12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Қазақстанның экологиясы нашар өңірлері аталды

Атмосфераға зиян заттардың жартысынан астамы еліміздің екі өңірі — Павлодар және Қарағанды ​​облыстарындағы кәсіпорындардан шығады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.

2021 жылы Қазақстандағы барлық стационарлық ластаушы көздерден шығатын зиян заттардың жалпы көлемі 34,3 миллион тонна болған, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 3,3 пайызға аз. 31,9 миллион тонна зиян шығарынды залалсыздандырылған. 2021 жылы атмосфераға шыққан ластаушы заттар көлемі 2,4 миллион тонна болған, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 1,4 пайызға аз.

Атмосфераға тараған зиян заттардың жартысы Павлодар (736 мың тонна) және Қарағанды ​​(569 мың тонна) облыстарына тиесілі. Сондай-ақ, Атырау, Қостанай және Ақтөбе облыстарында 100 мың тоннадан аса зиян шығарынды тіркелген.

Атмосфераға тараған 2,4 миллион тонна ластаушы заттардың 2,1 миллион тоннасы тек өнеркәсіп саласынан. Шығарындының ең көп көлемі жылу және электрмен жабдықтау сегментінде — 945,2 мың тонна. 728,1 мың тоннасы өңдеу өнеркәсібіне тиесілі. Сумен қамтамасыз ету, сондай-ақ қалдықтарды жинау, өңдеу және кәдеге жаратуда 47,8 мың тонна шығарынды тіркелген.

Өнеркәсіптен басқа көлік және қойма шаруашылығы саласындағы кәсіпорындардан да ауаға зиян заттар шығады — 114 мың тонна.

2021 жылы атмосфераға шыққан газ тәрізді және сұйық ластаушы заттардың үлесі 79,6 пайыз немесе 1,9 миллион тонна болды. Оның ішінде күкірт диоксиді — 835,4 мың тонна, көміртегі тотығы — 473,2 мың тонна, азот оксиді — 322 мың тонна, көмірсутек — 133,2 мың тонна.

Ерлан Өтегенов Бас прокурордың орынбасары болып тағайындалды

Ерлан Өтегенов Бас прокурордың орынбасары лауазымына тағайындалды,

Нұрайдың өліміне қатысты іс: күдікті өмір бойына сотталуы мүмкін

Шымкентте 21 жастағы Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты іс бойынша жаңа дерек айтылды.

Биыл елімізде жылыжай саны 10%-ға өсті

2026 жылғы 1 қаңтар жағдайы бойынша Қазақстан Республикасында 2 319 жылыжай тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10%-ға көп.

Әлемде алтын бағасы қымбаттады. Сарапшы не дейді?

2025 жылдың соңында жаһандық алтын нарығы бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Алтынға деген жалпы сұраныс, биржадан тыс операцияларды қоса алғанда, 5 002 тоннаны құрады.

Жаңа Ата заңда адам құқығы қалай күшейеді?

Конституциялық реформа мемлекеттіліктің іргесін бекітіп, егемендік пен тәуелсіздікті қорғауды нақты қағидаға айналдырумен қатар, биліктің алмасуын айқын әрі мызғымас тетік арқылы бекітуді көздейді.