Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №10 мекемесінде ( әйелдер колониясы ) жыл сайын өтетін » Ең үздік бақша » атты сайыс өтті.
Түзеу мекемесінің әкімшілігінің рұқсатымен бақшамен айналысатын сотталған әйелдер ерте көктемнен бау — бақшамен айналысады. Осыған байланысты жылдың ең үздік бақшасы атты сайыс өткізілді.
Жылдың » Ең үздік бақшасышы» әдеттегідей 7 — ші жасақтың сотталғаны Н. Самарина атанды. Егінмен айналысу сотталған әйелдердің психологиялық және эмоционалдық жағдайын қалыпқа келтіруге септігін тигізеді. Еккен егіннің жемісін алу сотталған әйелдер үшін өз — өзінің ары қарай дамуына және өздерін жұмыспен қамтуларына осындай шаралар ықпал етеді.