12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

САЛТЫН БІЛМЕГЕН САУАПТЫ ТҮСІНБЕЙДІ

Қазақтың ұлттық салт-дәстүрін насихаттау кезінде соңғы жылдары қазақ үйдің төріне қасқыр мен түлкі терісін ілу барлық жерде әдетке айналып кетті. Мұндай жағдай тіпті музейлер мен этномәдени орталықтарда да көрініс табуда. Оны кім, не үшін ілгенін сұрасаң біреулері қонақтарымыз бен әріптестеріміздің сыйы десе, екіншілері қазақ ит жүгіртіп, бүркіт салған ғой. Бұл аңшылық дәстүрдің белгісі деп айтады.

Бауыржан Момышұлының «халықтың ізгі дәстүрі – біздің ең асыл мұрамыз» дегеніндей, әдет-ғұрыптың бәрі заман тезінен өтіп, уақыт өткен сайын бірі ұмытылып, бірі жаңғыртылып отырады. Ата-бабаларымыздың тұрмыс салты ұқсас бауырлас башқұрт, қырғыз, моңғол, саха сияқты халықтармен салыстырғанда қазақ киіз үйінің өзіндік ерекшелігі бар. Оны сол қалпында сақтап, ары қарай жалғастыру үшін келешек ұрпаққа мұра қалдыруда этногрофтар, мәдениеттанушылар, тарихшылар мен музей қызметкерлерінің рөлі ерекше. Мәселен, Халықаралық музейлер күніне орай 18 мамырда еліміздің барлық жерінде дәстүрлі «музей күні» шарасы өтті. Онда ел тұрғындары мен қонақтары тағы да қазақ киіз үй төріне ілінген қасқыр мен түлкінің терілерін көргені күмәнсіз. ХІХ ғасырдың алғашқы ширегіне дейінгі қазақ халқының салт-дәстүрін, тұрмыс-тіршілігін хатқа, суретке түсірген саяхатшылардың, ғалымдардың жазбалары мен ақын-жазушылардың шығармаларының ешбірінде мұндай көріністі кездестіре алмайтынымызды ешкім есіне алғысы келмейді. – Киіз үйге аң терісін ілу біздің менталитетімізде бұрын мүлде болмаған нәрсе. Ата-бабалармыз қасқыр, түлкі, аю сияқты жыртқыш аңдарды терісінен өзіне қажетті бұйым жасау үшін ғана аулаған. Одан жасалған ішік, тон, бөрік сияқты заттарды өз тұрмысында пайдаланып отырды. Сондықтан олардың терісі ешқашан аяқ астында да жатпаған. Сол себепті тері, картина деген сияқты нәрселер онда болмауы керек.

Егер төрде тері емес, одан жасалған ішік, түлкі тұмақ ілініп тұрса, бұл басқа мәселе, – дейді Алматы облысы Қарасай ауданындағы «Nomad» этноорталығының жетекшісі Жандос Нұрбеков. Туристерге қазақтың ұлттық тағамдарының жасалуын көрсетіп, көшпенділердің қару-жарағының ерекшелігін таныстырып жүрген маманның айтуынша, шетелдіктер ұлттық салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрпымызға қатты қызығады. Тіпті, сол үшін әлемнің түкпір-түкпірінен арнайы іздеп келетіндер де бар. Кейбіреуі бір емес, бірнеше рет келеді. Оның бұл сөзін Ұлттық туризм индустриясы қауымдастығының жетекшісі Раушан Шәмілқызы да растап отыр. Ішкі туризмді насихаттау арқылы шетелден келетін саяхатшылар санын көбейтіп, халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуға үлес қосуды алдына мақсат етіп қойып отырған қауымдастық басшысының айтуынша, туризмді мәдениет пен спорттан бөліп қарауға болмайды. Мемлекеттік органдар туристік ауылдарды қалыптастыруға қолдау көрсетіп, оған халықты ынталандыру керек. Қазақ мәдениетін зерттеу және оны насихаттау ғылыми түрде жүйеленіп, бағдарламалық негізде жоспарланбағандықтан оған қатысы бар және оған мүдделі тараптар «бір жағадан бас, бір жеңнен қол» шығара алмай, Крыловтың әйгілі мысалындағы аққу, шортан, шаянның кебін киіп жүр. «Туристерге жолбасшы болып, оларды еліміздің сәулет және тарихи, мәдени, археологиялық және тағы басқа да түрлі салалардағы мұраларымен таныстыратын мамандардың ортақ нұсқаулығы болмағандықтан қазір әркім өз білгенін талғажау етіп жүр. Тіпті, кейбіреуі киіз үйдің абылайша, аң шаңқан үй, қара үй, қараша үй, жаппа, орда, отау деген сияқты атауларын білмейді. Аяқбау, бақан, бас арқан, басқұр, белбеу, белдеу, дөдеге, жел арқан, жалбау, тегеріш, туырлық, түндік, уыққап, үзік сияқты жабдықтарының ерекшелігін толық түсіндіріп бере алмайды. Абажа, абдыра, ағаш төсек, адалбақан, асадал, бөгіре, жағылан, жозы, жүкаяқ, кебеже, сандық секілді киіз үй жиһаздарын түгел атап бере алмайды. Сондықтан жыртқыш аңдардың терісінен жасалған бұй­ -ымдардың киіз үйде, қашан, қай уақытта ілініп тұратынын біреуге түсіндірмек тұрмақ, өзі де хабарсыз», – дейді Р.Шәмілқызы. Тарих ғылымдарының докторы, этногроф Ахмет Тоқтабайдың пайымдауынша, мұның бәрі қазақ мәдениетін зерттейтін арнайы ғылыми-зерттеу институтының жоқтығынан. Қазақ жылқысының 5 мың жылдық тарихы барын анықтап, ғылыми энциклопедия шығарған ғалымның сөзіне қарағанда, Англия, Франция, Испания, Ресей сияқты әлемнің 40 шақты елінде жылқы музейі бар. Ал жылқының отаны болып отырып, бүкіл әлемге жылқы мәдениетін тарту еткен халық бола тұрып біздің әлі күнге дейін институт да, орталық да, арнайы музей де аша алмағанымыз ұят нәрсе. Дүниежүзіндегі 65 млн жылқының 250 тұқымының бәрі қазақтың жабы жылқысынан тарайтынын әлем ғалымдары мойындайды. Ол біздің ұлттық брендіміз бола алады. Өкінішке қарай, ұлттық мәдениетті зерттеу, оны әлемге таныту әлі күнге дейін жеке адамдардың энтузиазимімен ғана жүзеге асып келе жатыр. Сондықтан өзге халықтар жоқтан бар жасап, түймедейді түйедей етіп насихаттап, оны саяхатшылар тартудың бір нысанына айналдырып жатқанда біздің барымызды бағалай алмай жүргеніміз естір құлақ, көрер көз болса сабақ алатын жағдай.

Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ, «Заң газеті»

Тоқаев су тасқыны жағдайына байланысты маңызды мәлімдеме жасады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы су тасқыны жағдайына байланысты маңызды мәлімдеме жасады.

Ең бастысы, адам өмірін барынша сақтап қалдық — Тоқаев су тасқыны туралы

Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына тап болған қазақстандықтар тағы да бірлік пен ынтымақ рухын көрсеткенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының отырысын өткізіп жатыр

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясы отырысы басталды.

Көлік нөмірін кімге рәсімдеуге рұқсат етіледі? ІІМ мәліметі

ІІМ-де көлік құралын тіркеу және жүргізушілерді даярлау қағидаларына енгізілген түзетулер туралы айтылды.

Бишімбаев ісі бойынша сот тергеуі аяқталды: ары қарай не болады?

Астана соты Бишімбаевқа қатысты сот тергеуін аяқтады. Келесі кезең - сот жарыссөзі.