12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Ескерту алған сотталғандарға қайта жеңілдік берілмейді

Сарыағаш ауданында облыстық «Пробациялық бақылау» жедел тексеру ишарасы өтті.
Шымкен қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаменте қарасты Сарыағаш аудандық Пробация үйінде «Пробациялық бақылау» атты республикалық профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде. Аудандық пробация қызметі бөлімінің бастығы әділет майоры Қуандық Сартаев пен пробация қызметінің инспекторлары есепте тұрған азаматтар мен азаматшаларды жеке-жеке қабылдады. Ал, кешкісін тұрғылықты мекен жайы бойынша тексерді. Тексеру барысында пробация қызметінің есебінде тұратын сотты болғандар көрсетілген мекен-жайда болмағаны да анықталды. Сот тағайындаған талапты орындамағаны үшін ескерту алды.
Аталған шараның басты мақсаты — пробация қызметінің есебінде тұрған қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларға сотталғандар тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтардың және қылмыстың алдын алу мақсатында олардың тұрғылықты мекен-жайына барып тексеру жүргізіп, кеңес өткізеді.
Мемлекетіміздегі құқық қорғау органдарының бірі – пробация қызметі. Пробация қызметінің негізгі мақсатына тоқталатын болсақ, сот органдарының заңды күшіне енген үкімі бойынша қоғамдық жұмысқа және түзеу жұмыстарына тарту, бас бостандығын шектеу, белгілі бір лауазымды иелену немесе белгілі бір қызмет түрімен айналысу құқығынан айырылған, шартты түрде сотталған, тағайындалған жазалары кейінге қалдырылған жүкті әйелдермен жас балалары бар әйелдердің мінез – құлқына бақылау жасау болып табылады. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде», демекші аталмыш орган қызметкерлері қылмыс жасаудың алдын ала отырып осы бағытта іс – шаралар ұйымдастырып, профилактикалық жұмыстар атқарады. Бұл орайда әр түрлі кәсіпорындар мекемелер және ұйымдар мен кездесулер ұйымдастырып, жаман әдеттерге еліктеуге дайын тұратын жастар арасында пікір сайыстар өткізе отырып, жақсылыққа үйренуге, жаманнан жиренуге шақырады.
— Тексеру шарасы барысында ескерту алған сотталғандар да бар. Олар келесі тексеру шарасында заңды тағы да бұзатын болса, онда оларға жеңілдік берілмейді. Бірнеше ескерту алған сотталған азаматың сотжүктеген міндеттің өтелмеген бөлігі, бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылыады. Бүгінгі күні Сарыағаш аудандық пробация қызметі бөлімінің есебінде тұрған 235 қоғамнан оқшаулалуға байланысты емес жазаға сотталғандар тарапынан құқық бұзушылықтардың және қылмыстың қайталануының алдын-алу мен болдырмау, сондай-ақ іздеу жарияланған сотталғандардың тұрғылықты немесе жүрген жерін анықтау мақсатында 2022 жылғы қыркүйек айының 20 мен 27 аралығында «Пробациялық бақылау» атты облыстық профилактикалық іс-шаралары өткізілді. Осыған байланысты Сарыағаш аудандық пробация қызметі бөлімінің есебінде тұрған тұлғалармен қайта қылмыс жасаудың дерегін, сонымен қатар қоғамдық тәртіпке және адамгершілікке, кәмелетке толмағандардың құқықтарына, жеке тұлғаға және отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар жіберу фактілерін болдырмау мақсатында Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция қызметкерлерімен бірлесе есептегілердің тұрғылықты жерлеріне және жұмыс орындарына тексерістер ұйымдастырылып, есептегілермен және олардың түзелуіне ықпал жасай алатын адамдармен профилактикалық сұхбаттар жүргізілуде, деді әділет майоры Қуандық Сартаев.

Раушан НАРБЕК
Түркістан облысы

Сотталғандарға наурыз көже таратылды

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №60 мемлекеттік мекемесінде...

Қызылордада есептегі бес сотталғанның отбасына азық-түлік себеттері таратылды

Наурыз мерекесінің қарсаңында Қармақшы аудан әкімшілігінің ұйымдастыруымен “Наурыз мейірімі”...

Теологиялық оңалту жұмыстарын жүзеге асыру

Атырау облысы бойынша ҚАЖД №79 мекемесінде теологиялық оңалту жұмыстарын...

Сотрудники учреждения №2 Департамента УИС по городу Астана продолжили марафон добрых дел

2-ой день праздика «Наурызнама», который начался 14 марта является...