12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Елімізде жеті жастан бастап балаларға COVID-19-ға қарсы вакцина салынуы мүмкін

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас балалар инфекционисті Динагүл Баешева коронавирусқа қарсы екпе алудың ең төменгі жасын қысқарту мәселесі талқыланып жатқанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Баешеваның айтуынша, министрлік әлемнің әртүрлі елдерінде қолданылатын тәжірибелерді жіті қадағалап, мұқият зерделеуде.

“Әрине, біздің консультативтік комитетіміз бұл мәселелерді қарастырып жатыр. Өздеріңіз білесіздер біздің клиникалық хаттамаларымызда барлық инновациялар әрқашан дәлелдемелік базаға, халықаралық ұсыныстарға негізделеді. Бүгін біз барлық құжатты зерттеп, бұл мәселені де қарастырып жатырмыз», – деді Данагүл Баешева Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында.

Бүгінде Қазақстанда 12 жастан бастап балаларға коронавирус инфекциясына қарсы екпе салу бар.

Қазақстанда «Qazaq Culture» бірегей жобасы іске қосылды

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз...

Тәртіптік комиссия қызметін үйлестіру жұмыстары жалғасуда

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің (бұдан әрі -...

В Каратобинском районе ЗКО от паводка спасают около 400 человек

27 марта село Коржын Каратобинского района Западно-Казахстанской области затопило...