12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары ізгілікке бағытталған

Жүйке жүйесі бұзылу немесе нашақорлық, уытқұмарлыққа салыну салдарынан айналасына зиян тигізетін  адамдарға  медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану заңмен қарастырылған. Мәжбүрлі түрде емдету шаралары соттың қаулысымен және дәрігерлік анықтамалар нәтижесінде  тағайындалады.

Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының кімдерге қолданылатыны жайлы қысқа айтып өтсек, бұлардың қатарында ақыл-есі дұрыс емес күйде Қылмыстық кодекстің ерекше бөлігінде көзделген іс-әрекеттердi жасағандар, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған соң психикасы жаза тағайындау немесе оны орындай алмайтындай халге ұшырағандар, психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтыну салдарынан мінез-құлық ауытқушылығынан емделуге мұқтаж қылмыстық құқық бұзушылыққа барғандар, т.б. 91-бапта айқындалған адамдар бар.

Мәжбүрлі ем қауіпті іс-әрекеттердің қайталануына жол бермеу, сондай-ақ, сырқат жандардың  жеке басының қорғалуын және дұрыс емделу мақсатын көздейді. Психикалық ауруға душар болғандар қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды. Себебі, өз іс-әрекетіне есеп беру қабылетінен айрылғандарды жазалау ешқандай нәтиже бермейді.Сондықтан,оларды ең алдымен мамандар көмегімен қамтамасыз ету керек. Мәжбүрлі түрдегі емнің басты мақсаты – заңдылық пен ізгілік, яғни, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау.  Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары осы принциптер негізінде қолданылады.

Қылмыстық кодекстің 93-бабында көрсетілгендей, сот тағайындайтын медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларына амбулаториялық байқау арқылы психиатрда емдеу, жалпы және мамандандырылған, сондай-ақ, интенсивтi байқайтын мамандандырылған үлгідегі психиатриялық стационарларда, химиялық кастрациялау түрінде мәжбүрлеп емдеуді және сексуалдық зорлық-зомбылыққа бейімділік пен сексуалдық артықшылық беруінің бұзылуын емдеу түрлері кіреді.

Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу ем-шараларға қатысты істер мен оларды қолданудың мерзімін ұзарту, өзгерту немесе тоқтату туралы мәселелер Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстермен қарастырылған. Ал,  мәжбүрлеу шараларын қолданумен байланысты медициналық жәрдем көрсетудiң негiздерi мен тәртiбi Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекспен реттеледi.

 Сотта әр iс бойынша қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекеттердiң жасалғаны дәлелденіп, оны жасаған кезде адам есiнің нақты қандай күйде болғаны тексеріледі. Бұған қоса адамның психикалық сырқатына байланысты өзi немесе өзгелер үшiн қауiптiлiгi, басқа да зиян келтiру мүмкiндiгiн растайтын фактiлер анықталады.

Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын ұзарту, өзгерту және тоқтатуды сот ҚК-нің 96-бабына сай, психиатр-дәрiгерлер комиссиясының қорытындысының негізінде мәжбүрлеп емдейтін мекеме әкiмшiлiгiнiң ұсынысымен жүзеге асырады.

Мәжбүрлі түрде ем тағайындалған адам сотқа оны тоқтату немесе өзгерту туралы ұсыныс беруде бұл тұрғыдағы мәселе шешілу үшін психиатр-дәрiгерлік комиссияның тексеруінен жарты жылда бір рет өтіп тұруы керек. Тоқтату немесе өзгертуге қандай да бір негiз болмаса емдеп жатқан мекеме әкiмшiлiгi мәжбүрлі түрдегі емдi ұзарту үшiн сотқа қорытынды бередi. Бірінші рет ем алғандарға алты айдан кейін ғана ұзартылады. Бұдан соң жыл сайын ұзарту мүмкіндігі бар.

Ал, емді өзгерту немесе тоқтату адамның психикалық жай-күйiне байланысты болады. Мысалы, тағайындалған емге қажеттілік болмай қалуы немесе медициналық сипаттағы өзге мәжбүрлеу шарасы керек болуы мүмкін, мұндай кезде сотта қаралады.

  Психиатриялық стационардағы адамның мәжбүрлі емі тоқтатылған жағдайда, оны одан әрі жалғастыру немесе психоневрологиялық ұйымға жiберу туралы мәселенi шешу үшін сот тиісті материалдарды денсаулық сақтау органдарына бере алады. Егер мұндай адамдар дертінен айыққан, қылмыстық жауапқа тартудың ескіру мерзімі өтпеген, сондай-ақ,  қылмыстық жауаптылық пен жазадан босатуға басқа да негіздер болмаған жағдайда жаза сотпен тағайындалады.

Мира Иембердиева,

Түрксіб аудандық сотының судьясы

Алматы қаласы

Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өткізілді

2024 жылғы 18 сәуір күні кезекті Әдеп жөніндегі кеңес...

Молодежь Алматы помогают в благоустройстве дворов детских домов

В рамках кампании «Алматы – наш общий дом», продолжается...

Алматы жастары балалар үйінің ауласын тазалауда

«Алматы - біздің ортақ үйіміз» науқаны аясында бастау алған...

Алматы жастары «Jas niet» акциясын өткізді

Алмалы ауданының комьюнити орталығының жастары «Алматы – біздің ортақ...

ХІ Республикалық «Үздік лингвист» олимпиадасы-жас ғалымдар алаңы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90 жылдық мерейтойының қарсаңында...