12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Полицейлер Атырауға жұмысқа
тұрғызып беремін деп алаяқтық жасаған тұрғынды ұстады

Кентау қалалық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші ер адамның айтуынша, оны сырттай танысы «Атырау облысындағы мекеменің біріне жұмысшы ретінде тұрғызып беремін», — деп сендірген.

Содан тұрғыннан 150 000 теңге ақшасын алған алаяқ, жоқ болған. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды. Осыдан соң тәртіп сақшылары күдіктіні табуға бағытталған іс-шараларды атқарды. Нәтижесінде небәрі тәулік ішінде алаяқтық жайтына қатысы бар күдікті ер адам ұсталды. Анықталғандай, ол Атырау қаласындағы аталған мекемеде жұмыс жасайтын жергілікті тұрғын болып шықты. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Бүгінде алаяқтық күннен-күнге белең алып бара жатыр. Адамдар кез келген сәтте алаяқтың құрбанына айналып кетуі мүмкін. Сондықтан Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға барынша қырағы болып, алаяқтарға алданбауға шақырады. Сондай-ақ кез-келген бейтаныс адамдарға сенім артудан абай болыңыздар. Және ақша беру, ақша алу сынды операциялар кезінде мұқият болуды ескертеді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

«Твори добро»: у жителей областного центра Алматинской области появилась аллея волонтеров

В городе Конаев на набережной Капчагая состоялось торжественное открытие...

Более 90 тысяч саженцев посадят  в городах и районах Карагандинской области

90 тысяч саженцев сосны   сегодня  сотни лесников высадят в...

Қарағанды облысының қалалар  және аудандарында 90 мыңнан аса көшет отырғызылады.

Бүгінгі таңда жүзден аса орманшы Кирзавод ауданындағы өртенген орманға...

«САҒЫНЫШ» көркем туындыларының көрмесі ашылды

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Орталық музейі суретші, КСРО және ҚазКСР...