12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Жүргізуші куәлігінсіз көлік тізгіндеген жас жігіт 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды

Полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғасының алдын алу мақсатында «Қауіпсіз жол» профилактикалық шарасын ұйымдастыруда. Осы тұрғыда Ордабасы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері сағат 10:30 шамасында «Ауди-80» маркалы автокөлікті тоқтатты.

Оны тексеру кезінде, ер адамның көлік құралын басқару құқығы жоқ екендігі анықталды. Сонымен қатар полицейлер оның масаң күйде екендігіне күдіктеніп, сараптама тағайындады. Сараптама қорытындысына сәйкес жүргізушінің алкогольді мас күйде екендігі белгілі болды. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 6-бөлігі «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру» бойынша тіркеді. Жинақталған іс-құжаттар Ордабасы аудандық сотына жолданды. Нәтижесінде, мас халде көлік тізгіндеген жүргізуші 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, көлік айыптұраққа қойылды.
Түркістан облысының полицейлері көлік басқару құқығы жоқ жүргізушілерге көлік айдамауға кеңес береді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Сотталғандарға QazaQ Classic концерт залында мәдени іс-шара ұйымдастырылды

Астана қаласы ҚАЖД Байқоңыр ауданының пробация қызметі Астана қаласы...

Бостандыққа психологиялық дайындық жүргізілуде

Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті №60 мекемесінің психологиялық қамтамасыз ету тобының...

Первые квартиры получили пострадавшие от паводка жители областного центра

Сегодня в Кокшетау состоялось вручение ключей от квартир пострадавшим...

Су тасқынынан зардап шеккен облыс орталығының алғашқы тұрғындарына пәтерлер берілді

Бүгін Көкшетауда су басу аймағында қалған зардап шеккен тұрғындарға...

Субботник прошел на территории некрополя «Кошкар ата» в Мангистау

В рамках стартовавшей в стране экологической акции «Чистый Казахстан»...