12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Сотталғандар арасында сайыс өтті

Табиғат — күллі тіршілік атаулының қуатты қонысы, алтын ұя бесігі, құт берекесі. Осы табиғаттың төрт мезгілінің алатын орны ерекше. Күз адам баласына молшылық, береке әкелетін мезгіл. Сондықтанда да, адамдар күзді берекелі күз, алтын күз деп баға береді.

Осыған орай, Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №37 мекемесінде Шиелі аудандық жалпы орта білім беретін кешкі мектептің мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Аяулы күз, Алтын күз» танымдық сайысы өтті. Сайысқа мекемедегі жазасын өтеушілер қатысты. Сайыс ережесіне сәйкес сотталғандар екі топқа бөлініп, бес кезең бойынша сынға түсті.

Сайыс кезеңдері бойынша сотталғандар қызықты логикалық сұрақтарға жауап беріп, суреттерге байланысты әңгіме құрап, өз өнерлерін көрсетті. Қызықты да тартысты өткен сайыста сотталғандар күз мезгілінің тіршілікке берер пайдасын түсіндіріп, күзгі табиғат ерекшеліктері туралы әңгімеледі. Ал соңғы кезеңде сотталғандармен крупотерапия жұмысы жүргізілді. Олар әр түрлі дәндерден сурет құрастырып шықты.

Бұл шара сотталғандардың жүзіне күлкі сыйлап, оларды талғампаздыққа, ой ұшқырлығына жетеледі. Жазасын өтеуші азаматтар ән айтып, би билеп өз өнерлерін паш етті. Жеңімпаз топтарға күзгі жемістер себеті сыйға беріліп, громатамен марапатталды.Алдағы уақытта да осындай шараларды жиі ұйымдастыратын боламыз»,- деді тәрбие бөлімінің бастығы әділет майоры А.Уайдаев.

Маған соңғы кезең дәнді дақылдармен жұмыс жасау кезеңі ұнады. Жұмыс кезінде әуезді ән тыңдап, көңіліміз серпіліп қалды. . Жапырақ, гүл, жануарлар мен үй суреттерінің аппликациясы бойынша түрлі дақылдарды жапсырып, жақсы дүние жасап шықтық.Бұл іс-шара менің қиялыма қанат бітіріп, шабытымды оятты. Өмірге деген қызығушылығымды арттырды. Балалық-шағым есіме түсіп, сергіп қалдым.Ұйымдастырушы кешкі мектеп мұғалімдері мен мекеме қызметкерлеріне алғысым шексіз»,- деді сотталған азамат.

Дана Достанова
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Сотталғандарға наурыз көже таратылды

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №60 мемлекеттік мекемесінде...

Қызылордада есептегі бес сотталғанның отбасына азық-түлік себеттері таратылды

Наурыз мерекесінің қарсаңында Қармақшы аудан әкімшілігінің ұйымдастыруымен “Наурыз мейірімі”...

Теологиялық оңалту жұмыстарын жүзеге асыру

Атырау облысы бойынша ҚАЖД №79 мекемесінде теологиялық оңалту жұмыстарын...

Сотрудники учреждения №2 Департамента УИС по городу Астана продолжили марафон добрых дел

2-ой день праздика «Наурызнама», который начался 14 марта является...