12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

«Қызыңды жоғары оқу орнына грантқа түсіріп беремін деп» тұрғынды алдаған алматылық әйел анықталды

Шардара АПБ-ға арызданып келген жергілікті тұрғын алаяқтықтың құрбаны болғандығын жеткізді. Яғни танысы 2020 жылдың желтоқсан айында «қызыңды жоғары оқу орнына грантқа түсіріп беремін» деп сеніміне кіріп, 1 000 000 теңгесін алған. Аталған жайтты тәртіп сақшылары ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық » бойынша тіркеді.

Шардаралық тәртіп сақшылары тұрғынды алдап, ақшасын алып кеткен күдіктіні қолға түсіріп, қылмысты ашу мақсатында іздестіру шараларын жүргізді. Қажетті деп танылған барлық іс-шараларды жүзеге асырды. Нәтижесінде полиция қызметкерлері күдікті ретінде жұмыссыз, Алматы қаласының тұрғынын анықтады.

Белгілі болғандай, сезікті әйел Шардараға қыдырып келген. Ал алаяқтықпен алған ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жіберген. Тәртіп сақшылары күдіктінің бұдан басқа да қылмыстарға қатыстылығын анықтау үстінде.

Бүгінгі таңда алаяқтық жолмен азаматтарды алдап, сенімге кіріп, соңында полицейлердің көмегіне жүгініп жатқандар көбеюде.
Сондықтан облыс полицейлері мүмкіндігінше сақ болып, кез келген адамға артық сенім білдірмеу керектігін айтады.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Учреждением №2 ДУИС г.Астана был оформлен «Уголок мужества»

История ОВД хранит немало примеров отваги и мужества героев...

Алматыда дәстүрлі «КӨКТЕМ КӨРКІ-ҚЫЗҒАЛДАҚ» фестивалі өтті

Алматы қаласы «Оқушылар сарайы» ұйымдастырған Экология және биология бөлімінде...

№11 мекемесінде қызмет етіп жүрген азамат — Мустафаев Анар Мехти-оглы

Қазақстан-көп ұлтты ел. Әрбір ұлтқа өз діни наным-сенімін ұстанып,...

Шағын футболдан жарыс

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі...