12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Елімізде көмірді экспорттауға тыйым салынды

Қазақстанда көмірді автомобиль көлігімен экспорттауға тыйым салынды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, министрлік 14 қыркүйектегі No514 бұйрығымен республикадан автомобиль көлігімен көмір экспортына шектеу қойған.

«Уақытша шектеу тұрғындар мен коммуналдық және әлеуметтік нысандарға арналған көмірдің шекаралас өңірлерге автокөлікпен тасымалданып, қатты отынды көршілес мемлекеттерде қайта сату үшін шығарылған фактілердің анықталуына байланысты енгізіліп отыр, — делінген хабарламада.

Министрліктің бұл шешімі жергілікті көмір тиеу тұйықтары мен өңір әкімдіктерімен бірлесіп әзірленген. Басты мақсат — 2022-2023 жылдарындағы жылу беру маусымы кезеңінде көзделген межені орындау және елдегі көмір тапшылығын болдырмау.

Тоқаев су тасқыны жағдайына байланысты маңызды мәлімдеме жасады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы су тасқыны жағдайына байланысты маңызды мәлімдеме жасады.

Ең бастысы, адам өмірін барынша сақтап қалдық — Тоқаев су тасқыны туралы

Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына тап болған қазақстандықтар тағы да бірлік пен ынтымақ рухын көрсеткенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының отырысын өткізіп жатыр

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясы отырысы басталды.

Көлік нөмірін кімге рәсімдеуге рұқсат етіледі? ІІМ мәліметі

ІІМ-де көлік құралын тіркеу және жүргізушілерді даярлау қағидаларына енгізілген түзетулер туралы айтылды.

Бишімбаев ісі бойынша сот тергеуі аяқталды: ары қарай не болады?

Астана соты Бишімбаевқа қатысты сот тергеуін аяқтады. Келесі кезең - сот жарыссөзі.