12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Басты міндет – халыққа адал қызмет

Қазақстанда мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттардың жұмыс істегеніне бір жылдан асты. Бұл қатарда Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты да бар. Аталған соттар азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау барысында  әкімшілік органдар, сондай-ақ, жеке және заңды тұлғалар арасындағы құқық теңдігін қамтамасыз етеді.

Әкімшілік сот ісін жүргізу міндетіне жария-құқықтық қатынастарда әкімшілік істерді әділ, бейтарап және уақытылы шешу кіреді. Осы тұрғыдан алғанда Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің жария-құқықтық дауларды шешудегі тиімділігін соттар тәжірибесінен байқауға болады.  

Аталған кодекспен әкімшілік істі жауапкер қатысуынсыз қарау нормасы бекітілген. Бұл үшін істің толық қаралуына ешқандай кедергі болмауы керек. Ал, мүдделі адамдар іске судьяның бастамасымен немесе  процеске қатысушының өтінішхатымен тартылады.

Сот тәжірибесінен айтар болсақ, Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына биылғы 5-қаңтар мен 16-қыркүйек аралығында 487 талап қою туралы арыз түссе, солардың 136-сы сот орындаушылардың әрекеті мен әрекетсіздігіне қатысты болды. Бұдан кейінгі орында салық органдарына байланысты даулары тұр. Мемлекеттік сатып алу, жер, тұрғын үй, өзге де даулар бойынша  және  лауазымды тұлғалардың шешімдеріне байланысты шағымдар үлесі де басым. Жоғарыда көрсетілген мерзімде аталған сотпен 202 әкімшілік іс шешім шығару арқылы аяқталса, солардың 67 пайызы толықтай, 24,2 пайызы ішінара қанағаттандырылған.

Сотқа жүгінушілерге құқықтық сауаттылық тұрғысынан бағыт-бағдар берудің маңызы зор десек, оның нәтижесі тараптардың ортақ мәмілеге келуінен көрінеді.  Мысалы, соттың екі жақты татуластыру үшін қажетті шараларды қабылдап, көмек көрсетуі өз кезегінде талап қоюшылар үшін де өте қолайлы.

Маңғыстау облысының мамандандырылыған ауданаралық әкімшілік сотына берілген шағымдардың 26 пайызының татуласу рәсімдері аясында аяқталуы судьялар еңбегінің жемісі. Осы тұста айтып өтерлігі, әкімшілік істерде дауды татуласу, медиация немесе партисипативтік рәсімдермен шешу мүмкіндігі көзделген.

Жыл басынан бері тараптардың татуласуына, сондай-ақ, жауапкердің талапты толық орындауына, т.б. байланысты 234 іс қайтарылған. Бұлардың  арасында  әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға жатпайтын, яғни, қылмыстық, азаматтық, әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамалармен берілген істер де бар.  

Біздің сотта 21 іс 10 өндіріске біріктірілген. Жеке ұйғарымдардың орындалуы соттар тарапынан қатаң бақылауға алынатынын да айтқан жөн. Жеке ұйғарымдардың ең көбі мемлекеттік мекемелерге – 65, ал, 17-сі жеке сот орындаушыларға, 13-і басқа да әкімшілік органдарға шығарылды.

Егер жауапкер татуласу рәсімдерін жүргізу нәтижесінде жасалған келісімдерді бекіту туралы ұйғарымды орындамаса, оған 50 АЕК мөлшерінде ақшалай өндіріп алу қолданылады. Осыған орай, судьялар процестік мәжбүрлеу шаралары ретінде 28 тұлғаға ақшалай өндіріп алуды қолданды. Мұның ішінде соттың ұйғарымын орындамағаны үшін қайтадан ақшалай өндіріп алу жауапкершілігін арқалағандар да бар. Ақшалай өндіріп алулар республикалық бюджет пайдасына өндіріледі.

Ақшалай өндіріп алу туралы мәжбүрлеу шарасы қолданылатын адамға алдын ала хабарланады. Заң талабына сай, сот әкімшілік істі қараудың созылуына алып келетін әрбір әрекет пен әрекетсіздік үшін 10 АЕК дейін  өндіруге құқылы.

Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты заманауи технологиялық инфрақұрылыммен толықтай жабдықталған. Ақпарат орталығы, кіріс кеңсесі мен фронт-кеңсе жұмыс істейді. Бұған қоса, медиаторлар, адвокаттарға арналған кабинеттер бар.

«Басты – міндет, халыққа адал қызмет» десек, біздің ұжымның да әрбір қызметкері халық үніне құлақ асатын мемлекет құру бағытында еңбек етуде. Бұл тұрғыда әкімшілік әділет институтының алар орны бөлек.

А.Жанабаева,

Маңғыстау облысының мамандандырылған

ауданаралық әкімшілік сотының кеңсе меңгерушісі

В ЗАЩИТУ ПРАВ ЖЕНЩИН И ДЕТЕЙ

Как известно Главой государства 15 апреля текущего года подписаны...

Жеке сот орындаушылар жұмысы жандануда

Қазақстанда жеке сот орындаушылар институты тиімділігін толықтайдәлелдеуде. Оны сот...

Азаматтық істер бойынша сот актілерін орындау

АПК-нің 241-бабына сәйкес, шешім дереу орындау жағдайларын қоспағанда, заңды...

Оңалту процедурасын қолдану

Экономиканы қалпына келтірудің маңызды міндеттерінің бірі барлық тиімсіз және...

Гендерлік теңдік тұрақтылыққа сеп

Соңғы жылдары елімізде әйел мен ердің теңдігі, гендерлік саясат...