12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Си Цзиньпин Қытай әскерін соғысқа дайындалуға шақырды

Қытай басшысы Си Цзиньпин Қытай әскерінің алдында тұрған басты міндеттер туралы айтып өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бейжіңде өткен ұлттық қорғаныс семинарында Си Цзиньпин, әскери кеңестің «бұрын-соңды болмаған табандылық және күшпен» Қытай әскерін реформалау және нығайту стратегиясын толық жүзеге асырғанын баса айтты.

«Реформалардың табысты тәжірибесін саналы түрде қорытындылау және қолдану, жаңа жағдай мен міндет талаптарын түсіну, соғысқа дайындыққа назар аудару, ізденіске және жаңашылдыққа басымдық беру, алға қойылған реформалық міндеттерді жүзеге асыруда байыппен жұмыс істеу және одан кейінгі кезеңдегі реформаларды жоспарлауды нығайту қажет», — деді ол.

Оның айтуынша, «жүзжылдықтың басты мақсаты – қуатты қозғаушы күшке ие болу».

Семинарға ҚКП Орталық Комитеті Саяси Бюросы, Орталық Әскери Кеңес, Халықтық қарулы милиция және Қытайдың әскери академияларының өкілдері қатысты.

Бұған дейін Қытай АҚШ Өкілдер палатасы спикерінің Қытай өзінің құрамдас бөлігі деп санайтын Тайвань аралына сапарына наразылық танытып, Тайвань бұғазында америкалық әскери кемелер пайда болғаннан кейін әскерді дайындыққа қойған болатын.

Қазақстанда «Qazaq Culture» бірегей жобасы іске қосылды

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз...

Тәртіптік комиссия қызметін үйлестіру жұмыстары жалғасуда

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің (бұдан әрі -...

В Каратобинском районе ЗКО от паводка спасают около 400 человек

27 марта село Коржын Каратобинского района Западно-Казахстанской области затопило...