12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

50-ден астам аккумулятор ұрлаған жас жігіттер сотталды

Түркістан облысының полицейлері құны 3 700 000 теңге болатын 50-ден астам аккумулятор ұрлаған жас жігіттерге қатысты істі айыптау актісімен сотқа жолдады. Нәтижесінде Ордабасы аудандық сотының үкімімен әрқайсысына 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.
Осы істі соңына жеткізіп, күдіктіні анықтап, қылмысты ашуда ордабасылық полицейлердің еңбегі зор. Нақтырақ айтсақ, Ордабасы аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын шағымданып, белгісіз біреулер «КамАЗ» маркалы жүк көлігінің 4 аккумуляторын ұрлап кеткендігі туралы хабарлаған. Жәбірленуші азаматқа келтірілген жалпы шығын көлемі шамамен жарты миллион теңге. Тәжірибелі полиция қызметкерлерінен құрылған жедел-тергеу тобы қылмысты ашуға бірден бағыт алады. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде криминалдық полиция қызметкерлері күдікті ретінде Арыс қаласының 4 тұрғынын ұстайды. Күдікті жас жігіттер бір ауылдың тұрғындары болып шықты. Олар Арыс және Ордабасы аудандарында орын алған аккумулятор ұрлығын жасаудың 18 жайтына қатысы бар екендіктері анықталды. Ер адамдардан айғақты зат ретінде 20-дан астам ұрланған аккумуляторлар тәркіленді. Белгілі болғандай, күдіктілер әр жасалған қылмысқа жоспар түзіп, сол бойынша дайындалған. Олар өз көліктеріне жалған нөмірлерді қойып, ұрлыққа кіріскен. Содан ауылдас сезіктілер арнайы құрал-сайманның көмегімен, қараусыз, яғни қоршауы әлсіз, тіпті жоқ аулаларға, кілттенбей тұрған түрлі көліктерден аккумуляторларды оп-оңай ұрлаған. Кейін оларды Арыс, Шымкент қалаларындағы темір қабылдайтын орындарға өткізіп, түскен ақшаны өзара бөлісіп алған. Аталған жайт бойынша ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілді. Өз кезегінде сот күдіктілердің бұрын сотты болмағандығын, келтірілген шығындарды өтеп, жәбірленушілердің барлығынан кешірім алғандарын ескеріп, бас бостандығынан шектеу жазасын тағайындаған.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Социальные выплаты получат 70 специалистов, прибывших работать в область Жетысу

Решением комиссии акимата области Жетысу и Управления здравоохранения с...

«Парақорлыққа қарсы менеджмент жүйесі» стандартын енгізу мәселесі бойынша семинар өткізілді

Бүгін Қызылорда облысы әкімдігінде квазимемлекеттік секторда «ISО 37001:2016 Парақорлыққа...

Семейде колония қызметкерлері кәсіби бағдарлау жұмысын жандандырды

Семей қаласында ҚАЖ қызметкерлері кәсіби бағдарлау жұмысын жандандыру ...

В Семее сотрудники УИС активизировали работу по профориентации

В Семее сотрудники учреждения №19 ДУИС по области Абай...

Алматылық дәрігерлер жол апатына ұшыраған ер адамның аяғын сақтап қалды

№7 Қалалық клиникалық аурухана дәрігерлері жол апатына ұшыраған 40...