12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Алматы мен Астанада пәтерді жалға алу құны өзгерді ме?

Қазнет қолданушылары Алматы мен Астанада пәтерді жалға алу бағасы өзгергенін айтып жатыр. Tengrinews.kz редакциясы бұл ақпаратты тексеруді жөн көрді.

Әлеуметтік желілерде Ресейдегі ішінара мобилизация фонында азаматтар елден жаппай кетіп жатқаны туралы ақпарат тарап жатыр. Олардың көпшілігі шекаралас елдерге, соның ішінде Қазақстанға қоныс аударып жатқаны айтылды. Осыған байланысты кейбір пәтер иелері жалға беру ақысын қымбаттатып жатыр, дейді Қазнет қолданушылары.

Qumash Telegram-арнасында танымал қазақстандық сайттардың бірінің хабарландыруының скриншоты жарияланды. Ондағы ақпаратқа сәйкес, Алматының Бостандық ауданындағы бір бөлмелі пәтер иесі айына 800 000 теңге сұраған.

«Пәтер иесіне хабарластық. Бұл коммуналдық төлемді қоспағандағы баға екен», — деп жазады топ авторлары.

@thisisalanskiy атты Twitter қолданушысы жалға берілетін пәтерлердің бірінің иесі жіберген хабарламаны көрсетті. Хабарламада «көрші елдегі мобилизацияға байланысты» пәтер ақысын айына 450 000 теңгеге дейін көтеруге мәжбүр екені айтылған.

Сурет: twitter.com/thisisalanskiy

Бұл ретте Krisha.kz хабарландырулар сайтында Төле би мен Сейфуллин көшелері қиылысындағы екі бөлмелі пәтерлерді жалға алу құны 260 мыңнан 450 мың теңгеге дейін жетеді.

Krisha.kz баспасөз қызметі 21-22 қыркүйек аралығындағы жағдай сарапталғанын хабарлады. «Осы кезеңде хабарландыруларда бағаны жаппай өзгерту байқалмағаны» атап өтілді.

«Керісінше, бұрынғы бір ай ішіндегіге қарағанда өзгерістер аз болды. Қазіргі уақытта пәтер жалдау ақысының орташа құны туралы ақпарат мынадай:

  • Алматы — шаршы метріне 5172 теңге;
  • Астана — шаршы метріне 3500 теңге;
  • Шымкент — шаршы метрі 2273 теңге.

Қыркүйектің басына қатысты орташа баға Алматыда 0,6 пайызға өсіп, Астанада бір пайызға төмендеді», — деді баспасөз қызметі өкілдері.

Сотталғандарға QazaQ Classic концерт залында мәдени іс-шара ұйымдастырылды

Астана қаласы ҚАЖД Байқоңыр ауданының пробация қызметі Астана қаласы...

Бостандыққа психологиялық дайындық жүргізілуде

Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті №60 мекемесінің психологиялық қамтамасыз ету тобының...

Первые квартиры получили пострадавшие от паводка жители областного центра

Сегодня в Кокшетау состоялось вручение ключей от квартир пострадавшим...

Су тасқынынан зардап шеккен облыс орталығының алғашқы тұрғындарына пәтерлер берілді

Бүгін Көкшетауда су басу аймағында қалған зардап шеккен тұрғындарға...

Субботник прошел на территории некрополя «Кошкар ата» в Мангистау

В рамках стартовавшей в стране экологической акции «Чистый Казахстан»...