spot_img
spot_img

Балалар колониясында Астана күні аталып өтті

 6 шілде Астана қаласының туған күніне орай,  Алматы қаласы, қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты,  №11 мекемеде, Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасының мәдени іс шара ұйымдастыру бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп,  Астана  күні кәмелетке толмаған сотталғандар арасында аталып өтті.

Іс-шараның мақсаты: Астана қаласының символы, Астананы ауыстыру туралы ҚР президентінің жарлығы, оның мәртебесі туралы ҚР Заңы, Астана қаласының қазіргі келбетімен, жетістіктерімен таныстыру.

Іс-шара кітапханашылар  дайындаған Астана қаласы туралы баяндамадан басталып,  көрнекті қала туралы, қызықты кітап көрмесі көрсетілді. Жазалы жасөспірімдер Астана-әсем қала туралы, викториналық сұрақтарға қатысып,  сыйлыққа кітап алды. Іс шара көңілді қызықты өтіп, қатысушылар жақсы әсер алды. Іс шара соңында, мекеменің тәрбие бөлімінің бастығы, әділет подполковнигі  Бәзілбаева Алма Қойшыбаевна келген қонақтарға мекеме бастығының атынан алғыс айтып, жазалы жасөпірімдерді  мерекемен құттықтап, осындай мерекелер арқылы, жасөспірімдердің эстетикалық талғамдарын дамытып,  қатарластарынан қалмай қоғамға дұрыс тәрбиелі азамат болып оралуына тілек білдірді.

                                                                          №11 мекеме Еркегүл Жеңісхан

В учреждении №79 Департамента уголовно-исполнительной системы по Атырауской организован творческий вечер

В учреждении №79 Департамента уголовно-исполнительной системы по Атырауской области...

Жеке құраммен түсіндіру-профилактикалық кездесу өтті

2025 жылғы 8 шілдеде №2 түзеу мекемесінде мекеме басшылығының...

Семейде сотталғандар өз қолдарымен Бәйтерек макетін жасады

Бәйтерек-Қазақстан астанасының басты символы. Мәселен, осы Астана күнің мерекелеу...

Состоялась торжественная церемония бракосочетания между осуждённым

В учреждении №64 Комитета уголовно-исполнительной системы Министерства внутренних дел...

Осуждённым разъяснены положения амнистии

В подведомственных учреждениях Департамента по уголовно-исполнительной системе по городу...