12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Әкімшілік сотта әкімшілік іс талап қою негізінде қозғалады.

Талап қою сотқа жазбаша нысанда не талап қоюшының және (немесе) оның өкілінің электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған электрондық құжат нысанында беріледі.

Талап қоюда мыналар көрсетілуге тиіс:

талап қою берілетін соттың атауы;

           —  егер талап қоюшы жеке тұлға болса, талап қоюшының тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), оның тұрғылықты жері, оның туған күні мен жері, егер талап қоюды өкіл берсе, өкілдің атауы мен оның мекенжайы; талап қоюшының, оның өкілінің телефон нөмірлері, электрондық поштасының мекенжайлары; егер талап қоюшы заңды тұлға немесе өзге ұйым болса, талап қоюшының атауы, оның орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі және банктік деректемелері;

           — жауапкердің атауы, орналасқан жері, банктік деректемелері (егер олар талап қоюшыға мәлім болса) және бизнес-сәйкестендіру нөмірі (егер ол талап қоюшыға мәлім болса). Егер олар талап қоюшыға мәлім болса, талап қоюда жауапкердің телефондарының нөмірлері мен электрондық мекенжайы көрсетілуге тиіс;

         — талап қою талаптарының мазмұны (талап қою нысанасы) және талап қоюшы өз талаптарын негіздейтін мән-жайларды баяндау (талап қою негіздері), талап қоюшының құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері бұзылуының немесе бұзылу қаупінің мәні. Талап қою бірнеше жауапкерге берілген жағдайда, жауапкерлердің әрқайсысына қатысты талап қою талаптарының мазмұны;

        — егер бұл заңда белгіленген болса, жауапкерге сотқа дейін жүгіну тәртібінің сақталуы туралы мәліметтер;

        — құжаттардың және басқа да қоса берілетін материалдардың тізбесі (болған кезде).

          Талап қоюда, әдетте, мыналар да көрсетіледі:

         — талап қоюшының жауапкердің оның құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін бұзғаны туралы, оларды жүзеге асыруға кедергілердің белгіленгені туралы не өзіне қандай да бір міндеттің заңсыз қолданылғаны туралы негізделген пікірі;

          — қажет болған жағдайда – мемлекеттік баж төлеуді кейінге қалдыру, оны бөліп төлеу, төлеуден босату туралы; сот сараптамасын тағайындау туралы; дәлелдемелерді талап ету туралы; куәларды шақыру туралы; талап қоюды қамтамасыз ету туралы жазбаша өтінішхат және басқа да өтінішхаттар.

       Талап қою талаптары негізделетін мән-жайларды растау үшін талап қоюшы дәлелдемелерді ұсынады, ал мүмкін болмаған жағдайда тиісті себептерді көрсете отырып, өзі дербес бере алмайтын дәлелдемелерді көрсетеді.

       Талап қоюға талап қоюшы немесе оған қол қоюға өкілеттігі болған жағдайда оның өкілі қол қояды. Егер талап қоюды өкіл берсе, онда өкілдің аты, оның пошталық мекенжайы, сондай-ақ егер ондайлар бар болса, телефондарының нөмірлері, электрондық поштасының мекенжайы көрсетіледі.

        Талап қоюға қоса берілетін құжаттар, әдетте, төлнұсқаларда ұсынылады. Құжаттарды төлнұсқаларда ұсыну мүмкін болмаған кезде олар заңда белгіленген тәртіппен куәландырылған көшірмелерде ұсынылуы мүмкін. Егер төлнұсқаның болмауы себебінен құжаттың көшірмесін куәландыру мүмкін болмаса, талап қоюда мұндай әрекеттерді жасаудың мүмкін болмау себебі жазылуға тиіс.

        Талап қоюға мыналар қоса беріледі:

        1) әкімшілік процеске қатысушылардың саны бойынша талап қоюдың және оған қоса берілген құжаттардың көшірмелері;

        2) мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат;

        3) сенімхат немесе өкілдің өкілеттігін куәландыратын өзге де құжат;

        4) талап қоюшы өз талаптарын негіздейтін мән-жайларды растайтын құжаттар;

        5) егер бұл тәртіп заңда белгіленсе, дауды реттеудің сотқа дейінгі тәртібінің сақталуын растайтын құжаттар;

       6) егер талап қоюды заңды тұлға берсе, жарғының, мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің немесе анықтаманың көшірмелері және басқа да құжаттар;

       7) егер талап қою осы Кодекстің 102-бабы үшінші бөлігінің тәртібімен берілсе, инвестор мен уәкілетті мемлекеттік орган арасында жасалған инвестициялық келісімшарттың көшірмелері, сондай-ақ инвестордың инвестициялық қызметін растайтын құжаттар.

       Сотқа  азамат не заңды тұлға  төрт түрлі талаппен жүгінуі мүмкін:

        1) дау айту туралы талап бойынша- азамат әкімшілік актіні толық не бір бөлігінде күшін жоюды талап етуі мүмкін.

        2) мәжбүрлеу туралы талап бойынша – азамат өзіне қолайлы әкімшілік актінің шығарылуын не қабылдануын талап етуі мүмкін;

        3) әрекет жасау туралы талап бойынша- азамат қандай-да бір іс-әрекеттің жүзеге асырылуын талап етуі мүмкін;

        4) тану туралы талап бойынша- азамат қандай да бір құқықтық қарым қатынастың бар болуын не болмауын тануды талап етуі мүмкін.

        Талап қоюшы өз мүмкіндіктеріне сәйкес дәлелдемелерді жинауға қатысуға міндетті,сондай-ақ талап қою түріне қарамастан, талап қоюшы өзінің құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің бұзылғаны туралы өзіне белгілі болған уақыт мен келтірілген залалдың мөлшерін дәлелдеуге міндетті.    

         Дау айту туралы, мәжбүрлеу,әрекет жасау туралы талап қоюлар шағымды қарайтын органның шағымды қарау нәтижелері бойынша шешімі табыс етілген күннен бастап, не әрекеттің жасалғаны туралы мәлім болған күннен бастап , бір ай ішінде сотқа беріледі.

      Ал, тану туралы талап қою сотқа тиісті құқықтық қатынас туындаған кезден бастап бес жыл ішінде беріледі.

     Бұдан былай заңды күші жоқ, ауыртпалық түсіретін әкімшілік актіні заңсыз деп тану туралы талап адамға осы акт арқылы оның құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері бұзылғаны туралы мәлім болған күннен бастап үш ай ішінде мәлімделуі мүмкін.

        Сот орындаушысының атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) талап қою әрекет жасалған (әрекет жасаудан бас тартылған) күннен бастап немесе сот орындаушысының әрекет жасау уақыты мен орны туралы хабарланбаған өндіріп алушыға немесе борышкерге ол туралы белгілі болған күннен бастап он жұмыс күні ішінде сотқа беріледі.

    Құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері әкімшілік актіде қозғалатын, әкімшілік рәсімге қатыспаған адам әкімшілік актінің қабылданғаны туралы адам білген немесе білуі мүмкін болған күннен бастап бір ай ішінде, бірақ ол қабылданған күннен бастап бір жылдан кешіктірмей сотқа талап қоюды беруге құқылы.

       Шағымды қарайтын органға шағым берген адам шағым бойынша шешім табыс етілген кезден бастап бір ай ішінде не шағымды қарау мерзімі өткен соң, егер шағым бойынша шешім қабылданбаса, талап қоюмен сотқа жүгінуге құқылы.

        Дәлелді себеппен өткізіп алынған талап қоюды беруге арналған мерзімді сот Қазақстан Республикасы Aзаматтық процестік кодексінің қағидалары бойынша қалпына келтіруі мүмкін. Талап қоюды сотқа беруге арналған мерзімдерді өткізіп алу себептері мен олардың мәнін әкімшілік істің дұрыс шешілуі үшін сот алдын ала тыңдауда анықтайды.

        Талап қоюды сотқа беруге арналған мерзімді дәлелді себепсіз өткізіп алу, сондай-ақ сотқа жүгінудің өтіп кеткен мерзімін қалпына келтірудің мүмкін болмауы талап қоюды қайтару үшін негіз болып табылады.

Шымкент қаласының МАӘС судьясы

Қалдыбекова Г.Т.

Особенности раздела имущества супругов

Гражданским процессуальным кодексом определены процессуальные вопросы разрешения гражданских споров....

Балаға қай тілде білім берсең, түбі сол ұлтқа қызмет етеді

Ұлтты өзгелерден даралайтын – тарихы мен тілі, салт-дәстүрі мен...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес — баршамызға ортақ іс

Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып...

Гендерлік теңдік- тұрақтылыққа тірек

Соңғы жылдары елімізде гендерлік теңдік мәселесі жиі қозғалып жүр....

Баланың тағдыры елеусіз қалмауы керек

«Бала – біздің болашағымыз!». Баланың жарқын болашағы толығымен оның...