12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img

«Сабыр сақтауларыңызды сұраймын». Павлодар облысының әкімі тұрғындарға үндеу жолдады

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов ауа-райының қолайсыздығына байланысты тұрғындарға үндеу жолдап, сабыр сақтауға шақырды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Желдің қатты екпініне байланысты (20 метр/секундтан астам) мүмкіндігінше көшеге шығудан бас тартуларыңызды сұраймын. Облыс бойынша ғимараттардан шатырлардың ұшып кетіп, электр қуатының өшіп қалды, сондай-ақ ағаштар құлады. Төтенше жағдайлар департаменті күштері мен коммуналдық қызметтер табиғи апаттың салдарын жою мақсатында күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Біз барлық жұмысты мүмкіндігінше қысқа мерзімде жүргіземіз. Сабыр сақтауларыңызды сұраймын», — деп жазды әкім.

Айта кетейік, қазіргі таңда ТЖД штаб құрылып, жедел желі жұмыс істеп жатыр. Байланыс нөмірі: + 7 7182 32 36 92 және 112, сонымен қатар 109 нөміріне хабарласуға болады.

Алматыда үш жаңа метро бекеті салынбақ

Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Асқар Әмрин айтты.

Елімізде ауа райы қандай болады?

Болжамға сәйкес, алдағы үш тәулік ішінде арктикалық антициклон ықпалымен республика аумағының басым бөлігінде жауын-шашын тоқтайды және жауын-шашынсыз аязды ауа райы күтіледі.

«АрселорМиттал» акциялары Қазақстанға беріледі: мәміле құны жарияланды

Индустрия және құрылыс министрлігі "АрселорМитталдың" басқа инвесторға берілуіне қатысты мәлімдеме жасады.

ДЕМОКРАТИЯ – ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕСТІҢ ӨЛШЕМІ ЕМЕС

9 желтоқсан – Халықаралық жемқорлықпен күрес күні. Мемлекет пен...

41 градусқа дейін аяз және боран: Елімізде ауа райы қандай болады?

Қазгидромет 8 желтоқсанда Қазақстанның әр өңірі тұрғындарын қандай ауа райы күтіп тұрғанын айтты.