12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Жалған құжатпен шекарадан өтпек болған 2 шетелдіктің ісі сотқа жолданды

Сарыағаш АПБ-ға «Жібек жолы» шекаралық бақылау бөлімшесінің қызметкерлерінен хабарлама түсті. Онда Өзбекстан республикасының 2 азаматы Қазақстан Республикасының шекарасынан өтпек болған кезінде құжаттарында кінәрат бар екендігі көрсетілген.

Хабарламаны алған Сарыағаш АПБ-ның полиция қызметкерлерінен тәжірибелі топ құрылып, бірден оқиға орнына келді. Осылайша ел аумағынан шықпақ болған 2 азаматтың құжаттары мұқият тексерілді.
Нәтижесінде шетелдіктердің құжаттары жалған екені расталды. Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 385-бабы «Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу» бойынша тіркеді.

Қазіргі таңда іс құжаттар жинақталып, заңды шешім қабылдау мақсатында Сарыағаш аудандық сотына жолданды.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері жалған құжат жасатқан жағдайда заң аясында шара көрілетінін ескертеді. Заңға бағынайық!

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Законного представителя оштрафовали за нахождение подростка в ночное время вне дома    

Специализированным межрайонным судом по делам несовершеннолетних Жамбылской области за...

Заңды өкіліне жасөспірімнің түнгі уақытта тұрғынжайдан тыс жерде болғаны үшін айыппұл салынды

Жамбыл облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен...

Алматылық қыз келіншектер тұрмыстық зорлық зомбылыққа қарсы заңның күшейтілуін қолдады

Кеше ғана мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әйелдердің құқықтары мен...

Қызылордада мемлекеттік мекеме басшылары мен қызметкерлері тәртіптік жауапкершілікке тартылды

Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына...