12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Балаларға базарлық тарту етті

Елдің ертеңі мен баянды болшағының кепілі – бала. Ұлағатты ұрпақ ұлт пен ұлыстың, ел мен жердің тірегі. Сондықтан да бала тәрбиесі мен білімі басты орында болғаны абзал. Осыны ескерген ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды «Балалар жылы» деп жариялаған болатын. Атаулы жыл аясында біз де өз үлесімізді қосып, балаларға базарлық беріп қайттық.

Елімізде балалардың ертеңі үшін атқарылып жатқан жүйелі іс, ауқымды жобалардың қатары көп. Биылғы балалар жылында да бірқатар шаралар атқарылғанын көз көріп, құлақ естіді. Бүгінгі ұрпақ үшін жасалған іс, төгілген маңдай тер болашаққа құйылған инвестиция деп білген жөн. Оны ел Президенті де өз сөзсінде тілге тиек еткен болатын.
Ел Президентінің ойын қуаттап, «Балалар жылына» үлес қосуды мақсат еткен Шығыс Қазақстан Облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің №18 мекемесінің тәртіп бөлімінің қызметкерлері мектеп оқушыларына тарту жасап қайтты. Шемонайха ауданындағы Н.А. Островский атындағы №1 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназия оқушыларына құс ұясын тарту етті. Мектеп табалдырығын енді аттаған бүлдіршіндерге құс ұясын сыйлаудың да өзіндік мәні бар.Қыстың көзі қырауда, құстардың да бір жерден жылу іздеп, пана іздейтіні де белгілі, сондықтан бұл балаларға берілген тарту, ШҚО бойынша ҚАЖД тәртіп бөлімінің қызметкердің тарапынан құстарға деген қамқорлықпен, жаң ашырлықпен, табиғатқа және жан-жануарларға деген адамгершілік тұрғыдан махаббатың,жылулығын сезілдіргісі келеді.

«Қазақта: «балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» дейтін тәмсіл сөз бар. Біз де алтын ұяда білім алып жатқан балалар құстай қырағы, алғыр болсын деген ниетпен ұяларды тарту еттік. Сыйлығымызды қабыл алған бүлдіршіндер қуанып, мектеп ұжымы алғыстарын білдірді» — дейді ШҚО бойынша ҚАЖД №18 мекеменің тәртіп бөлімінің бастығы әділет майоры Солтабаев Ринат Советбекұлы.

– « Біз үшін бұл өте керемет сыйлық болды. Енді өсіп келе жатқан балалардың табиғат тылсымдарына дегене қызығушылығы өте жоғары болады. Енді бұл құс ұялары арқылы өскелең ұрпаққа табиғатты аялап, құстарға жаңашырлықпен қарап, бойларына мейірім ұялататын, жанашырлық, жылылық сияқты қасиеттерді қалыптастыратынына мен сенемін. Сіздерге мың алғыс » – деді ұстаз Ольга Некрасова.

Сондықтан біз сыйлаған құс ұясының балалардың табиғатқа деген көзқарасын өзгертіп, мейірімін оятарына сенеміз. Балапанын қорыған қызғыштай балаларымызға әрқашан қамқор бола білейік.

Жасырын насыбай алып кірмек болған азамат ұсталды

           Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68...

Осужденные посетили концертный зал QazaQ Classic

Службы пробацией района Байконыр ДУИС г. Астаны при поддержке...

Сотталған азаматтар қауіпті аймақтан Қызылордаға эвакуацияланды

Мамандар "Қазгидромет" пен "Қазсушардың" мәліметтіне сүйеніп осындай қадамға барған....

Қызылорда қалалық пробация есебіндегі азамат қауіпсіздігі барынша төмен мекемесіне жіберілді

Қызылорда қалалық пробация қызметінің есебіндегі азаматтармен профилактикалық жұмыстар ұдайы...

Пробация есебіндегі азаматтарға жадынама таратылды

Қазіргі таңда Қызылорда қалалық пробация есесбінде 600-ден астам азамат...