spot_img
spot_img

Қазақстанда вейпке толығымен тыйым салу ұсынылды

Қазақстанда депутаттар жасөспірімдер арасында танымал вейптерге толығымен тыйым салуды ұсынды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Елдегі мектеп оқушылары қазір емін еркін арзан «электрон темекілерді» сатып алады. Белсенділер жасөспірімдерге вейп сатқандарды қылмыстық жауапкершілікке тартуды ұсынып отыр.

«Оның алдын алудың бірден-бір жолы полициямен бірге рейд жүргізу. Айыппұлды тек полицей салады. 21 жасқа толмаған балаға вейп сатылса, бұл айыппұл арқалуы тиіс. Тыйым салуға келгенде менің ойымша қылмыстық жауапкершілікті де енгізу керек. Өйткені сатушы адам заң бұзып, жас балаларды өте қауіпті өнімге тәуелді етіп, соңында екі жыл ішінде өлімге әкеліп соқтыруы мүмкін», — деді «Темекі түтінінен азат Қазақстан үшін» ұлттық коалициясының көшбасшысы Жәмила Садықова.

Мәжіліс депутаты Нұргүл Тау елде вейп сатуға толық тыйым салуды ұсынып отыр.

«Олар барлық сауда нүктелерінде, сондай-ақ әлеуметтік желілерде де төмен бағамен сатылып жатыр. Орташа бағасы — 2000 теңге. Қаржы министрлігінің мәліметінше, никотинді тұтынуға арналған электрон құрылғылар нарығы 2020 жылдан 2022 жылға дейін 300 есеге өсті. Бұл өнімнің әкелу заңдылығы да күмән тудырады», — деді депутат.

Кәсіпкерлер вейпқа тыйым салынғанымен жасөспірімдерді тоқтатпайтынына сенімді. Кәсіпкерлердің айтуынша, бір реттік «электрон темекілер» саудасы жай ғана көлеңкеде қалады.

«Электрон темекіге тыйым салына ма? Электрон темекіні заңды сатушылар жабылады. Заңсыз сатушылар сатуын одан ары жалғастырады. Қазір электрон темекіге салынатын акциздер мен салықтар темекі компанияларынан бірнеше есе жоғары. Тиісінше, электрон темекінің құны шамамен бір қорап темекіден сегіз есе көп. Электрон темекіге тыйым салынбағаны дұрыс. Оларды жабық түрде сату қажет. Кәмелетке толмағандарға сатылуын қадағалау керек», — деді Қазақстан вейпинг қауымдастығының атқарушы директоры Ринат Шамерзаев.

Кәсіпкерлер нарықта зауыттан мөрленген тауарларды сатып алатын адал сату мамандарын қалдыруды ұсынады. Олар көзге түспейтін қаптамадағы электрон темекілер жасөспірімдердің назарын аудармайтынына сенімді.

Жыл басынан бері мопед пен самокат апатынан қанша қазақстандық қаза тапты?

Ішкі істер министрлігі жыл басынан бері Қазақстанда мопед пен самокат апатынан екі адам қаза тапқанын хабарлады.

42 градус аптап: 7 маусымға арналған ауа райы болжамы

"Қазгидромет" РМК синоптиктері бүгін, 7 маусымда 18 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады.

Ақтөбе әкімі қызметінен кетті

Мұрат Жүребеков Ақтөбе әкімі қызметінен кетті.

БӘСЕКЕЛЕСТІК ЖОҚ МЕМЛЕКЕТТЕ РЕЙТИНГТІҢ ӘДІЛ БОЛУЫ КҮМӘНДІ

Танымы терең, пікірі ерекше, көзқарасы бөлек жандардың ойы бағдар іспеттес. Олардың ұстанымы қоғамды оятуға, елдің көзқарасын қалыптастыруға ықпалды. Сондай сауатты маманның бірі – Айгүл ЕШМАҒАМБЕТОВА. PR-шы және саяси технолог ретінде мойындалған маманның сөзіне құлақ түріп көрелік.

ОТАНДЫҚ ТУРИЗМНІҢ ДАМУЫ ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛЫНДА

Алатау ұлттық паркі аумағындағы Аюлы визит орталығында V «Жас турист» этно-эко-экскурциялық-спорттық байқауы өтті. Халықаралық қазақ-қытай тіл колледжінің отандық туризмді дамыту бағытында ұйымдастыратын дәстүрлі бұл шарасына биыл ҚР Ұлттық туризм индустриясы қауымдастығы қолдау көрсетті.