spot_img
spot_img

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздіктің 25 жылдығы» монументі жанындағы алаңда Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шараға қатысып, сөз сөйледі, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Наурыз — жыл басы, халқымыз ежелден тойлаған көктем мерекесі. Бұл — халық асыға күтетін аса ерекше мейрам, қыстың ызғары қайтатын, көктем шуағын төгетін сәт. Табиғат түлеп, тіршілік қайта жаңаратын мезгіл.

Еліміз Әз-Наурызды әрдайым ырысты ынтымақтың бастауына балаған. Алыстаған ағайын Ұлыс күні татуласып, қайта қауышқан. Жұрт бір-біріне ақжарма тілектерін айтқан. Көпшілік ортақ дастарханнан дәм татып, қариялар жастарға батасын берген.

Бабаларымыз Наурыз тойын жасампаз еңбектің мейрамы санаған. Бұлақтың көзін ашып, ағаш отырғызған. Елге пайдасы тиетін игі істер атқарған. Бір сөзбен айтсақ, Ұлыстың ұлы күні — жаңа өмірдің жаршысы», — деді ол.

«Бұл мейрамды халқымыз тұтас ел болып, бір ұлт болып түгел тойлайды. Яғни, Әз-Наурыз — нағыз халықтық мейрам. Бауырмалдық, жанашырлық, сыйластық, отаншылдық сияқты қасиеттің бәрі осы Ұлық мерекеде көрініс тапқан. Біз — ата жолын жалғаған жұртпыз», — деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы Наурыз кезінде бүкіл елге ортақ құндылықтар дәріптелетінін айтты.

«Бірлік түбі — береке» дейді халқымыз. Қоғамда келісім және татулық болса, еліміз көздеген мақсатына жетеді. Біздің мақсатымыз — айқын. Бұл — Әділетті Қазақстанды құру. Осы жолда бәріміз бір кісідей жұмылайық, ардақты ағайын! Биыл қасиетті Рамазан айы Ұлыстың ұлы күнімен қатар келді. Ораза ұстайтын жамағаттың ниеті қабыл болсын! Әр шаңыраққа қыдыр қонып, бақ дарысын! Жаңа жыл құт-береке әкелсін! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!», — деді ол.

Жыл басынан бері мопед пен самокат апатынан қанша қазақстандық қаза тапты?

Ішкі істер министрлігі жыл басынан бері Қазақстанда мопед пен самокат апатынан екі адам қаза тапқанын хабарлады.

42 градус аптап: 7 маусымға арналған ауа райы болжамы

"Қазгидромет" РМК синоптиктері бүгін, 7 маусымда 18 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады.

Ақтөбе әкімі қызметінен кетті

Мұрат Жүребеков Ақтөбе әкімі қызметінен кетті.

БӘСЕКЕЛЕСТІК ЖОҚ МЕМЛЕКЕТТЕ РЕЙТИНГТІҢ ӘДІЛ БОЛУЫ КҮМӘНДІ

Танымы терең, пікірі ерекше, көзқарасы бөлек жандардың ойы бағдар іспеттес. Олардың ұстанымы қоғамды оятуға, елдің көзқарасын қалыптастыруға ықпалды. Сондай сауатты маманның бірі – Айгүл ЕШМАҒАМБЕТОВА. PR-шы және саяси технолог ретінде мойындалған маманның сөзіне құлақ түріп көрелік.

ОТАНДЫҚ ТУРИЗМНІҢ ДАМУЫ ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛЫНДА

Алатау ұлттық паркі аумағындағы Аюлы визит орталығында V «Жас турист» этно-эко-экскурциялық-спорттық байқауы өтті. Халықаралық қазақ-қытай тіл колледжінің отандық туризмді дамыту бағытында ұйымдастыратын дәстүрлі бұл шарасына биыл ҚР Ұлттық туризм индустриясы қауымдастығы қолдау көрсетті.