12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Сот жүйесіндегі мемлекеттік тілдің мәртебесі өсіп келеді

Қазіргі уақытта сот жүйесінде мемлекеттік тілді қолдану аясы жыл өткен сайын артып келеді. Егер сотқа түскен арыз қазақ тілінде жазылса сот ісі ары қарай қазақ тілінде жүргізіліп, ал керсінше арыз орыс тілінде болса сот отырыстарының ресми тілде өтуіне мүмкіндік берілуде. Яғни тіл халықтың қалауына қарай таңдалуда. Ең бастысы соттардың халық қалауына сай әрекет етуіне толық мүмкіндік бар.

Дегенмен Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі «барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы» екендігі әрқашан басты назарда болып отыр. Тіл қарым-қатынас құралы болуымен бірге оны тұтынушы халықтың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, дүниетанымдық ерекшелігін, ұлттық болмысын, рухани-мәдени байлығын, сан ғасырларға созылған даму тарихын ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып, жеткізуші, жинақтаушы қызметін атқарады. Осы қасиеттеріне сәйкес қазақ халқының ана тілі — қазақ тіліне мемлекеттік тіл ретінде басымдылық берілетінін негіздеген Ата заңымызбен, «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы заң» және «Тілдерді қолдану мен дамыту туралы» 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес, қазақ тілі еліміздің бүкіл аймағында, қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі екені айқындалған. Сондықтан мемлекеттік тіл мәселесі әрқашан қоғамды басқару тілі ретінде басымдыққа ие. Мемлекттік тіл — бұл Отан бастау алатын ту, елтаңба, әнұран секілді дәл сондай нышан. Ол елдің барша азаматтарын біріктіруі тиіс.

Сот жүйесі де мемлекеттік тілдің маңызын әрқашан басты орында ұстайды. Сот жүйесіндегі мемлекеттік тілдің дамуы – сот төрелігін жүзеге асырудағы басты аспектілердің бірі болып табылады.

Қазақстан Республикасында сот ісін жүргізу қазақ тілінде жүргізіледі, сонымен бірге орыс тілі ресми түрде қолданылады, қажет болған жағдайда басқа тілдер де қолданылады. Басқа тілдерді қолданудың қажетті жағдайларына іс жүргізу әрекеттерін орындау және белгілі бір тілде шешімдер қабылдау сот ісін жүргізуге қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауды қамтамасыз ететін жағдайлар кіреді. Сондықтан, сот ісін мемлекеттік тілде жүргізу және қажет болған жағдайда басқа тілдерді қолдану түсініктерін теңестіріп қарауға болмайды.

Сот жүйесінде мемлекеттік тілдің деңгейін көтеру үшін айтарлықтай  шаралар қабылдануда, көптеген жұмыстар атқарылуда. Атап айтар болсақ, қазіргі таңда сот жүйесінде қазақ тілін үйрету мақсатымен тілдік курстар ашылып, судьялар және сот жүйесінің қызметкерлері кәсіби қазақ тілін үйренуде.

Полатова Жайна Маратовна, Алматы облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маман-сот мәжілісінің хатшысы

Біздің мақтаныштарымыз

Әлемдегі ең ұлы қолбасшы Ескендір Зұлқарнайын «Мен өзімнің ұстазыма...

В ЗАЩИТУ ПРАВ ЖЕНЩИН И ДЕТЕЙ

Как известно Главой государства 15 апреля текущего года подписаны...

Жеке сот орындаушылар жұмысы жандануда

Қазақстанда жеке сот орындаушылар институты тиімділігін толықтайдәлелдеуде. Оны сот...

Азаматтық істер бойынша сот актілерін орындау

АПК-нің 241-бабына сәйкес, шешім дереу орындау жағдайларын қоспағанда, заңды...

Оңалту процедурасын қолдану

Экономиканы қалпына келтірудің маңызды міндеттерінің бірі барлық тиімсіз және...