы жұмыс істейді. Университет фойесінде оқу жылы бойы студенттердің жазбаша өтініштері үшін «Сенім поштасы» үнемі жұмыс істейді. Студенттердің өтініштері «Сенім поштасы» жұмысының тәртібі туралы ережеге сәйкес қарастырылады.

Бағыттар бойынша проректорлар, факультет декандары студенттердің шағымдарына жедел жауап береді, оларды жұмыс тәртібінде шешеді, университеттің ішкі тәртібі ережелері мен корпоративтік этика нормаларына сәйкес жыл сайын студенттердің университет ректорымен кездесулері өтеді, онда білім алушылардың проблемалары, сондай-ақ профессорлық-оқытушылық құраммен кездесулер талқыланады. Нәтижесінде мәселелерді шешу білім беру қызметінің бағыттары бойынша проректорларға, факультет декандарына тапсырылады және бірінші басшының бақылауында болады. Жоғарыда аталған барлық рәсімдер білім беру процесін бағалау және түзету үшін кері байланысты қамтамасыз етеді.

Тәуелсіздігіміздің тұғыры мықты болсын, тәуелсіздігімізді  тойлайық ! деген атпен көптеген рухани мәдени іс-шаралар өтті. «Педагогикалық ғылымдар» факультеті «Қазақстан тарихы және жалпы білім беру пәндері» кафедрасының оқытушылары мен студенттерінің бірігіп жасаған  Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған «Жұлдызды 30 күн» атты мерекелік іс-шарасы өтті. Шара барысында тарихымыздың ақтаңдақ беттеріне шолу жасалынып, репресияға ұшыраған қазақ зиялыларының, тәуелсіздік жолында жанын құрбан еткен қазақ батырларының есімдері ұлықталып, өмірлік ұстанған ұрандары жастарға үлгі етілетіндей кеш болды.

«Құқықтану»  кафедрасының  «BILIM-ÓRKENIETI» ұлттық инновациялық  ғылыми-зерттеу орталығы» ұйымдастырумен өткен:

 Қазақстан республикасының 30 жылдық мерейтойына   «Тәуелсіздік-киелі ұғым» атты республикалық байқауына қатысып, яғни  Қазақстан  Республикасы  Тәуелсіздігінің 30 жылдық  мерейтойына орай президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Тәуелсіздік  бәрінен  қымбат» атты  бағдарламалық  мақаласын педагогтар мен білім алушылардың  арасында кеңінен насихаттау  мақсатында  өткізілген «Тәуелсіздік –киелі  ұғым»  атты  республикалық байқаудың  жеңімпазы  II-дәрежелі  дипломмен    ҚҚ-118 тобының  4 курс  студенті  Каміл Асылжан Нұржанұлы  марапатталған. Республикамызда  өтіп  жатқан  бұл  іс-шараның  қатысушы  Құқықтану  мамандығында  оқитын  студент. Соның  қатысумен  жасалған баяндаманың  ауқымы  кен,  қарастырылған сұрақтар тақырыпқа  сай  болуына  байланысты,  осы  аталған  республикалық  байқаудан топ  жарып  отыр. Студентке  жетекшілікті  оқытушы  заң  ғылымдарының  магистрі  Айткулова Эльмира Әріпханқызы  жүргізген.

 «Құқықтану» кафедрасының доценті з.ғ.к., Бижан Нұрлан Рабханұлының ұйымдастыруымен Қырғызтан Республикасындағы Қырғыз-Ресей университетінде мобиьлдік ұтқырлық бойынша «Дәлелдемелерді зерттеу, қолдану ерекшеліктері» атты тақырыбында дәріс оқылды. Дәріс оқыған: з.ғ.к., Бижан Нұрлан Рабханұлы. Мұндай шетел университеттерімен байланыс осы кафедрада тұрақты түрде ұйысдастырылып келеді.

Университеттің Филология кафедрасы ұжымы мен кафедра меңгерушісі ф.ғ.к., доцент З. Тұрарқызының және М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік жылдарындағы әдебиет» атты дөңгелек үстел өтті. Кешті  ФИ-21-1к3 және ФИ-21-11р тобының тәлімгері  Кансеитова Жұмагүл Жұмабекқызы ұйымдастырды. Кешті М.Әуезов атындағы ОҚУ Филология факультетінің деканы, ф.ғ.к., доцент Ыбырайым Әзімхан Оразбайұлы ашып, жастарға білім жолындағы ізденістеріне сәттілік тілеп, әдебиеттің дамуы, руханияттың өркендеуі жайында ой қозғады. Шымкент университетінің студенттері мен М.Әуезов атындағы ОҚУ Филология факультетінің студенттері тәжірибе алмасып қайтты.  

Кафедра меңгерушісі З. Тұрарқызының  қаладағы Әл-фараби кітапхана ұжымымыен бірге студенттердің теориялық және іс-тәжірибелік біліктілігін артыру мақсатында тұрақты түрде кездесулер ұйымдастырып келеді. Осы жылы Әл-Фараби кітапханасымен бірге Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай «Бір ел- бір кітап» атты керемет кештің ұйымдастырушы ретінде студенттерге қайталанбас әсер қалдыратындай кездесу болып өтті. Бұл кездесудің маңыздылығы сол студенттерге өңір жазушыларының шығармашылығымен өмірлік тәжірибесімен таныстырудың керемет сәті түскендігінде еді.

Осы қараша айында Шымкент университетінің филология кафедрасының ұжымының ұйымдастыруымен «Жоғары оқу орындарындағы педагог мамандарды даярлауда мектептегі педагогикалық іс-тәжірибенің тиімділігі» атты семинар кездесуі болып өтті. Іс шараға қала мектпетерінің мұғалімдері мен Шымкент қалалық білім басқармасыынң өкілдері қонақ ретінде қатысып, студенттерге керемет тәлім боларлық кеш сыйлады. Бұл іс-шара бойынша филология кафедрасының аға оқытушысы Қожабекова Райхан үлкен белсенділік көрсетті.

Осы ретте филология кафедрасы меңгерушісі ф.ғ.к., доцент З. Тұрарқызының Шымкент университетінің атымен түрлі кездесулерге барып жүргені айта кеткенді жөн санап отырмыз. Мәселен З. Тұрарқызы осы жылдың қыркүйек айынан бері   Ontustiktv телеарнасының қолдауымен Арнайы Кітапхананың жобасы саналатын ізгілік мекені хабарының 11 санында берген сұхбаты, Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасының «Парасат жолы» орталығында  «Парасатқа құштарлық» атты онлайн сыр-сұхбаты, Түркістанда өткен Түркі Халықтары Жазушылар одағының ашылу салтанатына қатысып, одақ мүшелігінен алғыс хаттармен марапатталды.

Шымкент университеті «Педагогикалық ғылымдар» факультеті «Қазақстан тарихы және жалпы білім беру пәндері» кафедрасының оқытушылары мен студенттерінің бірігіп жасаған  Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған «Жұлдызды 30 күн» атты мерекелік іс-шара өткізді.

Өткен іс- шаралардың  барщасы Тәуелсіздік туралы терең мағлұмат беру,  ата — бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, өз Отанын сүюге, еліне, халқына қызмет етуге тәрбиелеу. Еліміздің тәуелсіздігін атап өту қарсаңында ел тарихына шолу жасау. Тәуелсіз еліміздің жетістіктерімен таныстырып, білгендерін тереңдету.

Тәуелсіздік — ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық-деп  сеніммен айтааламыз. Тәуелсіздікке жету жолындағы бабалар ерлігін ұмыстпауымыыз керек.

— 1937-38-жылдары лаңкестік жаппай сипат алды. Бұл жылдарда Кеңес үкіметін нығайтуға қатысқан 27 мыңнан астамы атылды. Солардың ішінде қазақтың көрнекті қайраткерлері: Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Тұрар Рысқұлов,  Мағжан Жұмабаев, Міржақып Дулатов сынды ұлт зиялылары мен саясаткерлері  атылды. «Халық жауларының» 40 мыңы кейін ақталды.  Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алғаннан кейін  «31 мамыр — Ұлттық аза тұту күні» болып белгіленді. Жыл сайын 31 мамыр жазықсыз жазаланғандарды еске алу күні деп атап өтуде.

Ал,  1941- 45-жылдары қиында ұзақ 4 жылға созылған Ұлы Отан соғысы болды.1418 күнде 20 млн. адам қаза тапты.

 — 1986 жылы Алматының бас алаңында Желтоқсан оқиғасы болды. Бұл оқиға дүниені дүр сілкіндірді. Бұл желтоқсан көтерілісіне қазақ ел аузында жүрген, тарихта аты қалған Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова және тағы басқа апаларымыз бен ағаларымыз қатысты.

Қазақ дейтін менің бір елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далаға жылап келіп қуанған, — деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде Қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші. Талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді. Тәуелсіздік жайында әр өткен іс-шарада қасіретті жылдардың қасиеті жайында үздіксіз айтылады. Қазақтың жолы ,бабалар жолы ұрпағына  ұлағат.

Организация работы в студенческом научном клубе кафедры

(на примере кафедры уголовного права, уголовного процесса и криминалистики...

Бейбітшілік — баға жетпес байлығымыз

Дана халқымыз «Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел...

Бәсекеге қабілетті сапалы білім — ел дамуының негізі

Қазіргі әлем дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Ғылым біздің...

ҚазҰУ — білім мен ғылымның қара шаңырағы

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – Қазақстандағы ең беделді оқу орындарының...

ҚазҰУ — жарқын болашақ кепілі

15 қаңтар Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің құрылған күні....