12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Түркістан облысында тұрғынның ұялы телефонын күштеп тартып алған күдікті ұсталды

Төлеби АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, оған аудан көшелерінің бірінде белгісіз азамат шабуыл жасап, құны 150 мың теңге тұратын «Самсунг» ұялы телефонын тартып алған. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 191-бабы «Тонау» бойынша тіркелді. Оқиға орнына Төлеби АПБ полицейлері шықты. Күдіктіні ұстау мақсатында, тәртіп сақшылары куәлардан жауап алып, басқа да қажетті іс-шараларды жүзеге асырды. Жедел шаралардың нәтижесінде тонау қылмысына қатысы бар күдікті «ізі суымай» қолға түсті. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Анықталғандай күдікті сол сәтте мас халде болған.

Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Айғақты зат ретінде ұялы телефон тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды. Полиция қызметкерлері күдіктінің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын тексеруде.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға қырағы болуды және ұялы телефондарды қараусыз қалдырмауды ұсынады. Егер, сіз, тонаудың немесе бөтеннің мүлкін ұрлаудың құрбаны немесе куәсі болсаңыз, 102 телефоны арқылы полицияға хабарласыңыз.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Сотталғандар арасында ойын терапиясы өтті

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мемлекеттік...

Межуниверситетская олимпиада по французскому языку

Друзья прекрасен наш союз!           Олимпиада?  Да, во Франции,  Франция выиграла...

«Твори добро»: у жителей областного центра Алматинской области появилась аллея волонтеров

В городе Конаев на набережной Капчагая состоялось торжественное открытие...

Более 90 тысяч саженцев посадят  в городах и районах Карагандинской области

90 тысяч саженцев сосны   сегодня  сотни лесников высадят в...

Қарағанды облысының қалалар  және аудандарында 90 мыңнан аса көшет отырғызылады.

Бүгінгі таңда жүзден аса орманшы Кирзавод ауданындағы өртенген орманға...