12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Головкин Канеломен жекпе-жектен кейін карьерасын аяқтай ма? Абель Санчес жауап берді

Геннадий Головкиннің (42-1-1, 37 КО) мексикалық Сауль Канело Альвареске (57-2-2, 39 КО) қарсы үшінші жекпе-жегі қазақстандық боксшы үшін шешуші болмақ. Мұндай пікірді GGG-дің бұрынғы бапкері Абель Санчес білдірді, — деп хабарлайды Vesti.kz

Оның айтуынша, трилогияның нәтижесі Головкин карьерасын жалғастыра ма, әлде бокстан кетуге бел буа ма, соны анықтайды.

«Менің ойымша, бұл — GGG-дің соңғы жекпе-жегі. Ол жеңіледі деп ойлағандықтан емес, ол қазірдің өзінде жасаған ісіне, өз тарихына риза деп ойлаймын. Ол Канелоны жеңуі керек. Егер Головкин жеңсе, онда ол жалғастырады. Бірақ жеңе алмаса, спорттан кетеді деп ойлаймын», — деп келтірді izquierdazo.com Санчестің сөзін.

Еске салайық, Головкин мен Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек 17 қыркүйекте Лас-Вегастағы (АҚШ) T-Mobile аренасында өтеді. Канело екінші орта салмақтағы абсолют чемпион атағын алғаш рет қорғайды, ал 40 жастағы Головкинге жаңа дивизиондағы дебюті болмақ.

Учреждением №2 ДУИС г.Астана был оформлен «Уголок мужества»

История ОВД хранит немало примеров отваги и мужества героев...

Алматыда дәстүрлі «КӨКТЕМ КӨРКІ-ҚЫЗҒАЛДАҚ» фестивалі өтті

Алматы қаласы «Оқушылар сарайы» ұйымдастырған Экология және биология бөлімінде...

№11 мекемесінде қызмет етіп жүрген азамат — Мустафаев Анар Мехти-оглы

Қазақстан-көп ұлтты ел. Әрбір ұлтқа өз діни наным-сенімін ұстанып,...

Шағын футболдан жарыс

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі...