12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресу жолдары

Қазіргі таңда тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресу мәселелелері бүкіл әлемде өзекті болып отыр. Дегенмен, отбасылық тирандар азаяр емес. Әсіресе еліміздегі отбасылық зорлық зомбылықты қалыпты санайтындардың түсінігінің салдарын жиі сезінудеміз.  

Осы орайда, еліміздегі әйелдер қауымдастығы әлеуметтік желілер арқылы отбасылық зорлық-зомбылықпен күресу мәселелеріне қоғамның назарын аудару үшін барынша дабыл қағуда. Мысалы «Дағдарыс орталықтары одағы» ЗТБ, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік гранты шеңберінде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталықтарының қызметін жетілдіру және агрессорлармен жұмыс істеу жөніндегі іс-шаралар кешенін ұйымдастыру» әлеуметтік жобаларын айтуға болады.

Әрине тұрмыстық тирандар зорлық-зомбылық мәселелерін ашық түрде қоғаммен талқыланатын нысанаға айналдырғысы келмейді. Себебі қоғамның құқықтық санасында тұрмыстық зорлық-зомбылық аса қатігездікпен, қасақана  физикалық күш қолдану түсінігімен ұштасады деген пікір қалыптасты. Яғни, отбасылық зорлық-зомбылық әртүрлі формада (психологиялық, экономикалық, физикалық, тұрмыстық, жыныстық және т.б.) көрінетін көп қырлы әлеуметтік құбылыс.

Дегенмен 2022 жылдың 01 қыркүйегіндегі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауында «отбасылық зорлық-зомбылық көріністеріне деген көзқарасы өзгергенін байқауға болады, атап айтқанда, отбасылық зорлық-зомбылықты қылмыс санатына жатқызу мәселесі қоғамда көптен бері талқыланып жүр. Құқық қорғау органдары бұл ұсыныстың дұрыс екеніне күмәнмен қарайды. Себебі, мұндай тұрмыстық жағдайларды анықтау оңай емес, яғни осындай оқиғаларды тергеп-тексеру қиынға соғады. Бұл сөздің де жаны бар. Бірақ, қалай десек те, отбасылық зорлық-зомбылыққа көз жұма қарауға болмайды» — деп атап өтті. 

Әрине отбасында ойран салатындар жазаға тартылмаса, олар одан бетер басынып кетеді. Ал жапа шеккендер мүлдем қорғаусыз қалады. Мұндай әрекеттер үшін жазаны күшейтетін кез келді деп санаймыз. Зардап шеккен жандар елдің сөзінен немесе біреудің қысым жасауынан қорықпауы қажет. Бұл тұрғыда Президенттің көзқарасы қоғамның зорлық зомбылыққа деген қарсылығымен үндесіп отыр.

Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодексте отбасы-тұрмыстық қатынастар деп ерлi-зайыптылар, бұрынғы ерлi-зайыптылар, бiрге тұратын немесе бiрге тұрған адамдар, жақын туыстар, ортақ баласы (балалары) бар адамдар арасындағы қатынастар деп түсiндiріледi.

Аталған кодекстің 73-бабына сәйкес құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, тұрмыстық заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда жасалған басқа да әрекеттер егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса ескерту жасауға не бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алуға әкеп соғатыны айтылған.

Алайда аталған құқықбұзушылық жоғарыдағы кодекстің 64-бабына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер жәбiрленушiнiң арызы бойынша ғана қозғалады және ол әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған тұлғамен татуласқаннан кейiн тоқтатылуға жатады.

Осы орайда, құқық қорғау органдары отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы зорлық-зомбылық фактісі анықталса, онда тез арада агрессорге жазаның бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алуды қарастыру қажет. Бұл құқық қорғау органдары тұрмыстық құқықбұзушылықтарды дереу анықтау сипатына көшеді деген сөз. Себебі жапа шеккен жан арыз жазбайтын болса да, агрессор міндетті түрде жазаланады. Сонда ғана олардың әрекеті агрессор тарапынан қайталанса тараптар өзара татуласу арқылы жауаптылықтан құтыла алмайды. Бұл дегеніміз агрессор өзінің құрбанына психологиялық тұрғыдан «арызыңды қайтып ал!» деген қысым жасай алмайды деген сөз.

Демек полиция қызметкерлері отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы зорлық-зомбылықпен күресу үшін iстiң мән-жайларын уақтылы, жан-жақты, толық объективтi және өте мұқият жұмыс жүргізіп, дер кезінде тиісті шараларды қолдануға мүмкіндік береді.

Амандосұлы Бағдат, заңгер

Неке-отбасылық қатынастары, даулары

Қазақстан Республикасының Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Кодексіне (әрі...

       Соттағы болып жатқан жаңашылдықтар(сот кабинеті, Е-өтініш,электоронды қылмыстық істер)

 Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотын электрондық жазбаны мейлінше...

          Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс -қимыл

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлық мәселесі негізгі проблемалармен...

Біздің мақтаныштарымыз

Әлемдегі ең ұлы қолбасшы Ескендір Зұлқарнайын «Мен өзімнің ұстазыма...

В ЗАЩИТУ ПРАВ ЖЕНЩИН И ДЕТЕЙ

Как известно Главой государства 15 апреля текущего года подписаны...