12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Мас халде көлік басқарған жүргізушіге сот үкімі шықты

Түркістан ҚПБ-ның қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында түрлі іс-шараларды іске асырады. Мәселен, патрульдік полицей Нұрлан Күзжанов қызмет атқару кезінде, сағат 16:00 шамасында қауіпсіздік белдігін тақпай келе жатқан «Тойота Камри» маркалы көлікті тоқтатты.

Содан соң жүргізушінің құжаттарын тексеру барысында оның мас күйіне күмәнданып, медициналық сараптама тағайындады. Сараптама қорытындысына сәйкес автокөлік жүргізушісінің мас күйі расталды.
Полиция қызметкерлері аталған жайтқа байланысты күдікті азаматты қамауға алып, ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру» бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Сонымен қатар заңды шешім қабылдау үшін, жинақталған іс құжаттар Түркістан қалалық мамандандырылған сотына жолданды. Сот аталған жүргізушіні кінәлі деп танып, 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айыруға үкім етті.

Түркістан облысының полицейлері жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және мас халде көлік тізгіндемеуге шақырады.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

№11 мекемесінде қызмет етіп жүрген азамат — Мустафаев Анар Мехти-оглы

Қазақстан-көп ұлтты ел. Әрбір ұлтқа өз діни наным-сенімін ұстанып,...

Шағын футболдан жарыс

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі...

Түркістанда бір күнде 15 сатталған азамат тұрақты жұмысқа жолдама алды

Түркістан қаласында пробация қызметі есебінде тұрғандар, мүмкіндігі шектеулі, субсидияланатын...

ҚазҰУ-да баспагерлік – редакторлық орталық ашылды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінде жазушы, фольклоршы,...