12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Инга Иманбаеваның президент сайлауына тіркелу өтініші неге қабылданбағаны айтылды

Инга Иманбаева Орталық сайлау комиссиясына президенттікке үміткер болуға өтініш берді. Бірақ оның өтініші қабылданбаған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«2022 жылғы 29 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына келген азаматша Инга Иманбаева 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауына өзін кандидат ретінде ұсыну туралы мәселені қозғады. Алайда, Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттар ұсыну үшін «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңда көзделіп отырған қажет құжаттар ұсынылған жоқ», — делінген ведомствоның баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттар ұсыну «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 54 және 55-баптарына сәйкес жүзеге асырылатынын еске салды. 

Инганың өзі әлеуметтік желілерде кейбір мәселелер бойынша президенттікке кандидаттарға қойылатын талаптарға сай келмейтінін атап өткен. Мысалы, оның мемлекеттік қызметте жұмыс өтілі жоқ.

Айта кетейік, Инга Иманбаева — азаматтық белсенді, тіркелмеген Демократиялық партия жетекшісі Жанболат Мамайдың жұбайы. 

Ерлі-зайыптылардың мүлкін бөлу ерекшеліктері

           Азаматтық процестік кодексі азаматтық дауларды шешудің іс жүргізу...

Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өткізілді

2024 жылғы 18 сәуір күні кезекті Әдеп жөніндегі кеңес...

Молодежь Алматы помогают в благоустройстве дворов детских домов

В рамках кампании «Алматы – наш общий дом», продолжается...

Алматы жастары балалар үйінің ауласын тазалауда

«Алматы - біздің ортақ үйіміз» науқаны аясында бастау алған...

Алматы жастары «Jas niet» акциясын өткізді

Алмалы ауданының комьюнити орталығының жастары «Алматы – біздің ортақ...