12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

«Сот кабинеті» сервисі тағы бір функциямен толықты

Қазақстан Республикасы судьяларының VI съезінде қағаз құжат айналымынан бас тартып, электронды технологияға көшу, сол арқылы жүйе жұмысының ашықтығы мен қолжетімділігін одан әрі қамтамасыз ету міндеттері алға қойылған болатын.

Соған орай, атқарылған ауқымды шаралар электронды сот өндірісінің жаңа қарқында дамуына ықпал етті. Нәтижесінде қазіргі күні жүйе жұмысы жоғары деңгейге көтеріліп, халықтың сотқа деген қолжетімділігінің мейлінше артуына ықпал етуде. Мысалы, соттардың электронды жүйеге көшуі – заман ағымына сай, қағазбастылықтан арылтып, азаматтарға дер кезінде қызмет көрсетуге жол ашты.

Мұның жарқын көрінісі ретінде «Сот кабинеті сервисін» айтуға болады. Аталған сервис арқылы барлық іс жүргізу электронды түрде жүзеге асырылып жатыр. Яғни, сотқа электронды түрде талап арыз беру, сот хаттамаларына ескертпе жасау,  іске қатысушыларға хабарламалар жіберу, т.б. қызметтер кеңінен қолданылуда. Тіпті, азаматтар адвокаттар мен заңды өкілдеріне сенімхатты да  осы сервис көмегімен жолдай алады.

Биылдан бастап электронды сот төрелігін одан әрі жандандыру мақсатында «Сот кабинеті» сервисіне тағы бір жаңа функция, яғни, QR-кодтардың жаңа технологиясы енгізілді.

 Бұл жаңашылдық ел тұрғындарына сот қызметіне жүгінуде барынша ыңғайлылық туғызу, сондай-ақ, бірыңғай стандартқа көшу мақсатын көздейді. Нақты айтқанда, «Сот кабинеті» сервисінде авторизациядан өту және ұсынылатын құжаттарға қол қою тетігі өзгертілді.

Бұдан былай азаматтар Egov mobile мобильді қосымшасынан  Face ID  және Touch ID, яғни, QR-кодты сканерлеу арқылы авторизациядан өтіп, қажетті құжаттарға қол қоя алады. Бұл өзгеріс өз кезегінде ел тұрғындарының қызмет алуын айтарлықтай деңгейде жеңілдетті.

Сервистің жаңа нұсқасы қандай артықшылықтарға ие десек,  ең алдымен азаматтар электрондық цифрлы қолтаңбаны (ЭЦҚ) eGov mobilді қосымшасы арқылы алу мүмкіндігіне ие болды.

Енді ЭЦҚ-ны компютерде алу қажеттілігі болмайды, қазіргі күні тұрақсыз NCALayer арқылы қол қою мәселесі шешілуде. Сонымен қатар, мобильді гаджеттердің қосымша параметрлерінсіз-ақ авторизациядан өтуге және  құжаттарға қол қоюға болады.

Сот қызметінің тиімділігін арттыруда заманауи жетістіктерді оңтайлы  пайдаланудың маңызы зор десек, озық технологияларды жүйе жұмысына дендеп ендіру сот төрелігін  ашық әрі қолжетімді етудің бірден-бір тиімді тәсілі екенін дәлелдеді.

Азаматтардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауда осындай жетістіктерден хабардар болғаны жөн.

Айгүл Сармаева,

Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған

ауданаралық экономикалық сотының

кеңсе меңгерушісі

В ЗАЩИТУ ПРАВ ЖЕНЩИН И ДЕТЕЙ

Как известно Главой государства 15 апреля текущего года подписаны...

Жеке сот орындаушылар жұмысы жандануда

Қазақстанда жеке сот орындаушылар институты тиімділігін толықтайдәлелдеуде. Оны сот...

Азаматтық істер бойынша сот актілерін орындау

АПК-нің 241-бабына сәйкес, шешім дереу орындау жағдайларын қоспағанда, заңды...

Оңалту процедурасын қолдану

Экономиканы қалпына келтірудің маңызды міндеттерінің бірі барлық тиімсіз және...

Гендерлік теңдік тұрақтылыққа сеп

Соңғы жылдары елімізде әйел мен ердің теңдігі, гендерлік саясат...