12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Сотталғандарға түсіндірме жұмысы жүргізілді

Түркістан қалалық ПБ бастығы полиция подполковнигі Б.Жанаевтың қатысуымен Түркістан қалалық пробация қызметі бөлімінің инспекторлары және пробация қызметінде есепте тұратын сотталған азаматтармен учаскелік полиция инспекторының қатысуымен қайта қылмыстың алдын алу мақсатында профилактикалық сұхбат өткізілді.

Аталған шараның басты мақсаты — пробация қызметінің есебінде тұрған қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларға сотталғандар тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтардың және қылмыстың алдын алу мақсатында олардың тұрғылықты мекен-жайына барып тексеру жүргізіп, кеңес өткізеді. Сонымен қатар, тіркеуде тұрған азаматтар Түркістан қалалық пробация қызметіне келіп тіркеуден өтті. Олар өздерінің құқық бұзушылық жасамай, өздеріне берілген мерзімін өтеу барысында сот жүктеген міндеттерді бұзбай жүргендерін де көрсетті.

Профилактикалық іс-шараға Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Пробация қызметінің қызметкерлері, инспектор психологі және учаскелік полиция инспекторлары жұмылдырылды. Пробация қызметі есебіндегі қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жаза түріне сотталғандар тарапынан жасалынатын қайталама қылмыстар мен құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында жергілікті учаскелік полиция қызметкерлерімен бірлесіп, есепте тұрған сотталғандарды тұрғылықты мекенжайлары бойынша түнгі уақыттарда да тексеріп, профилактикалық әңгімелер жүргізіп тұрады.

Сондай-ақ, шара барысында пробация қызметінің инспекторлары шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған азаматтар мен бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаға тартылғандарды мекенжайлары бойынша тексеріп, олармен түсіндірме жұмыстарын да жүргізуде.

Пробация қызметінде тіркеуде тұрған азаматтардың басым бөлігі айына екі рет келіп тіркеліп тұрады. Сонымен қатар, кешкісін олардың үйлеріне барып тексеріп тұрамыз. Біз полицияның учаскелік инспекторларымен бірлесіп, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды тексеруге жиі шығамыз. Сонымен қатар, бас бостандығынан оқшалаусыз жазаға тартылған сотталған адамдардың тарапынан құқық бұзушылықтарды немесе қайта қылмыстық құқықбұзушылықтарды дер кезінде анықтау мақсатында, ҚР ІІМ іздеу жүйелері және басқа мемлекеттік органдардың базалары бойынша тексеру жүргізіп отырамыз. Егер сотты болған азамат тұрғылықты мекен-жайында болмаса онда ол адамға акты толтырылады. Сөйтіп, қалалық пробация қызметі бөліміне шақыртылады.

Сотталушы азаматтан үйінде болмауының себебін анықтап, жазбаша түрде түсініктеме алынады. Егер оның берген жауабы өзінің әрекетіне сәйкес келмесе, я болмаса пробациялық бақылаудан жалтарып, сот жүктеген міндеттерді орындамағаны анықталса жазбаша түрде «Ескерту» жарияланады. Ал, ескерту бар болса онда ҚР ҚК-нің 44-бабы 3 бөлімі негізінде бас бостандығын шектеу жазасы бас бостандығынан айыру жасасына ауыстыруға сотқа жолданады. Ал, жазаны сот тағайындайды, — деді Түркістан қалалық пробация қызметі бөлімінің бастығы әділет майоры Ақмарал Торланова.

Раушан НАРБЕК
Түркістан облысы

Жасырын насыбай алып кірмек болған азамат ұсталды

           Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68...

Осужденные посетили концертный зал QazaQ Classic

Службы пробацией района Байконыр ДУИС г. Астаны при поддержке...

Сотталған азаматтар қауіпті аймақтан Қызылордаға эвакуацияланды

Мамандар "Қазгидромет" пен "Қазсушардың" мәліметтіне сүйеніп осындай қадамға барған....

Қызылорда қалалық пробация есебіндегі азамат қауіпсіздігі барынша төмен мекемесіне жіберілді

Қызылорда қалалық пробация қызметінің есебіндегі азаматтармен профилактикалық жұмыстар ұдайы...

Пробация есебіндегі азаматтарға жадынама таратылды

Қазіргі таңда Қызылорда қалалық пробация есесбінде 600-ден астам азамат...