12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Қоғам жемқорлыққа қарсы

Соңғы жылдары елімізде жемқорлыққа қарсы күрес айтарлықтай күшейтілді. Президент қарапайым азаматтар құқығын қорғау мақсатында қызметкерлері жемқорлыққа барған органдардың бірінші басшылары жауапкершіліксіз қалмайтынын ескертті. Қоғамда жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруда барлық мемлекеттік органды белсенді жұмыс істеуге шақырып, Әділет министрлігіне халықтың құқықтық сауатын арттыруға баса мән беруді, ал, Білім және ғылым министрлігіне – жемқорлыққа қарсы мәдениетті балалар бойына ерте жастан сіңіруді қолға алуды тапсырды.

Жемқорлықпен күресте қоғамдық бақылауды күшейтудің, яғни заң шығарушы органдар, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін тарта отырып, мемлекеттік шешімдердің әділдігін қамтамасыз ету маңызды. Мысалы, жер телімдерін бөлу, балабақшадан кезек алу сияқты қарапайым мәселелердің өзі қоғам бақылауынан тыс қалмауы керек. Президент мемлекеттік органдарда қоғамдық кеңестер болғанымен, олардың жұмысына көңілі толмайтынын жасырмады. Осы себепті, азаматтық қоғаммен жұмыс істеу тәсілдерін түбегейлі өзгертуді тапсырды. Қалған бағыттар қатарында бюджеттік саясаттың ашықтығын қамтамасыз ету, жемқорлыққа қарсы қоғамда өңірлердің рөлін күшейту, мемлекеттік қызмет көрсетуде үдемелі цифрландыруды одан әрі дамыту, мемлекеттік сатып алу жүйелерін жетілдіріп, бизнеске әкімшілік қысымды төмендету мәселелері аталды. Мысалы, ысырапшылдыққа жол беріліп, бюджет қаржысы тиімсіз жұмсалса, оның жазасы да ауыр болмақ. Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу соттардың да басты мақсаты.

Мәселен, ҚР Жоғарғы Сотының төрағасы Жақып Асанов VIII съезде судьяларды іріктеу барысында ашықтықтың сақталуын жемқорлыққа қарсы күрестегі негізгі факторға санап, бұл тұрғыда жүзеге асқан жұмыстардан көпшілікті хабардар етті. Төрағаның айтуынша, күніне 20 мың іс қаралатын конвейердегі істің саны 3 есеге қысқаруы, жемқорлық дерегінің азаюына себеп болған. Бұған қоса «Сот төрелігінің жеті түйіні» аясында судьялар мен судьялыққа үміткерлерге қойылар талаптар күшейтілді. Атап айтсақ, «Мінсіз судья» жобасы болашақ судьяларды неғұрлым сапалы іріктеуге және олардың сот төрелігін жүзеге асыру процесіне үлкен жауапкершілікпен келуін қамтамасыз етеді. Сот өндірісіне жаңа технологиялар енгізілуі процесті жеделдетті. Ғаламтор арқылы бақылау мүмкіндігі тек сот емес, сонымен қатар, жалпы мемлекеттік қызметтер ашықтығын көрсетуде. Жалпы жемқорлық, сол сияқты кез келген қылмыстың түп-тамырында адамның өзін және заңды құрметтемеуі жатыр. Осы себепті, Президент айтқандай, азаматтардың құқықтық мәдениеті мен сауатын көтеруді ерте жастан қолға алынып, барлық салада жариялылық пен ашықтықты қамтамасыз ету тетіктері күшейтілсе діттеген мақсатқа жетеріміз анық. Өйткені, жариялылық жемқорлықтың жолын кеседі.

Биназарова Гульнар Мамырбековна, Алматы қаласы Әуезов аудандық сотының судьясы

Жеке сот орындаушылар жұмысы жандануда

Қазақстанда жеке сот орындаушылар институты тиімділігін толықтайдәлелдеуде. Оны сот...

Азаматтық істер бойынша сот актілерін орындау

АПК-нің 241-бабына сәйкес, шешім дереу орындау жағдайларын қоспағанда, заңды...

Оңалту процедурасын қолдану

Экономиканы қалпына келтірудің маңызды міндеттерінің бірі барлық тиімсіз және...

Гендерлік теңдік тұрақтылыққа сеп

Соңғы жылдары елімізде әйел мен ердің теңдігі, гендерлік саясат...

Жемқорлықпен күрес тоқтамақ емес

Жемқорлықпен күрес мемлекетіміздің басты мақсаттарының бірі. Елімізде сыбайлас жемқорлық...