12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

«Qazaqstan Dauiri» мен «Мөлдір бұлақ» мерейтойларын атап өтті!

Алматыдағы Ұлттық кітапханада «Qazaqstan Dauiri» газетінің алғашқы саны жарық көргеніне 30 жыл, ал газет шекпенінен шыққан «Мөлдір бұлақ» республикалық балалар журналының іргесі қаланғанына 20 жыл толуына орай мерейтойлық конференция өтті.

Еліміз Тәуелсіздік алғанына бір ай өткен соң жарық көріп бастаған «Zaman-Қазақстан» газеті уақыт өте «Qazaqstan Dauiri»-не айналып, осы жылдар ішінде халықтың тыныс-тіршілігін, мұң-мұхтажын үзбей жазып,  көпшіліктің көзайым баспасөзіне айналды. Сондықтан аталмыш жиынға еліміздің түкпір түкпірінен БАҚ басшылары,  белгілі журналистер мен жазушылар, зиялы қауым өкілдері көп жиналып, ел алдында есеп берген  мерейтой иелері «Ұлт шырағы» жинағы мен «Намыс қайрағы» кітаптарының да тұсаукесерін өткізіп, жиналғандарға тегін тартты.

Сондай-ақ жиын соңы «Қазақ баспасөзі: Бүгін және ертеңі» атты конференцияға ұласып, бүгінгі қазақ баспасөзі бетпе бет келіп отырған мәселелер ортаға салынып, мерзімді басылымдардың басшылары атынан Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа арналған  ашық хат та талқыланды. «Барлық басылымдардың соңғы жылдары жазылу көрсеткіші күрт төмен түсіп кетті. Қолымыздан келген ұйымдастыру жұмыстарын істеп жатырмыз. Әсіресе 18 мың кітапханаға бір-бір данадан жазылу жөніндегі ұсынысымыз орындалған жоқ. Сондықтан бұл хатымызды сізге тағы да жолдап отырмыз. Егерде осылай кете берсе, Қазақ баспасөзінің халықпен байланысы нашарлап, өзі де қатары селкеуленіп қалған басылымдар жаппай жабылуы әбден мүмкін. Сондықтан Қадірлі Президент мырза! Қазақ баспасөзін тікелей өз қамқорлығыңызға алуыңызды өтінеміз» деп басталған ашық хатта баспасөзді қолдаудың нақты жолдары да ұсынылған. Осыған дейін де билікке жолданған хаттың мәселесінің әлі күнге шешілмей келе жатқанына жиналғандар алаңдаушылық танытты.

«Баспасөзді оқымау ол надандыққа бей-жайлылыққа, рухани жаңғырмауға, сауатсыздыққа деген тікелей жол салу деп білеміз. Өркениетті, дамыған мемлекеттерде мұндай теріс көзқарас мүлдем жоқ. Оларда газет, журнал оқу мәдениеті әрқашанда жоғары. Қазір ақпаратқа деген халықтың сұранысы артып отыр. Мерзімді басылымдарға қаржылай және рухани жағынан олар қамқорлық жасап отырады. Ол мәселені шетелдерде көп зерттеген сіз жақсы білесіз. Баспасөзге жазылу науқаны алдында қайтадан өзіңізге хат жазуға мәжбүр болып отырмыз. Бұл хатымыз нәтижесіз, аяқсыз қалмайды деп сенеміз. Біз мерзімді басылымдардың таралымын көбейтудің бірнеше жолдарын ұсынамыз» деп бір топ қазақ баспасөзі редакторларының қолы қойылған хат тағы да мемлекет басшысына жолданды. Мәселе шешімін тапса игі!

Мерейтойлық құттықтаулар айтылып, кітаптардың тұсауы да кесілген, қазақ баспасөзінің мәселесі де талқыланған жиын көпшіліктің көңілінен шықты.

Қуаныш Ермекова

Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өткізілді

2024 жылғы 18 сәуір күні кезекті Әдеп жөніндегі кеңес...

Молодежь Алматы помогают в благоустройстве дворов детских домов

В рамках кампании «Алматы – наш общий дом», продолжается...

Алматы жастары балалар үйінің ауласын тазалауда

«Алматы - біздің ортақ үйіміз» науқаны аясында бастау алған...

Алматы жастары «Jas niet» акциясын өткізді

Алмалы ауданының комьюнити орталығының жастары «Алматы – біздің ортақ...

ХІ Республикалық «Үздік лингвист» олимпиадасы-жас ғалымдар алаңы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90 жылдық мерейтойының қарсаңында...