12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Түркістан облысында той кортежінде қосымша жарықшамдарын орнатып, нөмірсіз жүрген жүргізуші жауапқа тартылды

Түркістан облысының полицейлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу мен болдырмау мақсатында, рейдтік-профилактикалық жұмыстарды үздіксіз жүргізіп отырады. Осы бағытта жүргізілген кезекті патрульдеу кезінде Сайрам АПБ қызметкерлерінің назарына той кортежінде жол ережесін өрескел бұзып келе жатқан «Тойота» маркалы көлік ілінді. Нақтырақ айтсақ, Ақсукент ауылы Жібек жолы көшесінде аталмыш жүргізуші көлігіне қосымша жарықшамдарын, дыбыс сигналын орнатып, заңсыз қайта жабдықтаған. Тіпті мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз, қарсы қозғалыс жолағына өтіп, емін-еркін жүрген. Құқық бұзушылықты байқаған сайрамдық сақшылар бірден әрекет етіп, көлікті көшенің қақ ортасында тоқтатты.

Ал көлік иесі Шымкент қаласының тұрғыны, жас жігіт болып шықты. Жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған жас жігітке қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 2-бөлігімен «Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу», 596-бабы 3-бөлігімен «Көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу» және 603-бабы 1-бөлігі «Көлiк құралына арнайы жарық және (немесе) дыбыс сигналдарын беруге арналған құрылғыларды орнату қағидаларын бұзу не жедел және арнайы қызметтер автомобильдерiнiң арнайы түстi-графикалық схемаларын заңсыз жазу» бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Ал көлігі айыптұраққа қойылды. Сондай-ақ айғақты зат ретінде көлік құралына заңсыз орнатылған жарық пен дыбыс сигналдарына арналған құрылғы тәркіленіп алынды. Өз кезегінде жүргізуші кінәсін толық мойындап, жасаған әрекеттері үшін өкініп, алдағы уақытта мұндай бассыздықтарға жол бермейтінін жеткізді. Түркістан облысының полицейлері автокөлік иелерін жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақырады. Жолда жүргенде ережеге бағынуды қатаң ескертеді. Осы орайда кейбір жүгенсіз жүргізушілерге құр мақтанға салынып, соңында опық жеп қалмаңыздар деп кеңес береді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Қабан атып сотталғандар жазасын алды

Адам түгілі төрт аяқты жануардың өзіне құрметпен қарайтын. Тіпті,...

Бір жыл ішінде қайталап жасалған әкімшілік құқық бұзушылық әрекеттер үшін әкімшілік жауаптылық көзделген

       Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық...

Құқық бұзушылықтың жазасы ауыр

Жуырда Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД қарасты...

Келес ауданында заңды бұзған жігітке ескерту берілді

Сотталғандардың мекен жайы бойынша кешкі уақытта тексеру шарасын Келес...

Құқық бұзушылықтың жазасы ауыр

Жуырда Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД қарасты...