12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img

ШЫҰ ЕЛДЕРІ ҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ КҮРЕСТЕ КҮШ БІРІКТІРМЕК

Жақында Шанхай қаласында (ҚХР) Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің әділет министрлігінің оныншы кеңесі өтті. Қазақстан Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің әділет министрлерінің кеңесінде ШЫҰ төрағалығын қабылдады.

Кеңеске ҚХР Орталық саяси-құқықтық комиссиясының хатшысы Чэнь Вэньцин, ШЫҰ Бас хатшысы және Шанхай ынтымақтастық ұйымға мүше мемлекет өкілдері қатысты. Кеңес барысында Әділет министрі А.Есқараев ҚР Президенті Қ. Тоқаев белгілеген Қазақстанның ШЫҰ-ға төрағалық етуі шеңберіндегі басым бағыттар Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше барлық мемлекеттер үшін стратегиялық маңызға ие болатынын атап өтті. Біздің төрағалығымыздың назарын да өзекті үш мәселе талқыға түседі: трансұлттық ұйымдасқан қылмыс, есірткі саудасы және киберқылмыс. Бұл стратегиялық бағыттар ҚР Президентінің 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына жолдауында көрсетілген. Сондай-ақ, министр А. Есқараев ҚР Әділет министрлігінің Әділет министрлері кеңесіне төрағалық етуі Шанхай ынтымақтастық ұйымын дамытуға және нығайтуға елеулі үлес қосатынын атап өтті. Қатысушылар әділет министрліктерінің қызметіндегі инновациялар туралы мәселелерді талқылады. Одан бөлек заң қызметтерін көрсету және сот-сараптама қызметі саласын одан әрі дамыту қажеттігі айтылды. Қатысушылар келесі жылы Қазақстанда кездесуге келісті. Оныншы кеңестің қорытындысы бойынша, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің әділет министрлері бірлескен мәлімдемеге қол қойды. Қазақстандық делегация Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің әділет министрліктері арасында ынтымақтастықты дамыту мәселелері бойынша екіжақты және көпжақты кездесулер өткізді.

Айша ҚҰРМАНҒАЛИ, «Заң газеті»

Алматыдағы қай тұрғын үй кешендерінен пәтер сатып алу ұсынылмайды?

Алматыда сатып алу ұсынылмайтын тұрғын үй кешендерінің тізімі жаңартылды.

Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары АҚШ президентімен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев "Орталық Азия – АҚШ" мемлекеттер басшыларының саммитіне...

ӘКІМДІ САЙЛАУҒА ДАЙЫНБЫЗ БА?

14 қырқүйек күні Орталық сайлау комиссиясының отырысында 17 облыстың мәслихаттары пилоттық режимде сайлау өткізу үшін 45 аудан мен облыстық маңызы бар қалалардың тізбесін бекітті. Ал аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерін сайлау 5 қарашаға белгіленді.

ҚАТАЛ ҮКІМ: ҚЫЛМЫС ПЕН ЖАЛАНЫҢ АРАЖІГІН ҚАЛАЙ АНЫҚТАЙМЫЗ?

Елімізде балаларға қатысты зорлыққа жазаны күшейтетін заң әзірленді. Бұған әрине, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы жолдауында берген тапсырмасы негіз болғаны даусыз.

Қазақстанда саяси қуғын-сүргін құрбандарына қатысты 2,4 миллион құпия іс ашылды

Бас прокуратураның мәліметінше, 251 мың арнайы қоныс аударылғандардың ісі Президент Мұрағатына өткізілді, кейіннен олар мүдделі тұлғаларға қолжетімді болады.