12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

МЕДИА БІРЛІГІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркітілдес журналистер қорының делегациясы Түркияның Балыкесир қаласындағы сапары барысында Балыкесир Журналистер одағының ғимаратында, Одақты Музейінде болып, өзара тәжірибе алмасты.

Балыкесир Журналистер одағының төрағасы Рамазан Демир қазақ әріптестеріне сапар үшін алғыс айтып, екіжақты тиімді қатынастарды нығайтудың маңыздылығына тоқталды. Түркітілдес журналистер қорының президенті Нәзия Жоямергенқызы балыкесирлік әріптестерге рахмет айтып, Қазақстанда қонақ болуға шақырды.

Түркі елдерінің медиа бірлігін қалыптастыруда түркі журналситерінің маңызы зор. Бауырлас халықтарға бірін бірі танытатын, ортақ құндылықтарды насихаттайтын да – БАҚ өкілдері. Түрік әріптестер тарапынан арнайы жайылған дастарқан басында арқа-жарқа әңгіме айтып, пікір алмасқан қазақ-түрік журналистер болашақта атқарылуы тиіс шаруалар мен жүзеге асырылатын жобалар жайлы кеңесті.

Кездесу соңында Рамазан Демир Нәзия Жоямергенқызына Балыкесирдің тарихы мен журналистикасынан сыр шертетін кітаптар табыстады.

“Біз үшін Балыкесир құрама командасының орны бөлек”, – деген Рамазан мырза Құраманың футболкасын сыйлады. Қазақ делегациясы Балыкесир журналистер одағының төрағасына қазақы шапан жапты.

Учреждением №2 ДУИС г.Астана был оформлен «Уголок мужества»

История ОВД хранит немало примеров отваги и мужества героев...

Алматыда дәстүрлі «КӨКТЕМ КӨРКІ-ҚЫЗҒАЛДАҚ» фестивалі өтті

Алматы қаласы «Оқушылар сарайы» ұйымдастырған Экология және биология бөлімінде...

№11 мекемесінде қызмет етіп жүрген азамат — Мустафаев Анар Мехти-оглы

Қазақстан-көп ұлтты ел. Әрбір ұлтқа өз діни наным-сенімін ұстанып,...

Шағын футболдан жарыс

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі...