12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

ҚАЗАҚСТАН — ТӘЖІРИБЕЛІ БІТІМГЕР

Қазақстан егемендігінің 30 жылы ішінде ұзақ жолдан өтті. Осы кезең аралығында еліміз экономикалық дамуда, тұрақтылықты, егемендікті нығайтуда зор жетістікке жетіп, халықаралық аренада Қазақстан брендіне деген зор құрмет қалыптастырды. Бүгінде еліміз 2025 жылы және одан әрі қарай Қазақстанды әлемдегі ең дамыған мемлекеттердің біріне айналдыруды мұрат еткен тұжырымдама жасап отыр. Ресей, Қытай және Орталық Азия арасында стратегиялық маңызды позицияға ие бола отырып, Қазақстан өз дамуының ауқымды стратегиясын әзірлеу қажеттігін ұғынды. Сайып келгенде, Қазақстанның да, басқа мемлекеттердің де жалғыз мақсаты – келер ұрпаққа қауіпсіз, ядросыз әлем қалдыру.

Қазақстан сыртқы саясатта да, экономикалық қатынастар саласында да көпвекторлы қағидатты ұстанады. Қазақстан үшін Ресеймен, сондай-ақ Еуропалық Одақ, Қытай Халық республикасы және басқа да серіктестермен ынтымақтастықтың маңызы зор. Бұл ретте ұлттық егемендік мәселесі қашанда бірінші орында тұрады. Сондықтан Қазақстан бүкіл посткеңестік кезең ішінде сыртқы экономикалық өзара іс-қимылға, интеграциялық жобаларға қатысу барысында өзінің ұлттық басымдықтары мен міндеттерін басшылыққа алады. Бүгінде Қазақстан көптеген интеграциялық процестердің бастамашы және белсеңді қатысушысы. Соның бірі Еуразиялық интеграция туралы идея. Осының арқасында Кеден одағы, одан соң Бірыңғай экономикалық кеңістік, ал 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Беларусь, Қазақстан және Ресей негізін салушылар болып табылатын Еуразиялық экономикалық одақ өз жұмысын бастады. Осы жылы Армения Республикасы мен Қырғыз Республикасы ЕАЭО-ның толық құқықты мүшелері болды. XX ғасырдың ортасында қалыптасуы басталған Еуропалық одақ қатарында ЕАЭО әлемде толық экономикалық одақтың екінші үлгісі болып табылды. ЕАЭО саяси бірлестік болып табылмайды. ЕАЭО шеңберінде тек экономикалық ынтымақтастық мәселелері қарастырылады. Одақтың негізгі мақсаты мүше мемлекеттер халқының өмір сүру деңгейін арттыруы, олардың экономикаларының тұрақты дамуы үшін жағдай жасау. Қазақстанның жаһандық дағдарыстар үшін шешімдер іздестіруге қосқан үлесін ерекше атап өткен жөн. 1992 жылы еліміз Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесін (АӨСШК) шақыру процесін іске қосты. Бұл – планетаның ең ірі құрлығында қауіпсіздікті ілгерілетуге арналған бұрын-соңды болмаған құрылым. 2015 жылға қарай конференция 26 елді біріктіретін өте ықпалды форумға айналды. 2010 жылы Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының (ЕҚЫҰ) төрағасы болып, ТМД-дағы осындай мәртебеге қол жеткізген алғашқы ел. Қазақстан өзінің төрағалығы шеңберінде ұйымға жаңа серпін беріп, 11 жыл ішінде Астанада ЕҚЫҰ-ның бірінші саммитін шақыра алды. Бұл бас қосу ЕуроАтлантикалық және еуразиялық қауіпсіздіктің бірыңғай және бөлінбейтін қоғамдастығының стратегиясына ерекше назар аудара отырып, өзі негізделетін қағидаттарды растады. 2011–2012 жылдары Қазақстан Ислам ынтымақтастығы ұйымын (бұдан әрі ИЫҰ) басқарды және басым түрде мұсылман халықтары мен әлемнің басқа халықтары арасында өзара түсіністік қалыптастыру мақсатында елеулі шаралар қабылдады. Сондай-ақ, ИЫҰ-ның адам құқықтары жөніндегі комиссиясын құруға көмектесті. Қазақстанның бастамасы бойынша және оның төрағалығы кезінде Ислам конференциясы ұйымына мүше, 57 елді мемлекет арасындағы ынтымақтастықты көтермелеу жөніндегі неғұрлым ауқымды мақсаттарды көрсету үшін өз атауын Ислам ынтымақтастығы ұйымы деп ауыстырды. Сонымен қатар төрағалығы барысында азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымын құру туралы шешім қабылдады. Қазақстан Сирия дағдарысын шешу бойынша халықаралық күш-жігерге үлес қосып, Сирия оппозициясымен бірқатар келіссөздер жүргізу үшін алаң ұсынды. Бұдан басқа, 2014 жылы және 2015 жылдың басында Украина дағдарысының халықаралық қатысушыларымен бірқатар кездесулер өткізіліп, 2014 жылғы тамызда және 2015 жылғы ақпанда өткен осы мәселе бойынша Минскінің екі саммитін шақыруға және оның қорытынды табысына қол жеткізуге елеулі көмек көрсетілді. Ақырында, Қазақстан Батыс Сахара мен Кот-д ‘Ивуардағы бейбітшілікті қолдау үшін БҰҰ-ның бітімгершілік миссияларына өз бақылаушыларын жіберді. 2015 жылы Қазақстан Астанада Орталық және Оңтүстік Азия үшін зорлық-зомбылық экстремизмге қарсы күрес жөніндегі өңірлік конференция (БНЭ) өткізу арқылы терроризм мен экстремизмге қарсы күрес жөніндегі жаһандық күш-жігерді қолдады, сондай-ақ, Вашингтон мен Нью-Йорк қалаларында өткен БНЭ саммиттеріне қатысты. 2003 жылдан бастап, Қазақстан әрбір үш жыл сайын Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезін қабылдайды. 2017 жылғы 1 қаңт ардан бастап Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болды. ҚР-ның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретіндегі күн тәртібі туралы айта отырып, жалпы Қазақстанның осы бағыттағы қызметін екі негізгі бағытқа бөлуге болады. Біріншісінде Қазақстан БҰҰ ҚК тұрақты емес мүшесі мәртебесінде мүмкіндігіне қарай Беларусь үшін де өзекті болып табылатын Еуро-Азиялық қауіпсіздік аймағында ҰҚШҰ және НАТО, ШЫҰ және АӨСШК, ЕО және ЕАЭО секілді әскери-саяси және геоэкономикалық ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға және байланыстарды қарқындатуға жәрдемдесуге тырысты. Екіншісінде Қазақстан БҰҰ-ға мүше барлық мемлекеттерді, әсіресе Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелерін 2045 жылы БҰҰ-ның 100 жылдығына орай әлемді ядролық қарудан құтқаруға шақырады. Орталық Азия және Кавказ Институты орталығының директоры С.Корнелл және осы институттың негізін қалаушы және құрметті төрағасы проф. Ф.Старр 2020 жылдың соңында «Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Халықаралық делдалдықтағы рөлі»атты жаңа жұмыс дайындады. Зерттеу төрт бөлімнен тұрады. Біріншісі – ҚР-ның тікелей сыртқы саясатына; екіншісі-Қазақстанның Халықаралық ұйымдарға (АӨСШК, БҰҰ, ЕҚЫҰ) және ҚР қатысатын халықаралық дипломатияға қатысуына, орны мен белсенділігіне арналған. Үшінші бөлім ҚР халықаралық бастамаларын қамтиды, оның ішінде бейбіт реттеу бойынша: Таулы Қарабақ қақтығысы, Қырғызстандағы 2010 жылғы дағдарыс, Алматыдағы Иран ядролық бағдарламасы бойынша келіссөздер, Ресей-Украина қақтығысы, ислам әлемінде келісім орнату жөніндегі бастама, 2016 жылғы түрік-ресей қақтығысы және Сирия бойынша Астана келіссөз процесі. Авторлар соңғы онжылдықта Қазақстан Халықаралық даулар мен қақтығыстар шеңберіндегі әлемдік делдалдық келіссөздер процесінде маңызды ойыншыға айналғанын атап өтті. Бұл жерде зерттеушілер ҚР делдалдық рөлінің екі аспектісіне назар аударады. Біріншісі, еліміздің көпвекторлы саясатты жүйелі түрде жүргізуі болса екіншісі Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесті (АӨСШК) шақыру бастамасын көтерген Президент Н.Назарбаевтың жеке рөлі мен белсенділігі. Бұдан әрі бұл бастаманы 2010 жылы ЕҚЫҰ-дағы төрағалық толықтырды. 2017–2019 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі мәртебесіне ие болды. Қазақстан Республкасының халықаралық медиатор ретіндегі табысына екі фактор ықпал етті: біріншісі – Астанада «адал маклерді» көрген басқа қатысушылардың қайырымды еркі; екіншісі – ең бастысы – Қазақстанның нақты бейтарап ұстанымы. Авторлар Қазақстанның халықаралық аренадағы бұрынғы жетістіктері Мемлекет басшысының тұлғасы мен оның беделіне байланысты болғанына назар аударады. Қойылған сұраққа жауап бере отырып, олар оған оң жауап беруге бейім.

Бұған біріншіден, Н.Назарбаевтың мұрагері – тәжірибелі дипломаттың өзі және БҰҰ басшылығының жоғары тобындағы халықаралық шенеунік Қасым-Жомарт Тоқаев екендігін, оның іс жүзінде Қазақстанның көпвекторлы саясатының тең авторы және тікелей жүргізушісі болғанын негіз етеді. Екіншіден, Қазақстанның делдалдық рөлі Орталық Еуразияда Ресей-Түркия, Батыс-Ресей, Батыс-Иран, Қытай-Батыс, Түркия-Қытай (ШҰАА) желілері бойынша және Ауғанстанда түрлі сыртқы және өңірлік күштердің үздіксіз бақталастығының салдарынан сұранысқа ие болады. Бұл жағдайда тәжірибелі және сенімді медиатор ретіндегі Қазақстанның рөлі күрт өседі.

ТҰРМАҒАНБЕТОВА, «Заң газеті»

«Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ректоры бос лауазымына конкурс жарияланды

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ректоры бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Объявлен конкурс на занятие вакантной должности ректора республиканского государственного учреждения «Казахский национальный университет искусств»

Министерство культуры и информации Республики Казахстан объявляет конкурс на занятие вакантной должности ректора республиканского государственного учреждения «Казахский национальный университет искусств» Министерства культуры и информации Республики Казахстан.

Мемлекет басшысы Боао Азия форумы сессиясында сөз сөйледі

Мемлекет басшысы Боао Азия форумының пленарлық сессиясында сөз сөйледі.

Неге алматылық жүргізушілер қауіпсіздік белдігін таққанды ұнатпайды? Полиция статистикасы

Көптеген басқа қаладағы сияқты Алматыда да жүргізушілер мен жолаушылардың қауіпсіздік белдігін таққысы келмеу үрдісі сақталған.

Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге жаңа тыйым салынуы мүмкін

Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаевтың айтуынша, ойын бизнесі, лотерея және лотерея қызметі туралы заң жобасы аясында мемлекеттік қызметшілерге құмар ойындарға тыйым салу мәселесі қарастырылып жатыр.