12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Жаңақорған кентінде татуластыру рәсімдерін насихаттайтын билборд орнатылды

Жаңақорған аудандық соты халық арасында дауларды соттан тыс реттеудің жолдарын насихаттау мақсатында кент орталығының көрнекті жеріне билборд орнатты.

Билборд орнатудың басты мақсаты-халық арасындағы дауларды шешуде татуластыру рәсімдерін кеңінен насихаттау, татуласу рәсімінің артықшылығы мен нәтижесін түсіндіру.

Татуласу рәсімдері ата-дәстүр мен ел ішіндегі тұрақтылықты сақтауға зор септігін тигізеді.

Сонымен қатар, орнатылған билбордта «Татуластыру рәсімдерінің» негізгі мақсаты, Қазақстан Республикасының азаматтық процестік кодексінің талабына сәйкес, дауласушы тараптардың татуласу келісімін жасау; медиация тәртібмен келісімге келу; партисипативтік рәсім тәртібімен татуласу жолдары, іс қозғалғанға дейін сотқа дейінгі хаттаманы жасай отырып, татуластыру рәсіміне қатыстыру, татуласудың, бітімге, бір мәмілеге келудің пайдасы және бір ауыз сөзбен бүкіл бір елдің мәселесін шешіп, жесірін жылатпаған, жетімін құлатпаған, дархан даланың данагөй ақылмандары, от ауызды, орақ тілді қазақтың даңқты билері Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің ел ішіндегі кейбір кикілжің дау-дамайларды шешіп, қалың қазақты дуалы ауыз шешендігімен, көреген көсемдігімен байтақ қазаққа бас болып, айрандай ұйытқан үш абзалдың және Тұрмағамбет Ізтілеуұлы, Балқы Базар, Шәкәрім Құдайбердіұлы, сөз атасы Мұхтар Әуезов сынды жазушы, көсемсөз зергері, ақын жыраулардың татулық, ынтымақ, бірлік жайлы айтқан қанатты, нақыл, ұлағатты сөздері қамтылған.

Бұл өз кезегінде атқарылған жұмыс ел ішінде дауласушылық деңгейін төмендетуге септігін тигізеді деп санайды.

Сонымен қатар, аталған билбордтағы ақпараттар қажеттілігіне қарай өзгертіліп отыратын болады.

Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі.

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы қызмет көрсету тәртібі оңайлатылды

Қазақстан Республикасының «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңының...

Бишімбаев сотқа телефонының құпиясөзін беруден бас тартты

Бүгін Қуандық Бишімбаев сотқа телефонының құпиясөзін беруден бас тартты....

В Кызылорде акимам разъяснили антикоррупционные нормы

Антикоррупционной службой по Кызылординской области акимам 26 сельских округов...

Кәмелетке толмаған сотталғандар арасында мамандандыру жұмыстары жүргізілуде

№11 мекемесінде жазасын өтеп жатқан кәмелетке толмаған сотталғандар арасында...

Білім саласындағы жаңашыл әдістер

   Қазақстанның білім берудегі басты мақсаты - көшбасы мемлекеттердің...