12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Полицейлер ұялы телефон ұрлаған жас жігітті анықтады

Кентау қалалық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арыз түсірді. Оның айтуынша, оның ауласындағы үстел үстінде тұрған «Редми» маркалы ұялы телефонын белгісіз біреу ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келген шығын көлемі 160 000 теңге. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды.

Полиция қызметкерлері қылмысты ашып, күдіктіні ұстау үшін оқиға орнына шықты. Олар көрген-білгендерден сұрастыру жұмыстарын жүргізді. Полицейлердің жедел-іздестіру шарасының нәтижесінде, осы қылмысқа қатысы бар жас жігіт анықталды.

Белгілі болғандай, күдікті жас жігіт түнгі уақытта тұрғынның ұйықтап жатқанын көріп, емін-еркін ашық тұрған есіктен үйге кіреді. Ол оңай олжалы болуды көздеп, жатын бөлмеде тұрған ұялы телефонға көзі түсіп жымқырып кеткені белгілі болды. Қазіргі таңда сезіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға ұрлық қылмысының алдын алу үшін тұрғын үйлердегі қақпаларды жауып, берік құлыптар орнатуға кеңес береді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Су басқан аймақтағы тұрғын үйлерді қалпына келтірмейміз — министр Шарлапаев

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев су тасқыны салдарынан...

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментімен бұзылған құқық қалпына келтірілді

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес, Мемлекеттік қызмет істері...

ДЕПАРТАМЕНТОМ АГЕНТСТВА ПО ДЕЛАМ ГОССЛУЖБЫ ПО ГОРОДУ АЛМАТЫ ВОССТАНОВЛЕНЫ НАРУШЕННЫЕ ПРАВА

Согласно Закону «О государственных услугах» на Агентство Республики Казахстан...

Сотталғандар арасында ойын терапиясы өтті

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мемлекеттік...

Межуниверситетская олимпиада по французскому языку

Друзья прекрасен наш союз!           Олимпиада?  Да, во Франции,  Франция выиграла...