12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Бақытты отбасы – тұрақты мемлекет!

Отбасылық даулар – қазіргі кезде өзекті мәселелердің бірі.

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Бақытты отбасы – еліміздің өркендеуінің негізі» деген болатын.

Тек кана отбасы бізге күш пен өзiмiзге деген сенімділік береді, өмір үйрететін сабақтардан сүрінбей өтуге көмектеседі, адамгершілік құндылыққа баулыйды.

Алайда, өкінішке қарай, біздің елде әрбір үшінші отбасының шаңырағы құлап, әрбір үшiншi неке бұзылып жатыр.

Қазiргi тада сот өндірісінде отбасылык тұрмыстық және неке бұзу жөніндегі талап арыздар жылдан жылға көбеюде.

Осыған орай, Шымкент қаласының аудандық соттарында «ОТБАСЫЛЫҚ СОТ» жобасы қолға алынып, жүзеге асырылып келеді. Бұл бастаманың басты мақсаты – ерлі-зайыптылардың арасындағы жанжалды бітімгершілікпен шешіп, татуласына септігін тигізу болып табылады.

Отбасы адам баласының өсіп-өнер алтын ұясы. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетiп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да, отбасы – адамзаттың аса қажетті, әрі қасиеттi алтын мектебі.

Қоғамды танып-білу коғамда тіршілік етіп жүрген адамдарды танудан басталады. Ал адамдардың адамдық қасиеттерін танып-білудің бірден-бір жолы – олардың өмір сүрген ортасы, яғни отбасы және сол жерде алған тәлім-тәрбиесі. Осы орайда, ізгі және имани тәрбие алған адам – өнегелі, иманды жанұяның iзгi жемiсi екені сөзсіз.

«Ел болам десең, бесігіңді түзе» – деген қазақтың нақыл сөзі отбасындағы тәрбиенің адам баласы үшін қаншалықты маңызды екенiн айқындап тұр.

Адамның өміріндегі ең қуанышты қызық дәурені отбасында өтіп жатады. Бала өмірінің алғашқы күнінен бастап ата-ана өздерінің негізгі борыштарын, тәрбие жұмысын аткаруға кіріседі. Отбасы тәрбиесінің негізгі мәні отбасындағы өзара ынтымақтастық пен түсіністік болып табылады.

Босағасы берік отбасында әрбір адам өзара қамқорлықпен татулыққа, үй іші жұмыстарын жұмыла кірісіп орындауға, жаксы мен жаман туралы пікірлерін ортаға салып ұштастыруға, қаражатты дұрыс бөліп тұтынуға, еңбекпен табылған ақша құнын бағалап, қадірлеуге үйренеді.

Ұяда не көрсең, ұшқанда соны аласың дегендей, бала тәрбиесі ол дүниеге келген алғашқы күннен басталады. Бала өскен сайын, оның тәрбиесi де күрделеніп, оған қойылатын талаптар да күшейе түседі. Бала жақсы адам болып өсуi үшiн, ол күн сайын отбасы мүшелері арасындағы ең жарасымды, ең әдiлеттi қарым-қатынастардың куәсі болуы керек.

Отбасы шын мәнінде тату-тәтті, өзара түсіністікте болса, одан адамгершілік пен әдiлеттiң көрiнiсi айқын сезiлiп тұрады.

Әрине, сот өз кезегінде істі қарайды, сондай-ақ отбасы арасындағы түсініспеушілікті жою мақсатында психологтың көмегін ұсынады. Бүгін «Отбасылық сот» пилоттык жоба аясында психологтар да жұмысқа тартылды. Жоғарыда көрсетілген факторлардың алдын-алу мақсатында, судья-медиатор және кәсіби психолог-медиатор кеңестерімен отбасын сақтап қалу және осы факторлар бойынша ерлі-зайыптылардың үзілген үмітін жалғау басты мақсат болып табылады.

Шымкент қалалық сотының бастамасымен, Шымкент қаласы Абай аудандық сотында «Право» ҚФ бірлесіп, медиаторлар мен психологтар кабинеті ашылды.

Олардың жұмысы ерлі-зайыптыларды татуластырып, Шымкент қаласында ажырасуды азайту мақсатында мамандардан кеңес алуға бағытталмақ.

Ерлі-зайыптыларға психологтар мен медиаторлар тегін көмек көрсетеді.

Мұнда отбасылық дауларды шешуге және толыққанды отбасын сақтауға жағдай жасалған, жанжалдарды сотқа дейін және соттан тыс реттеу шаралары қабылданатын болады.

Ажырасу үстіндегі ерлі-зайыптыларға дағдарыстан шығудың басқа жолын табуға көмектеседі, сонымен қатар психологиялық және құқықтық қолдау көрсетіледі.

Мұның өзі күнделікті күйбiн тiршiлiктен қажыған отбасы мүшелерінің iшкi жандануына қол ұшын беретiн таптырмас көмек.

Л.Ауелбекова, Шымкент қаласының Абай аудандық сотының судьясы

«Темір жол-қауіптілігі жоғары аймақ»тақырыбында профилактикалық әңгіме өткізілді

Ағымдағы жылдың 16 сәуір күні Түрксіб станциясындағы желілік полиция...

Мошенники используют ситуацию с паводками для обмана граждан

«Проверьте свой ИИН на наличие выплат», «Получите компенсацию до...

Алаяқтар су тасқыны жағдайын азаматтарды алдау үшін пайдалануда

«Жеке сәйкестендіру нөміріңізді төлемдердің бар-жоғына тексеріңіз»,«Сілтемеге басып, 3 млн...

Қызылордада жемқорлыққа қарсы мобильді топ тегін құқықтық көмек көрсетеді

Қызылорда облысында «Жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы аясында «Сыбайлас жемқорлыққа...

«Аймақтану» білім беру бағдарламасы қандай мамандықтарды дайындайды?

Халықаралық кеңістікті аймақтарға бөлу халықаралық қатынастардажаңалық емес. Халықаралық қатынастар...